You are here

Кәсіпкерді заңсыз тексеріп, сыбайлас жемқорлық сипатындағы тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына жолдауында кәсіпкер үшін нағыз кесапат - 50-ден астам заңда көзделген түрлі-түрлі  тексерулер  болып отыр. Кейбір ведомстволар заңнаманы бұза отырып, түрлі сылтаулармен кәсіпорынды бірнеше рет "тексеруге" мүмкіндіктер іздейді. Бұл бизнесті өз ісінен едәуір алаңдатады. Бұл мен жүргізіп отырған саясатқа қайшы келетіндігін және құқық қорғау және басқа да тексеруші органдардың  тексерулерінің санын едәуір қысқартып,  ретке келтіру керек екендігін нақты айтқан болатын.

Алайда, Мұнайлы аудандық прокуратурасымен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінде ҚР «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» және ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының  қолданысына жүргізілген тексеру барысында, Мұнайлы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі Қ. және өртке қарсы қызмет майоры О. жеке кәсіпкер Х. ның жеке иелігіндегі Даулет селосында орналасқан «Қайнар» мейрамханасына заңсыз тексеру жүргізгендігі анықталды.

Осылайша, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі Қ. және өртке қарсы қызмет майоры О. Елбасының жүргізіп отырған салихалы саясатына қайшы келетін іс-әрекеттір жасап, заң талаптарының бұзылуына өрескел жол берген.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, заң бұзушылықтарға өрескел жол берген кінәлі қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық сипатындағы тәртіптік жауапкершілігін шешу мақсатында, Мұнайлы аудандық прокуратурасымен прокурорлық ықпал ету актісі енгізіліп, нәтижесімен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Қ. және О. «қызметіне толық сәйкес еместігі» туралы тіртіптік жауапкершілікке тартылды.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.