You are here

Астана: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтамағаны үшін 28 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

11 шілде 2011

Астана: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтамағаны үшін 28 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып танылған, тиісінше, заңдарды қолдану, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтаудағы прокурорлық қадағалау саласында да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қадағалау басым бағыт болып саналады. Бұл ретте, қоғамдық өмірдің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету негізгі мақсат болып табылады.

Ағымдағы жылы Астана қаласы «Алматы» ауданының прокуратурасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына байланысты Астана қаласының денсаулық сақтау, халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, Су ресурстарын пайдалану және қорғауды реттеу бойынша Есіл бассейндік инспекциясы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің агроөндірістік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясы, салық органдары, сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы мемлекеттік мекемелерінде тексерулер жүргізді.

2011 жылдың 6 айында прокурорлық қадағалау актілері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтарға байланысты 28 лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылды.

Бұл ретте, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңбұзушылықтарға байланысты 21 тұлға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартылса, 7 тұлға азаматтардың өтініштерін тиісті түрде қарамағаны және лицензия мен басқа да рұқсат құжаттарын беру тәртібін бұзғаны үшін жауапқа тартылғанын атап өту қажет.

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы N 371-IV Заңымен сыбайлас жемқорлық әрекеттер үшін жауапкершіліктің күшейтуге бағытталған бірқатар нормалар көзделген. Атап айтқанда, енгізілген өзгерістерге сәйкес, шешім қабылдау кезінде заңды тұлғаға заңмен көзделмеген артықшылық көрсетумен негізделген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін атқаратын лауазымынан босату түріндегі жаза белгіленген.

Мысалы, «Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының Онкологиялық диспансер» МҚКК-дегі тексеру нәтижесі бойынша осы мекеменің сатып алу бөлімінің бастығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңа талаптарының негізінде, сыбайлас жемқорлық әрекет жасағаны үшін қызметінен босатылды.

Жалпы, комиссия мүшелері тарапынан мемлекеттік сатып алу бойынша шешім қабылдау кезінде заңды тұлғаға заңда көзделмеген артықшылық көрсетілуіне байланысты, Онкологиялық диспансердің бас дәрігері мен басқа да 5 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.