You are here

2014-2018 жылдарға арналған стратегитялық жоспарының іске асырылуы туралы есеп

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 167 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2014-2018 жылдарға арналған стратегитялық жоспарының іске асырылуы туралы
есеп

Есеп беру кезеңі:2016 жыл

1.  Тәуекелдерді басқаруды талдау

Ықтимал тәуекелдің атауы

Тәуекелдерді басқару бойынша жоспарланған іс-шаралар 

Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралардың іс жүзінде орындалуы

Ескертпе

(орындалуы/орындалмауы туралы ақпарат)

1

2

3

4

1-стратегиялық бағыт. Заңдылықты қамтамасыз етуге және азаматтардың конституциялық құқықтарын, бостандықтарын және қоғам мен мемлекеттің  заңмен қорғалатын мүдделерін мүлтіксіз сақтауға бағытталған қадағалау қызметінің тиімділігін арттыру

1.1. мақсатЗаңның үстемдігін, азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету

1.2.мақсат Арнайы прокурорлардың сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу кезінде азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтауы

1.3. мақсат Шетелдік арбитраждар мен сот органдарында мемлекет мүддесін тиімді қорғау 

Заңның жетілмегендігі (құқық нормалары арасындағы қайшылықтар, құқықтық кемшілкітер және басқалары) заңдылықты қамтамасыз етуде және азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауда қиындықтар тудыруы мүмкін.

Қадағалау қызметін жүзеге асыру кезінде нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізіп, заңнаманы жетілдіру туралы ұсыныстар жасап шығару және іске асыру, оның ішінде уәкілетті мемлекеттік органдар арқылы.

НҚА мониторингі қорытындылары бойынша жолданды:

Ø Президент Әкімшілігіне ақпараттар (28.06.2016 және 27.12.2016);

Ø Әділет министрлігіне ақпараттар (22.06.2016 және 09.01.2017);

Ø уәкілетті органдарға – 47 ұсыныс, оның ішінде 11 аумақтық прокуратуралар жіберген

Мемлекеттік органдарда құқық қолдану практикасын бірдей тәртіпте жүргізбеу заң бұзушылыққа және азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтры мен заңмен қорғалатын мүдделерін бұзушылыққа әкеп соғуы мүмкін.

Үйлестіру кеңесінің отырыстары, прокуратура органдарының алқасы және басқа да ведомствоаралық кеңестер мен іс-шаралар шеңберінде ведомствоаралық өзара іс-қимылды жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырыстарында жалған кәсіпкерлікке қарсы іс-қимыл, ҚК мен ҚПК-ге түзетулер енгізу, «EXPO -2017» халықаралық көрмесін дайындау және өткізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл, алименттер өндіріп алу, құқық қорғау органдары жеке құрамының заңнама мен Әдеп кодексін сақтауы мәселелері қаралды. Бас прокуратураның алқа отырыстарында 10 мәселе қаралды (үлестік құрылыс, жерлерді өздігімен басып алу және басқалары).

Талқылау қорытындылары бойынша құқықтық, ұйымдастырушылық және практикалық шаралар кешені әзірленді

Прокурорлардың Прокуратура органдары мен мекемелері қызметкерлерінің ар-намыс кодексін сақтамауы (орындамауы), олардың құқық бұзушылықтар, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауы халықтың прокуратура органдарына деген сенімі деңгейін төмендетуі мүмкін 

Прокуратура органдары мен мекемелері қызметкерлерінің ар-намыс кодексі талаптарының бұзылуының, өз қатарларында сыбайлас жемқорлық жасаудың алдын алуға, және оғане қарсы іс-қимылға бағытталған профилактикалық шаралар кешенін жүзеге асыру.

Әдеп нормаларын бұзушылықтың барлық фактілері бойынша кінәлі прокурорлар белгіленген жауаптылыққа тартылды.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңнама мен Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтауы мәселесі Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы отырысында қаралды. Онда «Құқық қорғау органдарының өз қатарларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдеп стандарттарын сақтау» қысқа мерзімді (2017 жылға арналған) іс-шаралар жоспары («Жол картасы») таныстырылды. Құқық қорғау органдарыда өз (ішкі) қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жетілдіру, құқық қорғау органдарының тиімді ведомствоаралық өзара іс-қимылының алгоритмін айқындау, өзін ұстаудың әдеп стандарттарын сақтауды қамтамасыз ету бойынша жаңа әдістер әзірлеу және енгізу бағамдалады

Кадрлар ағыны, білікті қызметкерлердің жылыстауы қадағалау қызметін жүзеге асырудың сапасына кері әсер етуі мүмкін

Персоналды басқару жүйесін жетілдіру. Прокуратура органдарында қолайлы моральдық-психологиялық жағдай жасау, мәнсаптық өсу үшін жағдайлар жасау, қызмет өткеру кезінде ынталандыру мен көтермелеудің түрлі нысандарын енгізу, лайықты жұмыс жағдайларын қамтамасыз ету, тұрғын үй-тұрмыстық мәселелерді шешуге көмек көрсету

«Прокуратураға үздік кадрлар» жобасы іске асырылуда. Қызметке кандидаттардың құзыреттіліктерін бағалаудың 4 инструменті енгізілді (эссе жазу және кейстік (жағдаяттық) міндеттер шешу). Жаңа жүйе бойынша 64 кандидат еліміздің қалалық және аудандық прокуратураларында лауазымдарға тағайындалды. Құзыреттілік тәсіл қызметте ілгерілеу кезінде қолдануға енгізілді. Енді Бас прокуратурада, Астана және Алматы қалаларында жұмыс істегісі келетін прокурорлар, екі эссе жазу мен кейстік міндеттер шешу арқылы кәсіби дағдыларын бағалаудан өтеді (жаңа тәсіл бойынша 2016 жылы 35 қызметкер лауазымдарға тағайындалды, олардың ішінде Бас прокуратураға – 11, Астана прокуратура органдарына – 15, Алматы – 7

2-стратегиялық бағыт. Мемленкеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені жетілдіру және дамыту

2.1. мақсатМемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды құқықтық статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етудің тиімді және жедел жүйесін құру және дамыту

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің әлсіз материалдық-техникалық жарақтандырылуы олардың автоматтандыру мен біріктіруге дайын болмауына әкеп соғуы мүмкін

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіру саласындағы өзара іс-қимылды дамыту, ведомствоаралық кеңестерде туындайтын проблемаларды (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің дайын болмауы) қарау, олар бойынша ақпараттарды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне және уәкілетті мемлекеттік органдарға жолдау

СДТБТ АЖ-ның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ҚСжАЕК қызметкерлері жергілікті жерлердің құқық қорғау органдарына шығып (Астана, Алматы қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау облыстары, БҚО және ШҚО бойынша ІІД, ТЖД және ҚАЖД), практикалық көмек көрсетті. Сондай-ақ 16.03.2016 ІІМ-ге хат жолданды.

ҚСжАЕК аумақтық басқармалары ІІО-мен бірлесіп ай сайын техникалық жарақтандырылуға тексеріс жүргізеді. Бағдарламалық өнімдерді жаңарту, локалды-есептеуіш желілер мен жұмыс станцияларын күйге келтіруді оңтайландыру бойынша практикалық көмек көрсетеді. Бұл шаралар жергілікті жерлерде СДТБТ АЖ жұмысындағы іркілістерді барынша азайтуға мүмкіндік берді.

2016 жылдың 1 қыркүйегінде Астана қаласы мен Қарағанды облысы бойынша мемкірістер органдарында СЖТБТ АЖ пилоттық жобасын іске қосуға байланысты, ҚСжАЕК қызметкерлері техникалық жарақтандырылуды тексеру бойынша жұмыс жүргізді және практикалық көмек көрсетті. Нәтижелері бойынша кемшіліктерді жою жөнінде тиісті шаралар қабылдау үшін  МКК мекенжайына 09.09.2016 жыл хат жолданды

Еліміздің жекелеген аймақтарында қажетті байланыс арналарының болмауы автоматтандыру мен біріктіруге дайын болмауға әкеп соғуы мүмкін

 

 

2.  Мақсаттар мен нысаналы индикаторларға қол жеткізу

Нысаналы индикатордың атауы

Ақпарат көзі

Өлш. бірл.

Есептік кезең

Ескертпе

(орындалуы/орындалмауы туралы ақпарат)

Жоспар

нақты

1

2

3

4

5

6

1-стратегиялық бағыт. Заңдылықты қамтамасыз етуге және азаматтардың конституциялық құқықтарын, бостандықтарын және қоғам мен мемлекеттің  заңмен қорғалатын мүдделерін мүлтіксіз сақтауға бағытталған қадағалау қызметінің тиімділігін арттыру

1.1. мақсатЗаңның үстемдігін, азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету

Халықтың прокуратура органдарына деген сенімінің деңгейі

Сауалнама жүргізу

%

64

77,3

Көрсеткішке қол жеткізілді, оның нақты мәні (77,3%) жоспарлықтан жақсы (64%).

Соцсауалнама қорытындылары бойынша («Астана – Зерттеу» қоғамдық қоры жүргізген), прокуратура органдарына деген сенімді, респонденттердің 77,3%-ы білдірген

Мемлекеттік билік органдары мен лауазымды тұлғалардың (бақылау-қадағалау, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың) шешімдері мен әрекеттерін (немесе әрекестіздігін) даулау туралы істер бойынша сот қанағаттандырған арыздардың шешім шығарып қаралғандардың санына үлес салмағы

стат. деректер

%

47,5

36,1

Көрсеткішке қол жеткізілді, оның нақты мәні (36,1%) жоспарлықтан жақсы (47,5%).

«Азаматтық істерді қарау бойынша бірінші сатылы соттардың жұмысы туралы» № 2 нысанды статистикалық есеп бойынша 2016 жылы соттар шешім шығарып осы санаттағы 5538 азаматтық істі қарады   (сот орындаушыларының әрекеттерін даулау туралы істерді қоспағанда), олардың ішінде мәлімделген талаптардың қанағаттандырылғаны – 2000 немесе 36,1%

Заң бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды прокурорлық қадағалау актілері бойынша жойылғандардың анықталғандарға қатысты үлесі (әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау мәселелері бойынша)

стат. деректер

%

91,8

93,7

Көрсеткішке қол жеткізілді, оның нақты мәні (93,7%) жоспарлықтан жақсы (91,8%).

«Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бойынша прокурордың жұмысы туралы есеп» №1 нысанды статистикалық есеп бойынша 2016 жылы прокурорлар 90139 заң бұзушылықты анықтады, олардың ішінде 84432 немесе 93,6%-ы жойылды

Прокуратура органдарының әрекеттері (әрекетсіздіктері) мен шешімдеріне қылмыстық процесс қатысушылары берген сот қанағаттандырған шағымдарының қаралғандар санына үлес салмағы (сотқа дейінгі саты мен жедел-іздестіру қызметін қадағалау мәселелері бойынша)

стат. деректер

%

21

11,8

Көрсеткішке қол жеткізілді, оның нақты мәні (11,8%) жоспарлықтан жақсы (21%).

«Қылмыстық істерді қарау бойынша бірінші сатылы соттардың жұмысы туралы» №1 нысанды статистикалық есеп бойынша соттар «ҚПК 106-бабы тәртібінде прокурорлардың әрекеттері мен шешімдеріне берілген 339 шағымды қарады, олардың ішінде қанағаттандырылғаны – 40 немесе 11,8%

Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің заңсыз шешімдері мен әрекеттеріне прокурордардың қабылданбаған наразылықтарының үлес салмағы

стат. деректер

%

3

0

Көрсеткішке қол жеткізілді, оның нақты мәні (0%) жоспарлықтан жақсы (3%).

«Қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау және жазаны орындау бойынша прокурордың жұмысы туралы» №2 нысанды статистикалық есеп бойынша, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің заңсыз шешімдері мен әрекеттеріне берілген 166 наразылық қаралды, барлығы қанағаттандырылды

1.2.мақсат Арнайы прокурорлардың сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу кезінде азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтауы

Арнайы прокурорлар тергеп-тексерген қылмыстық істер бойынша ақталған адамдардың үлес салмағы

стат. деректер

%

4

2,4

Көрсеткішке қол жеткізілді, оның нақты мәні (2,4%) жоспарлықтан аспайды (4%).

Ведомстволық есеп бойынша арнайы прокурорлар 332 адамға қатысты 127 қылмыстық істі сотқа жіберіп аяқтады, олардың ішінде 5 іс бойынша соттар 8 адамға немесе 2,4%-ға қатысты айыптау үкімдерін шығарды 

1.3. мақсат  Шетелдік арбитраждар мен сот органдарында мемлекет мүддесін тиімді қорғау 

Іздеуде жүрген және шетелдік мемлекеттердің аумағында ұсталған Қазақстан Республикасының азаматтарын беру туралы қанағаттандырылған талаптардың үлесі 

стат. деректер

%

88,5

91,4

Көрсеткішке қол жеткізілді, оның нақты мәні (91,4%) жоспарлықтан асады (88,5).

«Халықаралық шарттардың қолданылуы мен міндеттемелерді орындауды қадағалау бойынша прокурордың жұмысы туралы № 7 нысанды статистикалық есеп бойынша, шетелдік мемлекеттер 93 талапты қанағаттандырды, олардың ішінде 85 немесе 91,4% қанағаттандырылды 

2-стратегиялық бағыт. Мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені жетілдіру және дамыту

2.1. мақсат Мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды құқықтық статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етудің тиімді және жедел жүйесін құру және дамыту

Электрондық форматта ұсынылатын құқықтық статистикалық ақпарат пен  арнайы есептер мәліметтерінің нысандары мен түрлерінің үлес салмағы

ҚСжАЕК деректері

%

85

86,8

Көрсеткішке қол жеткізілді, оның нақты мәні (86,8%) жоспарлықтан асады (85%).

Ведомстволық есепке алу бойынша, статистикалық есептер мен арнайы есепке алу түрлерінің 53 нысанының 46 немесе 86,8%-ы электрондық форматта берілді

Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің электрондық жүйесі арқылы берілетін статистикалық есептердің үлесі 

ҚСжАЕК деректері

%

70

83,3

Көрсеткішке қол жеткізілді, оның нақты мәні (83,3%) жоспарлықтан асады (70%).

Ведомстволық есеп бойынша, СДТБТ-де жасалатын статистикалық есептердің 12 нысанының 10 немесе 83,3% электрондық форматта беріледі

Мемлекеттік органдардың деректер базаларымен ақпараттық өзара іс-қимыл жасаудың үлес салмағы 

ҚСжАЕК деректері

%

92

92,9

Көрсеткішке қол жеткізілді, оның нақты мәні (92,9%) жоспарлықтан асады (92%).

Ведомстволық есепке алу бойынша, ҚАО ААЖ шеңберінде меморгандармен ақпараттық өзара іс-қимыл бойынша 85 сервистің 79 немесе 92,9%-ы іске асырылды

Бүкіләлемдік Экономикалық Форумы Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің нысаналы индикаторлары 

Саясаткерлерге деген қоғамдық сенім

БЭФ ҒБИ  есебі

ұстаным

29

32

Социологиялық сауалнамаға сәйкес  («Астана – Зерттеу» қоғамдық қоры жүргізген), Бас Прокурорға сенімді респонденттердің 76,2%-ы білдірген

Шенеуніктер шешіміндегі фаворитизм

БЭФ ҒБИ  есебі

ұстаным

48

55

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша прокуратура органдарының 6 объектісіне жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша, шешімдер қабылдау кезінде әділ таңдамау фактілері анықталған жоқ 

Мемсекторда шешімдер қабылдаудың ашықтығы 

БЭФ ҒБИ  есебі

ұстаным

30

29

 «Атамекен» ҰКП өкілдері мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелген бірлестіктері тұрақты негізде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын, прокуратура органдарының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға тартылды (бизнес-климатты жақсартуға, әкімшкедергілерді жоюға бағытталған шаралар, оның ішінде заңнамалық шаралар жасап шығару және т.б.).

Мысалы, бизнесті қорғау жөніндегі жоба шеңберінде Бас прокуратура «Атамекен» ҰКП және «Нұр Отан» жанындағы кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің, МКК, СЖҚІҰБ өкілдерімен бірлесіп «Жол картасын» дайындады, онда 5 негізгі бағыт бойынша 110-нан астам ұйымдастыру-практикалық және жоспарлық іс-шаралар қамтылған (бизнеске қысымды төмендету; қылмыстық процесте кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау; азаматтық және әкімшпроцестерде олардың құқықтарын қамтамасыз ету; әкімшкедергілерді жою; кәсіпкерлікті жаппай дамыту. Ол Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында бекітілді  

 

3.  Аналитикалық жазба

Есептік кезең ішінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары 13 нысаналы индикаторды көздеді. Барлығы бойынша жоспарлық мәндерге қол жеткізілді.

Қоғамдық пікірді социологиялық зерттеудің (сауалнаманың) нәтижелері көрсеткендей, жалпы халық прокуратура органдарының жұмысын оң бағалайды. Жағымсыз баға беру себептері арасында респонденттер көбінесе сыбайлас жемқорлық көріністері мен кейбір прокурорлардың жеткіліксіз біліктілігін көрсетті.

2016 жылдың екінші жартысынан бастап Бас прокуратура бұл салаларда түбегейлі өзгерістер бастағандығын атап өткен жөн.

«Прокуратураға – үздік кадрлар!» жобасы іске асырылуда, оның шеңберінде прокуратура органдарына қызметке кандидаттар іріктеуге жаңа тәсілдер енгізілді. Енді құзыреттіліктерді бағалау үшін 4 инструмент көзделген, оның ішінде өмірлік тәжірибесін сипаттау, эссе жазу, кейстік (жағдаяттық)  міндеттер шешу және психологиялық зерттеу. Орындалған жұмыстарды шифрланған түрде тәуелсіз сарапшылар бағалайды  (кандидат оны кім бағалайтынын, ал сарапшы кімнің жұмысын бағалайтынын білмейді). Бағалаудың жаңа инструменттерін қолдана отырып өткізілген екі конкурс қорытындылары бойынша, 1839 кандидаттың тек 128-і ған барлық кезеңнен сүрінбей өтті. Қазір 64 кандидат еліміздің қалалық және аудандық прокуратураларында лауазымдарға тағайындалды.

Жүйелі негізде Құқық қорғау органдары академиясы ұйымдастыратын оқыту іс-шаралары арқылы прокурорлардың кәсіби деңгейі мен біліктілігі арттырылады. 2016 жылы кәсіби даярлау курстарынан бір ай ішінде 221 жас маман өтті (қызмет өтілі бір жылға дейінгі), кәсіби қайта даярлаудан және біліктілік арттырудан – Құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резервінде тұрған 9 прокурор өтті. 630-дан астам қызметкер оқыту тренингтеріне қатысыт.

Сыбайлас жемқорлық көріністері мен әдеп нормаларын бұзушылықтар профилактикасы мен алдын алу жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында, ішкі (өз) қауіпсіздігін қамтамасыз ету желісі бойынша аумақтық прокуратуралардың барлық қызметкерлері Бас прокуратураның бейіндік Басқармасына қайта бағынысты етілді. 2016 жылы өз күштерімен 3 сыбайлас жемқорлық фактісі анықталды. Олардың барлығы БАҚ-тарда ашық әрі объективті түрде жарпияланды. Әдеп стандарттарын бұзғаны үшін тәртіптік түрде барлығы 20 прокурор жазаланды, оның ішінде 9-ы жұмыстан шығарылды. Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында 2016 жылдың 27 желтоқсанында құқық қорғау органдары жеке құрамының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мен Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтауы мәселелері қаралды. Қорытындысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың, оны болдырмаудың, құқық қорғау қызметі жүйесінде әдеп стандарттарын сақтаудың тиімді жүйесін құру бойынша нақты іс-шараларды көздейтін Жол картасының (іс-шаралар жоспары) таныстырылымы өтті.

Бұдан басқа, есептік кезеңде индикаторға қол жеткізу мақсатында, прокуратура органдары ашықтықты арттыруға және жұртшылықпен тиімді диалог орнатуға мақсатты шаралар қабылданды:

Ø  Жеке қабылдауда 46 мыңнан астам азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдері қабылданды, оның ішінде прокуратура органдарының басшылары 31 мыңнан астам. Өтініштер бойынша 32 мыңнан астам азаматтың құқықтары қалпына келтірілді;

Ø  Бас прокуратура алқаларын «Facebook» әлеуметтік желісінде онлайн трансляциялау әдісі енгізілді;

Ø  Орталық аппараттың 24 қызметкерінен және облыстық прокуратуралардың 12 қызметкерінен тұратын Шешендер пулы жасақталды. Олар әлеуметтік-құқықтық телебағдарламаларға, радиобағдарламаларға қатысып, құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізеді;

Ø  «Прокурордың 100 кеңесі» практикалық жинағы мен оның тегін мобильді қосымшасы әзірленді. Бұл жинақ заң тұрғысында күнделікті өмірде жиі туындайтын сұрақтарға жауаптар береді;

Ø  «Қылмыстық құқық бұзу картасы» интернет-порталы құрылды. Оған барлық қалалар мен аудан орталықтарының карталары қосылды. Бұл 203 елді мекен, онда 11,3 млн. астам азамат тұрады. Кез келген облыс түймесін басу арқылы қылмыстардың жалпы санын, ал жақыннан көру арқылы көшелер бойынша қылмыстылықтың егжей-тегжейлі сипатын, оның ішінде қылмыс орнын, уақыты мен түрін көруге болады. Картада сондай-ақ учаскелік полиция бекеттерінің орналасқан жері туралы мәліметтер бар.

Жалпы прокуратура органдары жұмыстарының нәтижелері БАҚ-тарда 26 330 материал беру арқылы жарияланды, о.і. баспада – 10 800, ведомстволық сайттарда – 3 822, радиодан сөз сөйлеу – 3 324, телевидениеден сөз сөйлеу – 4 168 және т.б.

Қадағалау қызметінің басымдықтары ретінде, бұрынғыша, азаматтардың құқықтары мен мемлекет мүдделерін қорғау болды.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 1,5 миллионға жуық азаматтың құқықтары қорғалды, олардың ішінде 270 мың бала, 5,9 млрд. теңге мөлшерінде жалақы берешектері өтелді,  26 млрд. теңгеге 770 заңсыз мемлекеттік сатып алудың күші жойылды. Ұлтқорға нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған 12,6 млрд. теңге өтелді. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша бюджетке барлығы  62 млрд. теңге өндіріп алынды. Сот актілеріне берілген наразылықтар бойынша 19 млрд. теңгеге мемлекеттік бюджет шығындарына жол бермеу жұмысы атқарылды.

2016 жылы Бас прокурордың қоржынында 42 бастама болды (аяқталғаны – 3), о.і. тұрмыстық зорлық-зомбылық, азаптау, жерлерді өздігімен басып алу, кәсіпкерлікті қорғау, үлестік құрылыс мәселелері және басқа да қоғам үшін өзекті мәселелер бойынша. Олар БАҚ-тарда кеңінен таратылды. Қылмысқа қарсы іс-қимыл жасау мәселелері бойынша шетелдік мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі жұмыс жалғасын тапты. Иранмен, Сербиямен, Сауд Арабия Корольдігімен 7 мемлекетаралық шартқа қол қойылды. Қазақстанның қылмыстық сот ісі саласындағы Еуропа конвенцияларына қосылуы үшін жағдайлар жасауға бағытталған Еуропа Кеңесінің Іс-қимылдар жоспары іске асырылуда. Бұл 47 еуропа мемлекеттерімен ынтымақтаса жұмыс істеуге мүмкіндік бермек.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсыну процесі жетілуде. Есептік жылда тағы бір түрі енгізілді: «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлімет беру». Бас Прокурордың 2016 жылғы 30 наурыздағы № 53 және 2016 жылғы 15 маусымдағы  № 110 бұйрықтарымен осы мемлекеттік қызметті ұсыну стандарты мен регламенті бекітілді. Жалпы Бас прокуратура 2016 жылы 2 592 857 мемлекеттік қызмет көрсетті (4 түр бойынша). Барлығы уақытылы және сапалы. Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсетудің тәртібі туралы хабардарлығын арттыру мақсатында 224 түсіндіру іс-шаралары өткізілді. Ағымдағы жылы прокуратура органдарының күштері Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 196 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын іске асыруға бағытталатын болады.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.