You are here

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2017-2021 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының нысаналы индикаторлары бойынша есептеу (қалыптастыру) әдістемесі

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2016 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 197 бұйрығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
2017-2021 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының
нысаналы индикаторлары бойынша есептеу (қалыптастыру) әдістемесі

 

1. Нысаналы индикатор: «Халықтың прокуратура органдарына сенімділік деңгейі».

 

Жасаудың мерзімділігі мен мерзімдері

Жыл сайын, есептік жылдан кейінгі жылдың 25 желтоқсанына дейін

Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)

Қоғамдық пікірді әлеуметтік зерттеудің нәтижелері

Жасау (есептеу) әдісінің сипаттамасы

Қоғамдық пікірді сұрау

 

2. Нысаналы индикатор:«Шешім шығара отырып қаралған істердің санындағы мемлекеттік билік органдары мен лауазымды тұлғалардың (бақылау-қадағалау, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың) іс-әрекеттері (немесе әрекетсіздігін) мен шешімдерін даулау туралы істер бойынша сот қанағаттандырған арыздардың үлес салмағы».

 

Жасаудың мерзімділігі мен мерзімдері

Жыл сайын, есептік жылдан кейінгі жылдың 8 қаңтарына дейін

Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 24 ақпандағы №35 бұйрығымен бекітілген «Азаматтықжәнеәкімшілікістержөніндегі сот актілерініңжәнеатқарушылықісжүргізудіңзаңдылығынқадағалаубойыншапрокурордыңжұмысытуралы» №5 нысанды есеп

Жасау (есептеу) әдісінің сипаттамасы

Формула: R (индикатордың мәні) = A (сот қанағаттандырған арыздардың саны) * 100% / B (сот қараған арыздардың саны).

Сот орындаушыларының іс-әрекеттерін даулау туралы істерді қоспағанда, Азаматтық процестік кодекстің29-тарауы тәртібінде соттар қараған арыздар ескеріледі

 

3. Нысаналы индикатор: «Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жойылған заң бұзушылықтардың, олардың пайда болуының себептері мен жағдайларының анықталғандарға қатысты үлесі (әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау мәселелері бойынша)».

 

Жасаудың мерзімділігі мен мерзімдері

Жыл сайын, есептік жылдан кейінгі жылдың 4 қаңтарына дейін

Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 19 қарашадағы № 133 бұйрығымен бекітілген «Прокурордыңәлеуметтік-экономикалықсаладағызаңдылықтықадағалаубойыншажұмысытуралы» №1 нысанды есеп 

Жасау (есептеу) әдісінің сипаттамасы

Формула: R (индикатордың мәні) = A (жойылған заң бұзушылықтардың саны) * 100% / B (анықталған заң бұзушылықтардың саны)

 

4. Нысаналы индикатор: «Қаралған шағымдарға (қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау мәселелері бойынша) қатысты прокуратура органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне қылмыстық процеске қатысушылардың сот қанағаттандырған шағымдарының үлес салмағы».

 

Жасаудың мерзімділігі мен мерзімдері

Жыл сайын, есептік жылдан кейінгі жылдың 8 қаңтарына дейін

Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 84 бұйрығымен бекітілген «Бірінші сатылы соттардың қылмыстық істерді қарау бойынша жұмысы туралы» №1 нысанды есеп

Жасау (есептеу) әдісінің сипаттамасы

Формула: R (индикатордың мәні) = A (сот қанағаттандырған шағымдардың саны) * 100% / B (сот қараған шағымдардың саны).

Қылмыстық-процестік кодекстің 106-бабы тәртібінде соттар қараған, прокурордың әрекетіне (әрекетсіздіктеріне) және шешіміне берілген шағымдар ескеріледі

 

5. Нысаналы индикатор:«Электрондық форматта берілетін құқықтық статистикалық ақпарат пен арнайы есепке алу мәліметтері нысандарының және түрлерінің үлес салмағы».

 

Жасаудың мерзімділігі мен мерзімдері

Жыл сайын, есептік жылдан кейінгі жылдың 5 қаңтарына дейін

Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің деректері

Жасау (есептеу) әдісінің сипаттамасы

Формула: R (индикатордың мәні) = A (электрондық форматта берілетін құқықтық статистикалық ақпарат пен арнайы есепке алу мәліметтерінің нысандары мен түрлерінің саны) * 100% / B (құқықтық статистикалық ақпарат пен арнайы есепке алу мәліметтерінің нысандары мен түрлерінің жалпы саны)

 

6. Нысаналы индикатор:«Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің электронды жүйесі арқылы электронды түрде ұсынылатын статистикалық есептердің үлесі».

 

Жасаудың мерзімділігі мен мерзімдері

Жыл сайын, есептік жылдан кейінгі жылдың 5 қаңтарына дейін

Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің деректері

Жасау (есептеу) әдісінің сипаттамасы

Формула: R (индикатордың мәні) = A (Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық түрде берілетін статистикалық есептердің саны) * 100% / B (Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық түрде беру жоспарланған статистикалық есептердің саны)

 

7. Нысаналы индикатор:«Мемлекеттік органдардың дерек қорларымен ақпараттық өзара әрекет ету деңгейі».

 

Жасаудың мерзімділігі мен мерзімдері

Жыл сайын, есептік жылдан кейінгі жылдың 5 қаңтарына дейін

Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің деректері

Жасау (есептеу) әдісінің сипаттамасы

Формула: R (индикатордың мәні) = A (құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және басқа да органдардың ақпарат алмасу жүйесімен біріктіруге жататын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің саны) * 100% / B (құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және басқа да органдардың ақпарат алмасу жүйесімен біріктіруге жататын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің саны)

 

8. Нысаналы индикатор:«Саясаткерлерге қоғамдық сенім».

 

Жасаудың мерзімділігі мен мерзімдері

Жыл сайын, есептік жылдың төртінші тоқсаны

Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)

Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік туралы жыл сайынғы есеп

Жасау (есептеу) әдісінің сипаттамасы

Рейтингтегі орын

 

9. Нысаналы индикатор:«Шенеуніктердің шешімдеріндегі жеңіске үміткерлік».

 

Жасаудың мерзімділігі мен мерзімдері

Жыл сайын, есептік жылдың төртінші тоқсаны

Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)

Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік туралы жыл сайынғы есеп

Жасау (есептеу) әдісінің сипаттамасы

Рейтингтегі орын

 

10. Нысаналы индикатор:«Мемсекторда шешімдер қабылдаудың мөлдірлігі».

 

Жасаудың мерзімділігі мен мерзімдері

Жыл сайын, есептік жылдың төртінші тоқсаны

Ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер)

Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік туралы жыл сайынғы есеп

Жасау (есептеу) әдісінің сипаттамасы

Рейтингтегі орын

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.