Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Еңбекші аудандық прокуратурасымен Елбасының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауындағы кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, мемлекеттік уәкілетті органдармен жасалынатын кедергілерді жою болдырмаудың алдын-алу мақсатында бір қатар жұмыстар атқарылды. Соның ішінде:

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімі аппаратында 2014 жылдың өткен мерзімінде мемлекеттен бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуына, мемлекеттік сатып-алу туралы, экология, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларының қолданылуына тексеру жүргізілді.

Осы жүргізілген тексеруде, Шымкент қаласы Еңбекші аудандық әкімшілігі төменде көрсетілген мердігерлермен келісім-шартқа отырып, салынған нысанның дайын екендігі туралы жұмысшы тобының қорытындысымен қабылдап алу актілері түзілгенімен осы күнге дейін оларға тиесілі 56 128 000 теңге қаражаттарын аудармағаны анықталды.

Осы тексеруде анықталған жағдайларды қорыта келе, жоғарыда аталған жеке кәсіпкерлердің конституциялық құқықтарына нұқсан келтірген Еңбекші аудандық әкімшілігі қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігін шешу жөнінде, аудандық прокуратурамен заңдылықтың  бұзылуын, оларға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс енгізіліп, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талаптарына сай 1 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, сонымен бірге 17 кәсіпкерлердің жеке шоттарына 56 128 000 теңге қаражатты толығымен аударылып кәсіпкерлердің конституциялық құқықтары қорғалды.

ОҚО Еңбекші аудандық прокуратурасы

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.