You are here

10 мың теңге сомасында пара алғаны үшін полиция қызметкері жаза ретінде 0,5 млн. теңге айыппұл төледі

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2014 жылдың шілде айында Теміртау қаласының  Ішкі істер басқармасының инспекторы газ қаруын алу, сақтау және алып жүру құқығына рұқсат беру құжаттарын ресімдеу үшін 10 мың теңге пара алу кезінде ұсталған.

2015 жылдың 01-сәуірінде Теміртау қалалық сотының үкімімен аталған полиция қызметкері пара алу дерегі үшін сотталып, оған 500 мың теңге айыппұл төлеу жазасы тағайындалып, 5 жылға дейін мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ұйымдастырушылық-өкімшілдік, әкімшілік-шаруашылық функцияларымен байланысты лауазымдар атқаруға тыйым салынған.

2015 жылдың 15-сәуірінде адвокат аталған сот үкімін бұзу және ақтау туралы апелляциялық шағым берген.

Теміртау қаласының прокуратурасы апелляциялық шағымға наразылық келтіру нәтижесінде апелляциялық шағымды қараудан бас тартылып, үкім өзгеріссіз қалдырылған.

Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі 

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.