You are here

Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның Стратегиялық жоспарының 2015 жылы іске асырылуы туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2015 жылы прокуратура органдары Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2014 жылғы 10 ақпандағы№ 01-38.15 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының2014-2018 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының (бұдан әрі - Жоспар)мақсаттары, міндеттері және нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін нақты жұмыстар атқарды.

«Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының қадағалау қызметінің тиімділігін және құқық қорғау әлеуетін іске асыруды арттыру»1-стратегиялық бағыттақөзделген «Заңдылықтың және азаматтардың конституциялық құқықтарыныңмүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету» 1.1-мақсаттың көрсеткіші «Халықтың прокуратура органдарына деген сенімі деңгейі» болып табылады (жоспар бойынша - 62,5%-дан кем емес).Оған қол жеткізу дәрежесін анықтау мақсатында 2015 жылдың 4-тоқсанында қоғамдық пікірді социологиялық  зерттеу жүргізіліп, оның  нәтижесі бойынша77,8% респондент прокуратура органдарына сенім білдірді.

1.1. мақсатқа қол жеткізуге бағытталған 3 міндеттің шешілу дәрежесі тікелей нәтижелердің 12 көрсеткіші бойынша айқындалады.

«Әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды жетілдіру» 1.1.1-міндетте 7 көрсеткіш көзделген:

1) шешім шығара отырып қаралған істердің санындағы мемлекеттік билік органдары мен лауазымды тұлғалардың (бақылау-қадағалау, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың) шешімдері мен әрекеттерін (немесе әрекетсіздігін) даулау туралы істер бойынша сот қанағаттандырған арыздардың үлес салмағы 39%-ды құрады (жоспар бойынша - 48%-дан аспауы тиіс). Соттар шешім шығара отырып аталған санаттағы 4 478 істі қараса, оның 1 727-і бойынша талаптар қанағаттандырылды;

2) прокурорлық қадағалау актілері бойынша жойылған заң бұзушылықтардың, олардың пайда болуының себептері мен жағдайларының анықталғандарға қатысты үлесі 92%-ды құрады (Жоспар бойынша - 83%-дан төмен болмауы тиіс). Прокуратура органдары анықтаған 363 466 заң бұзушылықтың 333 877-і (әлеуметтік-экономикалық салада) іс жүзінде жойылды;

3) мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының (әлеуметтік-экономикалық салада)заңсыз шешімдері мен әрекеттеріне жасалған бас тартылған наразылықтардың үлес салмағы 0,5%-ды құрады (Жоспарбойынша - 1%-дан аспауы тиіс). Прокурорлар енгізген 7 012 наразылықтың тек 35-і қабылданбады;

4) прокуратура органдары құқықтарын қорғаған кәмелетке толмағандардың саны 269 376-ны құрды (жоспар бойынша - 160 095-тен кем емес);

5) Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметі іс жүргізу барысында белгіленген (дәлелденген) экстремистік және/немесе террористік ұйымдарға қатысты прокурорлардың арыздары бойынша сотпен Қазақстан Республикасы аумағындағы қызметіне тыйым салынған осындай ұйымдардың үлес салмағы100%-ды құрады (жоспар бойынша - 100% болуы тиіс).Прокуратура органдарының өтініші бойынша сот 2 халықаралық ұйымды ("Ислам мемлекеті" және "Ан-Нусра майданы") лаңкестік деп таныды;

6) сот орындаушылары жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша нақты өндіріп алған жалпы сомаға қатысты прокурорлық қадағалау актілері бойынша нақты өндіріліп алынған сомалардың үлес салмағы 85%-ды құрды(жоспар бойынша - 55%-дан кем емес). Сот орындаушылары нақты мәжбүрлеп өндірген 850 059 011теңгенің725 754056 теңгесі прокурорлық қадағалау актілері бойынша өтелген;

7) Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдарыакадемиясында оқытудан өткен құқық қорғау органдары қызметкерінің саны 372-ні құрды (жоспар бойынша - 372). Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілік артыру бағдарламалары бойынша - 325, ал жоғары білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша - 47 қызметкер.

«Қылмыстық іс жүргізуде және қылмыстық жазаларды орындау сатысында заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды жетілдіру» 1.1.2-міндетте 4 көрсеткіш көзделген:

1)қаралған шағымдарға (тергеудің, анықтаудың және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау мәселелері бойынша) қатысты прокуратура органдарының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың сот қанағаттандырған шағымдарының үлес салмағы15%-ды құрады(жоспар бойынша - 21,5%-дан аспауы тиіс). Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың соттар қараған277 шағымының 42-сі қанағаттандырылды;

2) қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің заңсыз шешімдері мен іс-әрекеттеріне жасалған прокурорлардың бас тартылған наразылықтарының үлес салмағы0%-ды құрады(жоспар бойынша - 5%-дан аспауы тиіс). Қаралған79 наразылықтың барлығы қанағаттандырылды;

3) қылмыстық істерін арнайы прокурорлар тергеген ақталған адамдардың үлес салмағы 0,4%-ды құрдыжоспар бойынша - 4,2%-дан аспауы тиіс). Арнайы прокурорлар тергеген 225 тұлғаға қатысты қылмыстық істер сотқа беріліп, оның ішінде 1 тұлға ақталған;

4) қылмыстық жауапқа тарту және/немесе үкімді орындау үшін шет мемлекеттер берген адамдардың нақты саны 95 құрады (жоспар бойынша - 49 тұлға болуы тиіс);

«ҚР БП ақпараттық жүйесін жаңғырту, ақпараттық-техникалық іс-қимылды дамыту және талдамалық деректерді қалыптастыру арқылы қадағалау қызметінің жеделділігін арттыру"1.1.3-міндетте 2 көрсеткіш көзделген:

1) прокуратуралардың электрондық форматта статистикалық деректер негізінде талдамалық ақпаратты қалыптастыру жүйесімен жарақталу дәрежесі 100%-ды құрды (жоспар бойынша - 100%-данкем емес).Барлық прокуратуралар аталған сипаттағы жүйеменжарақталды;

2) прокуратура органдарында электрондық форматта жүргізілетін құжат айналымының үлесі100%-ды құрады (жоспар бойынша - 100%-данкем емес).Прокуратура органдарының барлық қызметкерлері мен жұмыскерлері басқа органдармен электрондық форматта құжат айналымын  жүргізу мүмкіндігімен қамтамасыз етілді.

«Мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені жетілдіру және дамыту» 2-стратегиялық бағытта көзделген «Жеке және заңды тұлғаларды, мемлекеттік органдарды құқықтық статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етудің тиімді және жедел жүйесін құру» 2.1-мақсаттың айғақтауышы болып табылатын «Электрондық форматта берілетін құқықтық статистикалық ақпарат пен арнайы есепке алу мәліметтері нысандары мен түрлерінің үлес салмағы»80%-ды құрды(жоспар бойынша - 100%-данкем емес).2015 жылы 54 құқықтық статистикалық ақпарат пен арнайы есепке алу мәліметтері нысандары мен түрлерінің 43-і электрондық форматта беріледі.

Аталған мақсатқа қол жеткізуге бағытталған «Құқықтық статистикалық ақпаратты қалыптастыру және ақпарат алмасу процесін автоматтандыру» 2.1.1-міндетпен 5 көрсеткіш көзделген:

1) құқықтық статистикалық ақпаратты жинауды, өңдеуді және ұсынуды автоматтандыру дәрежесі91%-ды құрды (жоспар бойынша - 86%-данкем емес).Автоматтандыруға тиіс 35 статистикалық есептің 32-сі автоматтандырылды;

2) арнайы есепке алу мәліметтерін жинауды, өңдеуді және ұсынуды автоматтандыру дәрежесі 58%-ды құрады(жоспар бойынша - 100%-данкем емес).Арнайы есепке алудың 19 түрінің 11-і автоматтандырылды;

3) Комитеттің ақпараттық жүйелерімен біріктірілген құқықтық статистика мен арнайы есепке алу субъектілері ақпараттық жүйелерінің саны19-ға жетті(жоспар бойынша -19).3 мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерімен бірігу аяқталды (ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитеті, ҚР ІІМ Көші-қон полициясы және ҚР ІІМ ҚАЖК). Өспелі қорытындымен барлығы 19 бірігу іске асырылды;

4) қызмет алушылардың көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасымен қанағаттанушылық деңгейі100%-ды құрды (жоспар бойынша -100%-данкем емес).Мемлекеттік қызмет көрсету туралы барлық сұраныстар (2015 жылы4 115 046 сұраныс) толық көлемде және дер кезінде қанағаттандырылды;

5) «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірынғай тізілімі» ақпараттық жүйенің пайдаланушылар саны 27 248-ге жетті (Жоспар бойынша - 25 000 кем емес).2015 жылға жоспарланған 25 000 пайдаланушының 27 248-і СДТТБТ АЖ-нің web-платформасында тіркелді.

Жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге 2015 жылы прокуратура органдарының құқық қорғау әлеуетін іске асыруға және мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені дамытуға бағытталған Бас прокуратураның жедел және тоқсандық жоспарларын орындау ықпалын тигізді.

Қадағалау қызметінің тиімділігін арттыру және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін прокуратура органдарымен ішкі қызметті ұйымдастыруды және функционалдық мүмкіндіктерді дамыту шаралары жүзеге асырылды.

Ведомстволық оқу орнында құқық қорғау органдарының 372 қызметкері оқытудан өтті, облыстық прокуратуралар және оларға теңестірілген бөліністердің оқу орталықтарында 196 оқыту іс-шаралары (семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, форумдар және т.б.) өткізілді, қадағалаудың басым бағыттары бойынша 62 әдістемелік құралдар мен ұсынымдар даярланды.

Кәсіби деңгейін арттыру мақсатында 685 жедел қызметкер жоғары тұрған прокуратураларда тағылымдамадан өтті. Прокуратураның11 қызметкерінің Израиль мемлекетінде, 50 қызметкерінің Түрік Республикасының  Әділет академиясында, 3 қызметкерінің Индияда,5 қызметкерінің  Германияда және т.б. оқуы ұйымдастырылды.

389 қызметкерді тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары атқарылды.

Ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде, ҚР Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті  қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырыстарында 6 мәселе қаралды.Бас прокуратураның Алқа мәжілістерінде 11 мәселе талқыланды.

Осылайша, есептік 2015 жылы прокуратура органдары барлық нысаналы көрсеткіштер мен тікелей нәтиже көрсеткіштерінің жоспарлы мәніне қол жеткізуді қамтамасыз етті.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2014-2018 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары жаңа форматта ресми веб-сайтта орналастырылған. Оны жүзеге асыру барысы бақылауда тұр.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.