You are here

«28 адам өмір бойына мемлекеттік қызметтен аластатылды»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

1 қаңтар 2015 жылдан қолданысқа енгізілген Қылмыстық Кодекстің 50 бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасаған адамдарға міндетті түрде өмір бойына мемлекеттік қызметтерде лауазымдарды атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза тағайындалады.

Сонымен бірге, қылмыстың бұл түрін жасаған адамдарға шартты жаза қолданылмайды.

Сондай-ақ, 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген жаңа Қылмыстық Кодекстің талаптарына сәйкес, пара алу, беру және парақорлыққа делдал болумен  байланысты қылмыстық істер бойынша бас бостандығынан айыру жазасына баламалы ретінде, параның еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл жазасы көзделген, бұл кінәлі адамның жеке мүлкін мемлекет пайдасына тәркілеумен қатар қолданылатын болып белгіленді.

Ағымдағы жылдың 8 айында ҚК-нің 361, 366 және 367 баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін 28 адам өмір бойына мемлекеттік қызметтерде лауазымды атқару құқығынан айырылып, олардың жеке мүлкін тәркілей отырып  барлығы 275 млн теңге айыппұл салынды.

Бүгінгі күнге сотталғандармен мемлекет қазынасына 99,8 млн теңге айыппұл нақты төленді, қалған айыппұлдар орындалу сатысында.

Атап өту қажет, сотталғандар параның еселенген сомасы мөлшеріндегі айыппұлды заңда белгіленген тәртіпте және мерзімде мемлекет қазынасына төлеуден жалтарған жағдайда, ҚК-нің 41 бабына сәйкес, пара алу, беру және парақорлыққа делдал болумен байланысты Қылмыстық Кодексінің Ерекше бөлімінің бабында көзделген санкцияның шегінде бас бостандығынан айырумен ауыстырылатын болады.

Үстіміздегі жылдың 8 айында айыппұл жазасын төлеуден жалтарған 2 сотталғандарға қатысты айыппұл түріндегі жазаны, бас бостандығынан айыру жазасымен алмастыру туралы 2 ұсыныс сот орындаушылармен сотқа берілді, олар негізінен қаралуда.

ОҚО прокуратурасының

10-басқарма бастығы Р.Абдраимов

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.