You are here

Алматы :Сыбайлас жемқорлықпен жауапқа тартылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

10 маусым 2011 

Алматы :Сыбайлас жемқорлықпен жауапқа тартылды

Алматы қаласы Медеу аудандық прокуратурасы тарапынан «жалпығабілімберетін №29мектеп» мемлекет мекемесіне тексеру жүргізілді. Алматы қалалық білім басқармасына қарайтын аталған мектепте білім туралы заңдылықтың қолданылу барысы анықталды. Яғни, аталған мектепте 4 бірдей шетел азаматтардың балалары заңсыз оқитыны белгілі болды. Олар:Сергей Березюк 1997 ж.т.,(Ресей), Александр Пьянков 2000 ж.т.(ресей), Александр Лозовой 202 ж.т.,(Кыргызстан) және Пожидаев Владимир 2001 ж.т.(Узбекистан). ҚР «Білім туралыә заңының 8 бабының 2 бөліміне сәйкес Қазақстанда тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқтар білім саласының өкілетті органдарының бекіткен тәртібі бойынша Қазақстан азаматтарымен тең дәрежеде мектепке дейінгі , бастауыш,негізгі орта білім және жалпы орта білім алуға құқылы. ҚР Білім және ғылым министрлігінің бекіткен арнайы ережесіне сәйкес егер балалардың ата-аналары Қазақстан Республикасында тұрақты не уақытша тұрып жатса, шетелдіктер мен азаматтығы жоқтарға білім беруді ұйымдастыруда Қазақстан Республикасы азаматтарымен тең дәрежеде жағдай жасалынады. Аталған Ереженің 4 тармағында төмендегі жай қарастырылған. Егер 16жасқа дейінгі баланың ата-анасы не заңды өкілі баланың білім алуын ұйымдастыру үшін Қазакстан Республикасында тұрақты не уақытша тұрып жатса, шетелдіктер мен азаматтығы жоқтарға білім беруді ұйымдастыруды Қазақстан Республика азаматтарымен тең дәрежеде жағдай жасалған. Аталған Ереженің 4-тармағында төмендегі жай қарастырылған. Егер 16 жасқа дейінгі баланың ата-анасы, не заңды өкілі баланың білім алуын ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға құқысы бар тұрғылықты жеріне тіркелген құжатын әкелуі керек. Яғни, шетелдік үшін Қазақстан Республикасында тұру құқы, ал азаматтығы жоқтар үшін азаматтығы жоқ күәлігі қажет. Алайда, 6-сынып оқушысы С.А. Березюктың жеке өмірбаяны туралы құжаттарын (ісін) тексеру барысында оның анасына яғни, Александра Березюкке ҚР Әділет министрлігінен 28.07.2005 жылы берілген №018153711 жеке күәлігінің көшірмесі болғаны анықталды. Ал, шындығында А.Н. Березюк 1978 ж. туылған және Ресей Федерациясының азаматы, сондай-ақ 13.04.2007 жылы берілген Ресей Федерациясының паспорты да бар. Мұндай заңбұзушылықтар 4 «б» сынып оқушысы А.И. Пьянковқа, 2 «б» сынып оқушысы А.А. Лозовойға және 3 «а» сынып оқушысы В.Д. Пожидаевқа да қатысты орын алған. Сондықтан, №29 мектеп директоры М.И. Жұмалиева шетелдіктердің балаларына білім беру мәселесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң бұзушылыққа қатысты заңбұзушылыққа жол берген. Сондықтан №29 мектеп директоры М.И. Жұмалиеваның заң бұзғаны үшін Алматы қалалық білім басқармасына ұсыныс енгізіліп, мектеп директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылып, сыбайлас жемқорлық белгісімен «сөгіс» алды. 

Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.