You are here

Азаматтардың еңбек құқықтарының қорғалуы қамтамасыз етілді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабының 2-бөлігіне сәйкес, әркімнің еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына құқығы бар.

2014 жылдың 11 қарашасындағы Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа жолдауында бейбітшілік – ол тұрақты жұмыс, жалақы және ертеңгі күнге деген сенім, бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпы халықтық жетістік екені атап өтілген.

Өз кезегінде, азаматтардың конституциялық құқықтарының, оның ішінде еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету прокуратура органдарының негізгі басымды бағыттарының бірі болып табылады.

Аталған азаматтардың конституциялық құқықтың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында облыстық прокуратура органдарымен атқарылған қадағалау шараларының нәтижесінде 2014 жылы 35 заңды тұлғаның 9 519 қызметкерлеріне 742,4 млн. теңге жалақы қарыздары төленген.

Жыл басынан жалақыдан қарыздары бар ұйымдардың саны 9-дан (1116 қызметкерге) 1-ге (113 қызметкерге), жалпы қарыз сомасы 49 млн. теңгеден 11,6 млн. теңгеге төмендетілуіне қол жеткізілді.

Еңбек заңнамасын бұзған 52 лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққа және 93 тұлға тәртіптік жазаға тартылған.

Прокуратура органдарының бастамасымен мүдделі органдармен бірлесіп азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бағытында белгіленген іс-шаралар жүргізілуде.

Нақтыласақ, еңбек саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, аймақтағы жалақы қарыздары бар ұйымдарды анықтау және қалыптасқан жалақы қарыздарын өндіру, кінәлі тұлғаларды әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тарту бағытында жұмыстар атқарылуда.

Дегенмен, бұл бағыттағы жұмыстарды атқаруда уәкілетті органның үлесінің мардымсыздығын, азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуы негізінен прокуратура органдарының пәрменді шараларының нәтижесінде атқарылып жатқанын атап өткен жөн.

Мысалы, бірнеше жылдар бойы жалақыдан қарыз ұйымдар тізіміне енгізіліп келген «Күрделі құрылыс басқармасы» ЖШС-нің 852 жұмысшыларының алдындағы 33,5 млн. теңге қарыздары қалыптасқандығы туралы нұсқамалар негізсіз берілгендігі анықталып, прокурорлық қадағалау актісімен олардың күштері жойылды.

Еңбек инспекторларының өз қызметтік міндеттерін тиісінше атқармай, өтініштерді толық және жан-жақты қарамауы, азаматтардың бұл инспекцияға деген сенімсіздігін білдіріп, прокуратура органдарына негізді шағымдануына себеп болатындығы байқалады.

Мысалы, азамат Ш.Садықовтың арызы бойынша «Тереңөзек кенті Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында тексеру жүргізген еңбек инспекторы А.Саржанов кәсіпорын басшысымен еңбек заңнамасын бұзу фактілеріне қатысты тиісті шара қолданбай, арыз иесіне сотқа жүгінуді түсіндірген.

Сырдария аудандық прокуратурасымен жүргізілген тексеру нәтижесімен азамат Ш.Садықовтың бұзылған еңбек құқықтары қалпына келтіріліп, еңбек инспекторы А.Саржанов сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылыққа жол бергені үшін тәртіптік жазаға тартылды.

Қазіргі уақытта орта және шағын бизнес субъектілеріне тексеру жүргізуге шектеу аяқталғаннан кейінгі жүргізілген мониторинг нәтижесінде аймақтағы жалақыдан қарызы бар ұйымдардың саны анағұрлым көп екені анықталып, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған тиісті іс-шаралар атқарылуда.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.