You are here

Еңбек инспекциясы Басқармасы заңбұзушылыққа жол берген

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Астана қаласы «Еңбек инспекциясы Басқармасы» МБ-ның лауазымды тұлғалары аудан прокуратурасынан ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Аудан прокуратурасына Житников А.Н. және Сарсенбаев С.Б. -дан арыздар түскен. Шағым бойынша Астана қаласы «Еңбек инспекциясы Басқармасы» МБ (бұдан әрі – Басқарма) жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарастыру жөнінде заңның сақталуы бойынша тексеріс жұмыстары жүргізілді.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 9 бабы 2 тарауының 1-2 тармақшасына сәйкес субъектілер және лауазымды тұлғалар өздерінің қызметтік бабы бойынша әділеттілікті қамтамасыз етіп, жеке және заңды тұлғалардың арыздарын жан-жақты және дер кезінде қарастыру міндетті. Керек жағдайда арызданушылардың қатысуымен жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзылғанын қалпына келтіруде тиісті шаралар қолданылады.
Прокуратура Житников А.Н. және Сәрсенбаев С.Б.-ның арыздарын қарастырғанда Басқарманың лауазымды тұлғалары Исмағұлов Е.С. және Исекеев Н.Б. аталған заңнаманың дөрекі бұзғандықтарын анықтады.
Содан, еңбек инспекторы Исекеев Н.Б. Сарсенбаев С.Б-ның «Global engineering Аstana» ЖШС-ға қатысты тиесілі еңбек ақысын төлемеген туралы арызын қарастырудан бас тартқан. Лауазымды тұлға Заңның 6 бабына сәйкес жұмыс берушімен еңбек келісім-шартын ұсынылмағанына жүгініп арызды қарастырмаған.
Алайда Заңның 6 бабында қандай да бір құжаттарды ұсыну қарастырылмаған.
Мұндай Заңбұзушылыққа жол берген ұқсас жағдай, Исекеев Н.Б. Сыздыкова Ж.К.-ның арызын қарастырудан бас тартқан.
Сөйтіп, мемлекеттік еңбек инспекторы Исекеев Н.Б. Сарсенбаев С.Б. және Сыздыков Ж.К.-ның арыздарын қарастыру дан бас тарту кезінде ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның 12 бабы 1 тармағы 10 тармақшасында қарастырылған жемқорлыққа жол берілетін заңбұзушылық анықталды.
Сондай-ақ, прокуратура Басқарманың мемлекеттік еңбек инспекторы Исмагулов Е.С.-тың Житников А.Н.-ның арызын қарастырудан бас тарту бойынша Заңбұзушылық фактісі анықталды.
Сөйтіп, Исмагулов Е.С.-қа көрсетілген арыздар бойынша, Житников А.Н.-ның құқығы бұзылғандығын қалпына келтіру бойынша нақты шаралар қолданылды.
«Есіл» ауданы прокуратурасының тексерісі нәтижесінде «Еңбек инспекциясы Басқармасы» МБ-на мемлекеттік еңбек инспекторы Исмагулов Е.С. Заңның 12 бабы 2 тарауына сәйкес тәртіптік жауапкершілікке, ал мемлекеттік еңбек инспекторы Исекеев Н.Б. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының 12 бабы 1 тарауы 10 тармақшасына сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныс жіберілді.
Ұсыныс толық көлемде қарастырылды.
Астана қаласы, «Есіл» ауданы прокуратурасы.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.