You are here

Атқарушылық өндірістері бойынша сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын заң бұзушылықтар анықталған

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Төлеби аудан прокуратурасымен сол аумақтық бөлімінің сот орындаушыларымен 2014 жыл мен 2015 жылдың 9 айында қылмыстық және әкімшілік істер негізінде мемлекет пайдасына мүлкін тәркілеу туралы атқару өндірістерінің орындалу заңдылығына қатысты 1 тексеру жүргізіліп, сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын заң бұзушылықтар анықталған.  

Атап айтқанда, 30.06.2014 жылғы Төлеби аудандық сотының атқару парағы негізінде борышкер Е.Нурмахановтың жеке меншігіндегі барлық мүлкін тәркілеу туралы 04.08.2014 жылы қозғалған атқару өндірісі бойынша сот орындаушысы Д.Асилбековпен (қазіргі таңда Түлкібас аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы) борышкердің атына тіркелген: Төлеби ауданы Зертас ауылында орналасқан (кадастрлық нөмірі 19-298-029-541) тұрғын үйі, құрылыс объектілері мен жер учаскесін мемлекет пайдасына тәркілеуге қатысты шараларды қабылдамай (аталған мүліктерге «ОРТА» микрокредиттік ұйым» ЖШС-мен 21.07.2010 жылы және қылмыстық іс шеңберінде Төлеби АІІБ-мен 23.05.2014 жылы тыйым салынған), 21.10.2014 жылы атқару өндірісін қайтару туралы заңсыз қаулы қабылдаған және бұл қаулы аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы Б.Біләловпен бекітілген.

Осы мағыналас құқық бұзушылық 21.02.2014 жылғы атқару өндірісі бойынша борышкер К.Мамбеткулованың мүліктерін тәркілеу туралы атқару өндірісі бойынша да орын алған.

Анықталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында аудан прокуратурасымен ОҚО әділет Департаментіне заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілген.

Ұсыныстың қаралу нәтижесімен ОҚО әділет Департаментінің 12.06.2015 жылғы 540-т және 541-т бұйрықтары негізінде сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылыққа жол бергені үшін ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12-бабы 1-тармағы 10-тармақшасына сәйкес Төлеби аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы Б.Біләлов пен Түлкібас аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы Д.Асилбеков «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершіліктеріне тартылған.

ОҚО прокуратураның

сотта мемлекет пайдасына

өкілеттік жасау басқармасы 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.