You are here

2 000 000 теңге бюджет қаржысын жымқырғаны сыбайлас- жемқорларға сот үкімі шықты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Аудан прокуратурасымен ағымдағы жылдың өткен мерзімінде Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының орындалуына жүргізілген тексеру нәтижесімен, іс жүзінде Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы №33 үйдің 1,2,3 корпустары 8 лифтерді демонтаждау қызметі бойынша жұмыстар жеке кәсіпкер Н.С.Анарбековпен мүлдем орындалмағанына қарамастан, «Тұрғын үй» МКК-ның бұрынғы директоры Н.А.Турежановпен жеке кәсіпкер Н.С.Анарбековтың атына жұмысшының айлық жалақысын төлеу үшін деп 2 000 000 теңге бюджет қаржысын төлеп, аталған сомманы жымқырғаны анықталған. 

Аталған лифтерді демонтаждау қызметі бойынша жұмыстар «Эдесса Инжиниринг» ЖШС-мен атқарылған.

Аудан прокуратурасымен бұл факті бойынша 21.02.2015 жылы ҚР ҚК-нің 176 бабының 3 бөлігінің «б,г» тармақтары және 325-бабының 1-бөлігімен сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстық істер қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесі бойынша қылмыстық істер 08.05.2015 жылы айыптау актісімен сотқа жолданған.

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының  08.06.2015 жылғы айыптау үкімімен Н.А.Турежанов ҚР ҚК-нің 176 бабының 3 бөлігінің «б,г» тармақтарымен кінәлі деп танылып, жеке мүлкін тәркілеп, мемлекеттік органдарда 5 жылға қызмет ету құқығынан айырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жаза тағайындалған.

ҚР ҚК-нің 58-бабының 6-бөлігіне сәйкес, үкімдердің жиынтығына байланысты түпкілікті ҚР ҚК-нің 176 бабының 3 бөлігінің «б,г» тармақтарымен кінәлі деп танылып, жеке мүлкін тәркілеп, мемлекеттік органдарда 5 жылға қызмет ету құқығынан айырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жаза тағайындалған.

Ал, ҚР ҚК-нің 325-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс ескіру мерзімінің өтуіне байланысты өндірістен қысқартылған.

Мемлекетке келтірілген  2 000 000 теңге залал бюджетке кері қайтарылған.

Қазіргі таңда сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

ОҚО Әл-Фараби ауданының прокуроры

аға әділет кеңесшісі Х.Маматаев

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.