Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

30 қыркүйекте Петропавл гарнизоны әскери прокуратурасының бастамасымен Солтүстік Қазақстан облысының қорғаныс істері бойынша Департаментінде азаматтарды әскерге шақыру мәселелері бойынша әдістемелік-нұсқаулық кеңес өткізілген.

Кеңес жұмысына Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары – облыстық әскерге шақыру комиссиясының төрағасы Владимир Бубенко, облыстың ішкі істер Департаменті, денсаулық сақтау Басқармасы басшыларының орынбасарлары, аудандық әскерге шақыру және медициналық комиссияларының мүшелері қатысты.

Семинар барысында азаматтарды денсаулық жағдайы бойынша әскерден қайтару, әскери қызметке шақыру және әскерге шақыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мәселелері қаралды.

Семинар қорытындысы бойынша әскерге шақырудағы заңдылықтың сақталуы және осы саладағы өзекті мәселелерді шешу бойынша қосымша шаралар қабылданды.

Петропавл гарнизонының әскери прокуратурасы

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.