You are here

Бейнеу ауданының прокуратурасымен «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК-на тексеру жүргізілді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бейнеу ауданының прокуратурасымен 2013 жылдың қаңтар-ақпан айларында Бейнеу ауданында орналасқан «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК-на тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында, Кәсіпорын директоры Е. 2008-2012 жылдары аралығында Кәсіпорында жұмыс атқармаған тұлғаларға жалақыны негізсіз аудара отырып, қызметтік жалғандық жасау арқылы 2 млн. теңгеден астам бюджеттік ақшаны иеленіп, ұрлағаны анықталды.

Атап айтқанда, Кәсіпорынның директоры Е. және оның шаруашылық жөніндегі орынбасарлары А., К. қызмет бабын пайдаланып, жұмыс жасамаған А.Бақытұлының осы Кәсіпорында  ешқандай  жұмыс  жасамағанын біле тұра, 2008 жылдың қыркүйек айынан бастап 2013 жылдың қаңтар айы аралығында жалған мәліметтер, яғни жалған сағаттарды енгізу арқылы 977 600 теңге жалақы аударып, бұл ақшаны өзінің пайдасына жаратып, иеленген.

Аталған дерек бойынша аудан прокуратурамен 26.02.2013 жылы Е.-ға, А.-ға және К-қа қарсы 2 қылмыстық іс қозғалды, яғни Қазақсатан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 176-бабы 3-бөлігі «б,г» тармақтарымен (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу) және осы Кодекстің 314-бабының 1-бөлігімен (қызметтік жалғандық жасау).

Аудан прокуратурасымен қозғалған қылмыстық істер бойынша нұсқау беріліп, Бейнеу аймағы бойынша қаржы полиция бөліміне тергеу амалдарын ұйымдастыру үшін жолданылды.

Алдын-ала тергеу кезінде, Е.-дың тарапынан Кәсіпорында ешқандай  жұмыс  жасамаған тұлғаларға жалған сағаттарды енгізу арқылы 1 000 000 теңгеден астам жалақы аударып, бұл ақшаны өзінің пайдасына жаратып, иелену деректері анықталған.

Аталған қылмыстық іс айыптау қорытындысымен Бейнеу аудандық сотына жолданылып, аудандық соттың үкімімен Е. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 176-бабы  3-бөлігінің «б,г» тармақтарымен және осы Кодекстің 314-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық іс әрекеттерді жасағандығы үшін шартты жазаға сотталып, прокуратураның талап арызы бойынша оның пайдасынан мемлекет пайдасына 2 074 323 теңге өндірілген.

К. және А. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 314-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағандығы үшін кінәлі деп танылып, 180 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалған.

Сонымен қатар, рақымшылық актісіне байланысты жазадан босатылған.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.