You are here

Cтратегиялық жоспардың 2012 жылғы жүзеге асырылуы туралы ақпарат

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының  2012 жылғы орындалуы туралы ақпарат

 

«Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының қадағалау қызметінің тиімділігін және құқық қорғау әлеуетін іске асыруды арттыру» деген 1-стратегиялық бағыт «Заңдылықты және азаматтардың конституциялық құқықтарын бұлжытпай орындауды қамтамасыз ету» деген 1.1-мақсатты қамтиды, оның индикаторы «Халықтың прокуратура органдарына сенімінің деңгейі» (Жоспар – 58%-дан кем емес) болып табылады. Оған қол жеткізу дәрежесін анықтау мақсатында 2012  жылдың 4-тоқсанында «Қазақстан әлеметтанушыларының ассоциациясы» қоғамдық бірлестігімен Қазақстан Республикасының прокуратура органдары туралы қоғамдық пікірді әлеметтанушылық зерделеу жүргізілді. Жауап берушілердің 58,4%-ы прокуратура органдарына сенім білдірді.

1.1-мақсатқа қол жеткізуге 3 міндет бағытталған, олар 11 нәтижелер көрсеткіштерін қамтиды.

«Әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды жетілдіру» деген 1.1.1-міндетте 5 көрсеткіш көзделген.

Сот қанағаттандырған мемлекеттік билік органдары мен лауазымды тұлғалардың (бақылау-қадағалау, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың) шешімдері мен әрекеттерін (немесе әрекетсіздігін) даулау туралы істер бойынша арыздардың үлес салмағының қаралған істердің санына қатынасы 50,3%-ды құрды (Жоспар – 51,5%-дан аспайды). Соттар осы санаттағы 2423 істі шешім шығарып қараған, оның ішінде 1220 іс бойынша мәлімделген талаптар қанағаттандырылған.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жойылған заңдылықты бұзушылықтардың, олардың пайда болуының себептері мен жағдайларының анықталғандарға қатысты үлесі 88,1%-ды құрды (Жоспар – кемінде 75%). Прокуратура органдарымен анықталған 430080 бұзушылықтардың (әлеуметтік-экономикалық салада) іс жүзінде 381161-і жойылды.

Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының заңсыз шешімдері мен әрекеттеріне жасалған қабылданбаған прокурорлық қадағалау актілерінің үлес салмағы (әлеуметтік-экономикалық салада) 0,1%-ды құрды (Жоспар – 3%-дан аспайды). Енгізілген 10101 наразылықтың 16-ы қабылданбады.

Құқықтарын прокуратура органдары қорғаған кәмелетке толмағандардың саны 206135-ті құрды (Жоспар – кемінде 143815).

Сот орындаушылары жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша нақты нақты өндіріп алған жалпы сомаға қатысты прокурорлық қадағалау актілері бойынша нақты өндіріліп алынған сомалардың үлес салмағы 88,1%-ды құрды (Жоспар – 34%-дан төмен емес). Осы санаттағы атқарушылық құжаттар бойынша сот орындаушылары мәжбүрлі түрде түрде өндірген 1102235153 теңгенің 971452821 теңгесі прокурорлық қадағалау актілері бойынша орындалған.

«Қылмыстық іс жүргізуде және қылмыстық жазаларды орындау сатысында заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды жетілдіру» деген 1.1.2-міндетте 3 көрсеткіш көзделген.

Прокуратура органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне (тергеудің, айқындаудың және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау мәселелері бойынша) қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың сот қанағаттандырған шағымдарының үлес салмағы 20,1%-ды құрды (Жоспар – 23,5%-дан аспайды). Соттар қаралған осы санаттағы қылмыстық процестің 278 қатысушысының 56-ының шағымын қанағаттандырды.

Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің заңсыз шешімдері мен әрекетеріне прокурорлардың қабылданбаған наразылықтарының үлес салмағы 0,3%-ды құрды (Жоспар – 13,5%-дан аспайды). Прокурорлар келтірген 290 наразылықтың біреуі қабылданбады.

Қылмыстық істерін арнайы прокурорлар тергеген ақталған адамдардың үлес салмағы 1,1%-ды құрды (Жоспар – 15%-дан аспайды). Қылмыстық істерін арнайы прокурорлар тергеген 270 адам сотқа сотқа берілген, олардың 3-і ақталды.

«Бас прокуратураның ақпараттық жүйесін жаңғырту, ақпараттық-техникалық ықпалды дамыту және талдамалық деректерді қалыптастыру арқылы қадағалау қызметінің жеделділігін арттыру» деген 1.1.3-міндетте              3 көрсеткіш көзделген.

Прокуратуралардың электрондық форматта статистикалық деректер негізінде талдамалық ақпаратты қалыптастыру жүйесімен жабдықталу дәрежесі 69%-ды құрды (Жоспар – 58%-дан кем емес). 328 прокуратуралардың 226-сы аталған сипаттағы жүйемен жабдықталған.

Бас прокуратура бөлімшелерінің, ведомстволық бағыныстағы мекемелер мен төменгі тұрған прокуратуралардың ақпараттық өзара іс-қимылының деңгейі 100%-ды құрды (Жоспар – 100%-дан кем емес). Прокуратура органадары қызметкерлері мен жұмысшыларының барлық 5336 жұмыс орындары бірыңғай ақпараттық жүйеге қосылған.

Прокуратура органдарында электрондық форматта жүргізілетін құжат айналымының үлесі 73%-ды құрды (Жоспар – 66%-дан кем емес). Прокуратура органадары қызметкерлері мен жұмысшыларының барлық 5336 жұмыс орындарынан 3870-нің басқа органдармен электрондық форматта құжат айналымын жүргізуге мүмкіндігі бар.

«Мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені жетілдіру және дамыту» деген 2-стратегиялық бағыт «Жеке және заңды тұлғаларды, мемлекеттік органдарды құқықтық статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етудің тиімді және жедел жүйесін құру» деген 2.1-мақсатты қамтиды. Осы мақсаттың индикаторы «Электрондық нұсқада берілетін құқықтық статистикалық ақпараттың үлес салмағы» болып табылады, ол 32%-ды құрды (Жоспар – кемінде 30%). 2012 жылы қалыптастырылған құқықтық статистикалық ақпарат - 2 757 434, оның 885 255-сы электрондық форматта.

2013-2015 жылдарында қалған кезеңде осы мақсат бойынша басқа индикатор қарастырылған «Электрондық форматта берілетін құқықтық статистикалық ақпараттар мен арнайы есепке алу мәліметтері нысандарының және түрлерінің үлес салмағы».

Осы мақсатқа қол жеткізуге «Құқықтық статистикалық ақпаратты құру және алмасу үдерісін автоматтандыру» деген 2.1.1-міндет бағытталған, ол               7 нәтижелер көрсеткіштерін қамтиды, оның 4-іне 2012 жылы қол жеткізуге қажет болатын.

«Статистикалық есептерді қалыптастыру үдерісін автоматтандыру дәрежесі» көрсеткіші бойынша есептік кезеңде іс-шаралар көзделмеген, осының салдарынан оның нақты мәні өткен жылмен салыстырғанда өзгермеген және 80%-ды құрды (Жоспар – кемінде 80%), статистикалық есептердің 41 нысанының 33-і автоматтандырылған.

Арнайы есепке алуды жүргізу үдерістерін автоматтандыру дәрежесі 100%-ды құрды (Жоспар – кемінде 80%). Есептік кезеңде алфавиттік есепке алу карточкаларының нысандары анықталып, 305000 адамға қатысты мәліметтер «Арнайы есептер» ААЖ-ға енгізілді, ал барлығы жоспарланған 1100000-ға қатысты.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алулар субъектілерінің ақпараттық жүйелермен кірігуінің деңгейі 35%-ды құрды (Жоспар – кемінде 35%). 31 мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерімен ықпалдастыру жоспарланған, қазіргі уақытта оның 11-імен іске асырылды.

«Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманы беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін қысқарту» көрсеткіші бойынша 2015 жылдың жоспарлы мәніне қол жеткізілді. 2012 жылғы 12 наурыздан бастап соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманы беру «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы  он-лайн ре­жимінде 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (Жоспар – кемінде 7 күн).

Жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге 2012 жылы операциялық және тоқсан сайынғы жоспарлармен көзделген прокуратура органдарының құқық қорғау әлеуетін іске асыруға және  мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені дамытуға бағытталған іс-шаралардың орындалуы ықпал етті.

Содан басқа, қадағалау қызметінің тиімділігін арттыру және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін прокуратура органдары ішкі қызметті ұйымдастыруды жақсарту және функционалдық мүмкіндіктерді дамыту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруда.

Прокуратура органдарында қолайлы моральдық-психологиялық ахуал құрылған, қызмет бабында мансаптық өсуге жағдай жасалған. 2012 жылы жоғары тұрған лауазымдарға 1465 қызметкер, оның ішінде 244-і – басшы қызметтерге жылжытылды. 2078 қызметкер көтермеленді. Прокуратура органдарында кәсіби кадрларды сақтау мақсатында 72 қызметкерге қызмет ету мерзімі ұзартылды. Прокуратура органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау өткізілді. Оның нәтижесі бойынша 4088 қызметкер немесе 91%-ы өз лауазымына сай деп танылды, 216-і төмендетуге, 89-ы басқа қызметке ауысуға, 108 жұмыстан шығарылуға ұсынылды. Ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында 187 қызметкер тәртіптік жауаптылыққа тартылды, оның ішінде 7 қызметкер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін. Қаржы полициясы және ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп, прокуратура қызметкерлері жасаған 2 сыбайлас жемқорлық қылмыс анықталды.

2012 жылы БП Институты 5 салалық семинар және басшы кадрларды қайта дайындаудың 3 курсын өткізді, оларға Қазақстан Республикасы прокуратурасы органдарының 86 қызметкері және Тәжікстан Республикасы прокуратурасының 2 өкілі қатысты. Сонымен бірге, БП Институты БП-ның 1, 2-ші департаменттерімен Бас көлік прокуратурасымен және Бас әскери прокуратурасымен бірлесіп, қашықтықтан оқыту форматында, бейнеконференцбайланыс арқылы 9 салалық семинар өткізді, олар аумақтық прокуратуралардың тиісті бөлімшелерінің қызметкерлерін қамтыды. Сондай-ақ, 6 тренинг пен 3 дөңгелек стол өткізілді.

Бас Прокурордың 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 110оа бұйрығына сәйкес барлық облыстық және оған теңестірілген прокуратураларда Оқу орталықтары қызмет етеді, Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдары мен ведомстволары қызметкерлерін кәсіптік дайындау, қайта дайындау және біліктілігін арттыру оқу орталықтары туралы ереде бекітілді. Әдістемелік Кеңестер құрылып, БП Институты 2012 жылға арналған оқу бағдарламаларын әзірлеп, келісті.

Бас Прокурордың 2012 жылғы 8 қазандағы № 413/6 бұйрығымен Оқу орталықтары басшыларының 17 штаттық бірліктері Институтқа берілді. 2012 жылы Оқу орталықтарында 258 жас маман оқып шықты, оларға курстарды аяқтауы туралы сертификаттар тапсырылды.

Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту шеңберінде Украинаның Ұлттық прокуратура академиясымен, Түрік Республикасы Әділет академиясымен, Ресей Федерациясы Бас прокуратурасы Академиясының прокуратура органдары басшы кадрларының біліктілігін арттыру Институтымен өзара қарым-қатынас орнатылды.

Мысалы, қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының 20 қызметкерінен тұратын 3 топ Түрік Республикасының Әділет академиясында терроризм мен діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жасауға, сондай-ақ Түрік Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің негізгі принциптері мен ережелерін зерделеуге байланысты бағдарламалар бойынша оқып шықты.

БП Институтының құрамында мемлекеттік тілді дамыту бойынша басқарма құрылды. Прокуратура органдары мемлекеттік тілді оқыту курстарын ұйымдастырды, оларда 274 қызметкер оқиды.

Прокуратура органдарының 6 әкімшілік ғимараты салынды, оның ішінде Бас прокуратураның жаңа ғимараты. Тұрғын үй-тұрмыстық мәселелерді шешуге шаралар қабылдануда.

Ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау шеңберінде Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің отырыстарында 5 мәселе қаралды. Бас прокуратура алқасының отырыстарында 11 мәселе қаралды. 6 ведомствоаралық жедел кеңес өткізілді

Мысалы, Бас Прокурордың төрағалық етуімен 2012 жылғы 29 қарашада мемлекеттік органдармен қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды алдын-алу жөніндегі өңірлік бағдарламаларды орындау, сондай-ақ азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру Кеңесі өткізілді.

Бас прокуратураның стратегиялық жоспарын іске асыру барысы тұрақты бақылауда тұр. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 2-тармағын орындау щеңберінде Бас прокуратураның стратегиялық жоспарын түзету жөніндегі жұмыстар атқарылуда.

2013 жылдың 15 ақпаны.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.