You are here

Ауылдық округтің әкімі салық декларациясын уақтылы ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 Аудан прокуратурасымен Шыңғырлау ауданының аумағындағы мемлекеттік қызметшілермен салық есебін уақтылы ұсынылуына қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг тұрақты түрде жүргізіледі.

 Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 11-бабына сәйкес қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында осы бапта айқындалған адамдар жеке тұлғалар кірістері мен мүлкі туралы декларациясын ұсынады.

 Мониторингпен аудандағы жекелеген мемлекеттік қызметшілермен мемлекеттік кірістер органдарына жеке табыс салығымен мүлкі бойынша декларациясын белгіленген мерзімді бұза отырып ұсынғаны анықталды. Ал соңғыларға салық декларациясын уақтылы тапсыру жөнінде ағымдағы жылдың басында хабарланған болатын.  

 Сонымен, Шыңғырлау ауданының Қарағаш ауылдық округінің әкімі Д.Қуанышқалиевпен және оның жолдасы А.Жақаевамен декларация тек 2016 жылдың 6  сәуірінде тапырылған.   

 Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 186-бабының 1-тармағына сәйкес Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жеріндегi салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей ұсынылады.

 Заң бұзушылықтарды жою туралы енгізілген ұсыныстың негізінде, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасымен жоғарыда аталған тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 274-бабының 1-бөлігіне сәйкес 50 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 Қаулы заңды күшіне енді.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.