You are here

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытында атқарылған іс-шаралардың баспасөз-ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда облыстық прокуратурасымен 2015 жылдың І жартыжылдығында кәсіпкерлік туралы заңдардың қолданылуын қадағалау жұмыстары кәсіпкерлердің құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі мобильдік топтардың жұмыстарын жандандыруға,  өңірлік кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп, аймақтағы бизнестің дамуын тежейтін әкімшілік кедергілерді анықтауға бағытталып, бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылды.

Нақтыласақ, облыстық прокуратура органдарымен кәсіпкерлікті қорғауға байланысты 2 тексеру жүргізіліп, анықталған 3 заң бұзушылық бойынша 1 наразылық, 13 ұсыныс енгізіліп, қаралу қорытындысымен 3 кәсіпкердің конституциялық құқықтары қорғалып, 25 тұлға тәртіптік және 2 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ағымдағы жылы мүгедектердің кәсіпкерлікпен айналысу құқықтарының  қорғалуына ерекше мән беріліп, олардың заңды қызметтеріне кедергі келтірген кінәлі тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды.

Нақтыласақ, «Ұшқын» Қызылорда мүгедектерінің оқу-өндірістік кәсіпорны» ЖШС-ның арызы бойынша Қызылорда қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде жүргізілген тексеру нәтижесімен мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарламаны жариялау барысында конкурс мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері арасында өткізілетіні туралы белгі қойылмай (Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 44-1 бабының 2-тармағының 3 тармақшасының талабы бұзылған) мүгедектердің кәсіпкерлікпен айналысу құқықтары бұзылғаны анықталды.

Анықталған заңдылықты бұзушылық бойынша енгізілген прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесімен өткізілген конкурс қорытындылары бұзылып,  мүгедектердің бұзылған құқықтары қалпына келтіріліп, бөлім басшысы тәртіптік жазаға тартылды.

Жалпы, талдаумен қамтылған мерзімде кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары негізінен мемлекетік сатып алуға қатысу барысында жиі бұзылатындығы байқалды.

Нақтыласақ, есепті мерзімде облыстық денсаулық сақтау басқармасына жүргізілген тексеру барысында мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету мақсатында берілген 12 әлеуетті өнім берушінің 60 млн. теңгеден аса кепілді жарна қаражаттары қайтарылмағаны анықталып, кәсіпкерлердің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Осындай заңдылықты бұзушылық Жалағаш аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде де орын алып, әлеуетті өнім беруші «Сыр-Жолдары» ЖШС-нің есеп шотына мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында енгізген 1 480 157 теңге кепілдік жарнасының қайтарылуы қамтамасыз етіліп, кінәлі тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды.

Талдаумен қамтылған мерзімде кәсіпкерлік қызметті тежейтін әкімшілік кедергілерді анықтау мақсатында өңірлік кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп, табиғи монополия субъектілерінің жүйелеріне (су, газ, жылу, электр) қосылу үшін кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын техникалық талаптарды реттейтін заңнаманың қолданылуына тексеру жүргізіліп, нәтижесімен кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштерін қарау мерзімін созбалаңға салу, газ, жылу, электр және су жүйелеріне қосылу үшін қажетті техникалық шарттарды беру барысында заңнамада көзделмеген құжаттарды сұрату фактілері анықталды.

Аталған фактілер бойынша 4 прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, олардың қаралу нәтижелерімен анықталған заңдылықты бұзушылықтар мен оған ықпал еткен себептер жойылып, кінәлі 14 тұлға тәртіптік жазаға тартылды.

Сонымен қатар, есепті мерзімде мемлекеттік органдар мен ұйымдар  тарапынан кәсіпкерлік субъектілерін заңсыз тексеру әрекеттері анықталып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды.

Нақтыласақ, жеке кәсіпкер Серикбаеваның арызын қарау нәтижесімен Қармақшы аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының бас маманы А.С.-ның қызмет бабын пайдаланып, тегін азық-түлік өнімдерін алғаны анықталып, енгізілген прокурорлық ықпал ету актісінің негізінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы тәртіптік жазаға тартылып, лауазымынан төмендетілді.

Жеке кәсіпкер Шаймановға қатысты заңсыз (тіркелмей) тексеру жүргізген Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы А.С. ҚР ӘҚБтК-нің 175-бабының 1-бөлігінің 12-тармақшасымен әкімшілік жауапқа тартылды.

Осындай жеке кәсіпкер Кулмановаға қатысты заңсыз (тіркелмей) тексеру жүргізген Жаңақорған аудандық мал дәрігерлік станциясының директоры,  Жаңақорған аудандық мал дәрігерлік станциясының мал дәрігерлері, Көктөбе ауылдық округі ветеринариялық бөлімше меңгерушісі тәртіптік жазаға тартылса, Жаңақорған аудандық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімінің ветеринариялық дәрігері тәртіптік жазамен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 175-бабы 1-бөлігі 1 және 2-тармақтарымен әкімшілік жазаға да тартылды.

        Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.