You are here

«Айыппұлды төлеуден жалтарғаны үшін жазаға кесілді»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Оқырманға түсінікті болу үшін атап өтейін,  ОҚО, Ордабасы ауданы Шұбарсу ауыл әкімі Ж.С.-деген азамат 12 мамыр 2015 жылы сағат 18-00 өзінің қызметтік кабинетінде А.С. деген азаматтан жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге арналған жер телімін беру жөнінде шешім шығарамын деп, айтарлықтай мөлшерде, яғни 150 000 теңге пара алғаны үшін күдікті ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлерімен ұсталған болатын.

Күдікті деп танылған Шұбарсу ауыл әкімі өзіне тағылған айыпты толық мойындап, өзге адамдарға қарыз болғандықтан, пара алуға барғандығын көрсеткен болатын.

ОҚО, Ордабасы аудандық сотының 23 маусым 2015 жылғы үкімімен Шұбарсу ауыл әкімі Ж.С. деген азамат ҚР ҚК-нің 366 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып,оған осы баппен жеке мүлкін мемлекет пайдасына тәркілеп, өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды атқару құқығынан айыра отырып, 150 000 теңге параның 60 еселенген мөлшерінде 9 000 000  теңге айыппұл салынған болатын.

Сот үкімімен салынған айыпұлды заңда белгіленген мерзімде орындамай, сот орындаушылардың бернеше ескертулеріне қарамай, айыппұлды төлеуден жалтарғаны үшін, сот орындаушының ұсынысымен бұрынғы Шұбарсу ауыл әкімі Ж.С.-деген азаматқа сот үкімімен тағайындалған айыппұл жазасы, Ордабасы аудандық сотының  21 қыркүйек 2015 жылғы қаулысымен ҚК-нің 366 бабының 2 бөлігімен 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Ендігі жерде, бұрынғы ауыл әкімі сотпен тағайындалған 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтейтін болып белгіленді.

Жазасын өтеу мерзімі, ол қамауға алынған сәттен бастап есептелетін болады.

ОҚО прокуратурасының

10-Басқарма бастығы Р.Абдраимов

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.