You are here

2014 жылы Бас прокуратураның Стратегиялық жоспарын іске асыру туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының  2014 жылғы 10 ақпандағы № 01-38.15 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының (бұдан әрі – Жоспар) мақсаттарына, міндеттеріне және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында прокуратура органдары 2014 жылы белгілі бір жұмыс атқарды.

 «Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының қадағалау қызметінің тиімділігін және құқық қорғау әлеуетін іске асыруды арттыру»  1-стратегиялық бағыты «Заңдылықты және азаматтардың конституциялық құқықтарын бұлжытпай орындауды қамтамасыз ету» деген 1.1-мақсатты қамтиды, оның индикаторы «Халықтың прокуратура органдарына сенімінің деңгейі» (Жоспар – 61%-дан төмен емес) болып табылады. Оған қол жеткізу дәрежесін анықтау мақсатында 2014 жылдың 4-тоқсанында Қазақстан Республикасының прокуратура органдары туралы қоғамдық пікірді әлеуметтанушылық зерделеу жүргізілді. Жауап берушілердің 77,2%-ы прокуратура органдарына сенім білдірді.

1.1-мақсатқа қол жеткізуге 3 міндет бағытталған, олар 12 нәтижелер көрсеткіштерін қамтиды.

«Әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды жетілдіру» деген 1.1.1-міндетте 6 көрсеткіш көзделген.

Сот қанағаттандырған мемлекеттік билік органдары мен лауазымды тұлғалардың (бақылау-қадағалау, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың) шешімдері мен әрекеттерін (немесе әрекетсіздігін) дау келтіру туралы істер бойынша арыздардың үлес салмағының қаралған істердің санына қатынасы 41,7%-ды құрады (Жоспар – 49%-дан аспайды). Соттар осы санаттағы 4297 істі шешім шығарып қараған, оның ішінде 1794 іс бойынша мәлімделген талаптар қанағаттандырылған.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жойылған заңдылықты бұзушылықтардың, олардың пайда болуының себептері мен жағдайларының анықталғандарға қатысты үлесі 91,7%-ды құрады (Жоспар – 81%-дан төмен емес). Прокуратура органдары анықтаған 394952 бұзушылықтардың  (әлеуметтік-экономикалық салада) іс жүзінде 362452-сі жойылды.

Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының заңсыз шешімдері мен әрекеттеріне жасалған қабылданбаған прокурорлық қадағалау актілерінің үлес салмағы (әлеуметтік-экономикалық салада) 0,5%-ды құрады                          (Жоспар – 1,5%-дан аспайды). Енгізілген 7306 наразылықтың 42-сі қабылданбады.

Құқықтарын прокуратура органдары қорғаған кәмелетке толмағандардың саны 239753-і құрады (Жоспар – кемінде 156025  төмен емес).

Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметі процестік тұрғыдан анықталған (расталған) экстремистік және/немесе террористік ұйымдарға қатысты прокурорлардың арыздары бойынша сотпен Қазақстан Республикасы аумағындағы қызметіне тыйым салынған осындай ұйымдардың үлес салмағы 100% құрады (Жоспар – 100%). Прокуратура органдарының арызы бойынша сот шешімімен 1 халықаралық ұйым экстремистік деп танылды.

Сот орындаушылары жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша нақты өндіріп алған жалпы сомаға қатысты прокурорлық қадағалау актілері бойынша нақты өндіріліп алынған сомалардың үлес салмағы 76,9%-ды құрады (Жоспар – 50%-дан төмен емес). Осы санаттағы атқарушылық құжаттар бойынша сот орындаушылары мәжбүрлі түрде өндірген 10457701646 теңгенің 1120970693 теңгесі прокурорлық қадағалау актілері бойынша орындалған.

«Қылмыстық іс жүргізуде және қылмыстық жазаларды орындау сатысында заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды жетілдіру» деген 1.1.2-міндетте 4 көрсеткіш көзделген.

Прокуратура органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне (тергеудің, анықтаудың және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау мәселелері бойынша) қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың сот қанағаттандырған шағымдарының үлес салмағы 9,8%-ды құрады     (Жоспар – 22%-дан аспайды). Соттар осы санаттағы қылмыстық процестің                274 қатысушысының шағымын қарап 27-ін қанағаттандырды.

Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің заңсыз шешімдері мен әрекетеріне прокурорлардың қабылданбаған наразылықтарының үлес салмағы 0%-ды құрады (Жоспар – 5%-дан аспайды). Прокурорлар келтірген     70 наразылықтың біреуі де қабылданбай қалған жоқ.

Қылмыстық істерін арнайы прокурорлар тергеген ақталған адамдардың үлес салмағы 0,7%-ды құрады (Жоспар – 5%-дан аспайды). Қылмыстық істерін арнайы прокурорлар тергеген 268 адам сотқа берілген, олардың 2-уі ақталды.

Қылмыстық жауапкершілікке тарту және/немесе үкімді орындау үшін шетел мемлекеттері берген адамдардың нақты саны 73 тұлғаны құрады        (Жоспар – 47 тұлға).

«Бас прокуратураның ақпараттық жүйесін жаңғырту,  ақпараттық-техникалық ықпалды дамыту және талдамалық деректерді қалыптастыру арқылы қадағалау қызметінің жеделдігін арттыру» деген 1.1.3-міндетте 2 көрсеткіш көзделген.

Прокуратуралардың электрондық форматта статистикалық деректер негізінде талдамалық ақпаратты қалыптастыру жүйесімен жабдықталу дәрежесі 100%-ды құрады (Жоспар – 100%). Аталған сипаттағы жүйемен барлық прокуратуралар жабдықталған.

Прокуратура органдарында электрондық форматта жүргізілетін құжат айналымының үлесі 100%-ды құрады (Жоспар – 100%). Прокуратураның барлық қызметкерлері мен жұмысшыларының басқа органдармен электрондық форматта құжат айналымын жүргізуге мүмкіндігі бар.

«Мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені жетілдіру және дамыту» деген 2-стратегиялық бағыт «Жеке және заңды тұлғаларды, мемлекеттік органдарды құқықтық статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етудің тиімді және жедел жүйесін құру» деген 2.1-мақсатты қамтиды. Осы мақсаттың индикаторы «Электрондық форматта берілетін құқықтық статистикалық ақпараттар мен арнайы есепке алу мәліметтері нысандарының және түрлерінің үлес салмағы» болып табылады, ол 55,5%-ды құрады  (Жоспар – 55%-дан төмен емес). 2014 жылы құқықтық статистикалық ақпараттар мен арнайы есепке алу мәліметтерінің 54 нысандары және түрлерінің  30-ы бойынша ақпарат электронды түрде ұсынылады.

Осы мақсатқа қол жеткізуге «Құқықтық статистикалық ақпаратты құру және алмасу үдерісін автоматтандыру» деген 2.1.1-міндет бағытталған,  ол 5 нәтижелер көрсеткіштерін қамтиды.

«Құқықтық статистикалық ақпараттарды жинауды, өңдеуді және ұсынуды автоматтандыру дәрежесі» көрсеткіші бойынша 71%-ды құрады (Жоспар – 66%-дан төмен емес), автоматтандырылуға тиісті статистикалық есептердің 38 нысанының 27 түрі автоматтандырылған.

Арнайы есепке алу мәліметтерін жинауды, өңдеуді және ұсынуды автоматтандыру дәрежесі 18,75%-ды құрады (Жоспар – 18%-дан төмен емес), арнайы есепке алу мәліметтерінің 16 түрінің 3 түрі автоматтандырылған (әкімшілік құқық бұзушылықтарды есепке алу, сот әрекетке қабілетті емес не қабілеті шектеулі деп таныған адамдарды есепке алу, бақылау және қадағалау органдары жүзеге асыратын және уәкілетті органда тіркелетін тексерулерді есепке алу).

Комитеттің ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған құқықтық статистика мен арнайы есепке алулар субъектілері ақпараттық жүйелерінің саны 16-ны құрады (Жоспар – 16 жүйе). 3 мемлекттік органның ақпараттық жүйелерімен интеграция аяқталды («Алматы облысы әкімінің талдамалық орталығы», Астана қаласы әкімдігінің «Интеграцияланған деректер қоймасы», Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «е-Қызмет» ИАЖ соттылығы туралы мәліметтерді беру бөлігінде). Сонымен, өсу жиынтығымен 16 интеграция іске асырылды.

Қызмет алушылардың көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасымен қанағаттанушылық деңгейі 100%-ды құрады (Жоспар – 100%). Мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы барлық сұратулар толық көлемде және белгіленген мерзімдерде қанағаттандырылды (2014 жылы 4 411 926 сұрату).

 Өз еркімен орындалған әкімшілік айыппұлдар бойынша қаулылар үлесі 72%-ды құрады (Жоспар – 45%-дан төмен емес). Әкімшілік айыппұлдар салу туралы 2 950 869 қаулылардың 2 123 937-і өз еркімен орындалды.

Жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге 2014 жылы операциялық және тоқсан сайынғы жоспарлармен көзделген прокуратура органдарының құқық қорғау әлеуетін іске асыруға және  мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені дамытуға бағытталған іс-шаралардың орындалуы         ықпал етті.

Одан басқа, қадағалау қызметінің тиімділігін арттыру және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін прокуратура органдары ішкі қызметті ұйымдастыруды жақсарту және функционалдық мүмкіндіктерді дамыту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруда.

Прокуратура органдарында қолайлы моральдық-психологиялық ахуал құрылған, жынысына қарамастан қызмет бабында мансаптық өсуге жағдай жасалған. 2014 жылы жоғары тұрған лауазымдарға 502 қызметкер, оның ішінде 60-ы басшы қызметтерге жылжытылды. 2164 қызметкер көтермеленді.

Ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында 87 қызметкер тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды жасау фактілері анықталмаған.

2014 жылы С.Есқараев атындағы Институт (бұдан әрі – Институт)  326 іс-шара ұйымдастырып, өткізді, оларда 6005 қызметкер дайындықтан өтіп, біліктіліктерін арттырды.

Оқу орталықтары барлығы 168 оқыту іс-шараларын өткізді, оларда 5196 қызметкер оқып шықты. Бұдан басқа, Оқу орталықтары аумақтық прокуратуралармен бірлесіп, 156 әдістемелік құрал дайындады, БАҚ-та 150 сөз сөйлеулер өткізілді және 80 ақпараттық хат жолдады.

Шетелдің оқу мекемелерімен ынтымақтастық шеңберінде Институт 2014 жылы Түркияның терроризмге қарсы күрес академиясында, Германияның және Израильдің оқу мекемелерінде оқыту іс-шараларын ұйымдастырды        және өткізді.

Қазіргі уақытта Институт 20-дан астам халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауда. 60-тан астам шетелдік сарапшы Институт базасында оқыту өткізді.

Прокуратура органдары мемлекеттік тілді оқыту курстарын ұйымдастырды, оларда 783 қызметкер оқытылды.

Бас прокуратураның веб-порталында қызметкерлердің әлеуметтік қорғаулына арналған бөлім орналастырылған.

Қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары қабылданды. Егер 2012 жылы 117 қызметкер, 2013 жылы 101 қызметкер тұрғын үймен қамтамасыз етілсе, 2014 жылы 168 қызметкер тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау шеңберінде Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің отырыстарында 6 мәселе қаралды. Бас прокуратура алқасының отырыстарында 10 мәселе қаралды.

2014-2018 жылдарға арналған Бас прокуратураның стратегиялық жоспары, оған енгізілген барлық өзгерістер және толықтыруларымен, ресми веб-сайтта жарияланды. Оның іске асырылу барысы бақылауда тұр.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.