You are here

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері

Бас прокуратураның брифингі (2016 жылғы 19 қазан)

18 қазанда Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік басқармасы 1 млн. теңге көлемінде пара алу кезінде Ақмола облысы аудандарының біріндегі прокурор орынбасарын қылмыс үстінде ұстады.

БАҚ өкілдеріне ақпарат

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Ішкі қауіпсіздік басқармасы Ақмола облыстық прокуратурасының қызметкерін пара алғаны үшін ұстап, уақытша оқшаулағышқа қамады. Қызметкердің ұсталу мән-жайы, сонымен бірге тергеу барысы БАҚ-қа қосымша жарияланатын болады».

Ауылдық округтің әкімі салық декларациясын уақтылы ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 Аудан прокуратурасымен Шыңғырлау ауданының аумағындағы мемлекеттік қызметшілермен салық есебін уақтылы ұсынылуына қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг тұрақты түрде жүргізіледі.

 Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 11-бабына сәйкес қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында осы бапта айқындалған адамдар жеке тұлғалар кірістері мен мүлкі туралы декларациясын ұсынады.

Заңсыз артықшылық жасап сыбайластыққа жол берген

Қызылқоға аудандық прокуратурасымен тексерісі барысында Көздіқара округінде орналасқан «Самал» мәдениет үйінде күрделі жөндеуге бөлінген бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуына тексеру жүргізіліп, нәтижесінде заңсыз артықшылықтар беру арқылы сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылыққа жол беру фактісі анықталды.

«Сыбайлас жемқорлықпен күресу баршаның міндеті»

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат болса сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарлама дайындап, онымен күресуді барша халықтың борышы екенін атап көрсетті.

Жалған құжат – жақсылыққа әкелмейді

Исатай аудандық прокуратурасымен ағымдағы жылы ауданда қызмет атқаратын «Ембімұнайгаз» АҚ-ның «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-ның, «Сазанқұрақ» ЖШС, «Потенциал Ойл» ЖШС-нің және «Прикаспиан Петролеум Компани» ЖШС-нің қызметкерлерінің жоғарғы білім туралы құжаттарының шынайылығына талдау жүргізілді.

Анықталғандай, «Ембімұнайгаз» АҚ-ның «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-ның мұнай өндіру операторы А.Зулхашев көрінеу жалған құжатты пайдаланған.

Баспасөз-ақпараты

2015 жылдың 10 айында облыс соттарымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 34 тарауында көзделген әкімшілік сыбайлас жемқорлықпен байланысты 3 (2014 жылдың 10 айында - 4) тұлғаға қатысты  3 (4) әкімшілік іс қаралған.

Оның ішінде, 1 іс жеке тұлғаның заңсыз сыйақы беруіне (Кодекстің 676 бабы), 2 іс бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамды жұмысқа қабылдауға (681 бабы) байланысты қаралып, құқық бұзушылардың барлығына да айыппұл салу жазасы тағайындалған.

Атырау облысының прокуратурасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың қолданылуына тексеру жүргізілді

Атырау облыстық прокуратура органдарымен 2015 жылдың өткен мерзімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың қолданылуына 22 тексеру жүргізіліп, 117 астам заң бұзушылықтар анықталып, 23 наразылық қанағаттандырылып, заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы 18 ұсыныс қаралып, 24 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 8 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, 2-і сотқа жолданып, 2 адам сотталған.

«Заңсыз субсидия беру фактілері анықталды»

Махамбет аудандық прокуратурасымен субсидияларды бөлу және берудің заңдылығына жүргізілген тексеру барысында дәлелсіз мәліметтер көрсетілген құжаттардың негізінде жалпы сомасы 4 334 960 теңгені құрайтын заңсыз субсидия беру фактілері анықталды.

Аталған фактілер бойынша аудандық прокуратурамен аудан әкімі атына ұсыныс енгізіліп, нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасағаны үшін Бақсай, Бейбарыс және Махамбет селолық округтері әкімі аппараттарының 3 жауапты қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қарау тәртібі бұзылғандығы анықталды»

Мақат аудандық прокуратурасымен 29.05.2015 жылы аудан әкімінің аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібіне жүргізілген тексеру қортындысымен, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа күрес туралы» Заңының 12-бабының 1-бөлігінің 10-тармағына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтiнiштерiн қараудың және өз құзыретiне кiретiн өзге де мәселелердi шешудiң заңда белгiленген тәртiбiн әлденеше рет бұзу фактілері бойынша аудандық прокуратурамен аудан әкімінің атына ұсыныс енгізіліп, нәтижесінде Мақат ауданы әкімінің аппаратының бас маманы «қызметіне толық сәйкес емест

Беттер


Subscribe to RSS - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.