Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2015 жылдың 10 айында облыс соттарымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 34 тарауында көзделген әкімшілік сыбайлас жемқорлықпен байланысты 3 (2014 жылдың 10 айында - 4) тұлғаға қатысты  3 (4) әкімшілік іс қаралған.

Оның ішінде, 1 іс жеке тұлғаның заңсыз сыйақы беруіне (Кодекстің 676 бабы), 2 іс бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамды жұмысқа қабылдауға (681 бабы) байланысты қаралып, құқық бұзушылардың барлығына да айыппұл салу жазасы тағайындалған.

Былтырғы жылдың салыстырмалы кезеңінде 2 іс тұлғаның заңсыз сыйақы беруіне (Кодекстің 533 бабы), 1 іс заңды тұлғаның осындай әрекетіне (534 бабының 1 бөлігі) және 1 іс бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамды жұмысқа қабылдауға (537-1 бабы) байланысты қаралып, құқық бұзушыларға айыппұл салынған.

Мәселен, Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 26.02.2015 жылғы қаулысымен С.Иманғазы Кодекстің 676 бабымен кінәлі деп танылып, оған 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 396 400 теңге әкімшілік айыппұл салу жазасы тағайындалған.

С.Иманғазының 17.02.2015 жылы сағат 12.00 шамасында Атырау қаласы, Махамбет-Темірханов көшелерінің қиылысында маркасы «Ваз-21014» мемлекеттік белгісі 614 ADA 06 автокөлігімен жол қозғалысы ережелерін бұзып, автокөлікті жолдың қарсы бағытына арналған жолмен жүргізіп келе жатқан кезде бейнекамераға түсіріліп, жол-патрульдік полициясы қызметкерімен тоқтатылып, Кодекстің 596 бабының 3 бөлігімен хаттама толтыру кезінде лауазымды тұлғаға 2000 теңге пара бергендігі анықталған.

Сот қаулысы 10.03.2015 жылы заңды күшіне енген.

Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау барысында прокуратурамен анықталған тәркілеуге жататын мүлікті тыйым салудан заңсыз босату фактісі бойынша екі сот орындаушыға (Е.Шералиев ҚК-тің 308 бабының 2 бөлігімен, Б.Макашев 24 бабы 3 бөлігі, 308 бабы 2 бөлігімен)  қатысты сотпен 12.03.2015 жылы және 27.03.2015 жылы үкім шығарылып, олардың екеуіне де 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды. 

Атырау облысының прокуратурасы

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.