You are here

2013 жылы Бас прокуратураның Стратегиялық жоспарын іске асыру туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 01-39.121 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының (бұдан әрі – Жоспар) мақсаттарына, міндеттеріне және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында прокуратура органдары 2013 жылы белгілі бір жұмыс атқарды.

«Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының қадағалау қызметінің тиімділігін және құқық қорғау әлеуетін іске асыруды арттыру» 1-стратегиялық бағыты «Заңдылықты және азаматтардың конституциялық құқықтарын бұлжытпай орындауды қамтамасыз ету» деген 1.1-мақсатты қамтиды, оның индикаторы «Халықтың прокуратура органдарына сенімінің деңгейі» (Жоспар – 59,5%-дан кем емес) болып табылады. Оған қол жеткізу дәрежесін анықтау мақсатында 2012  жылдың 4-тоқсанында «КазГЮУ Consulting» ЖШС-мен Қазақстан Республикасының прокуратура органдары туралы қоғамдық пікірді әлеуметтанушылық зерделеу жүргізілді. Жауап берушілердің 77,7%-ы прокуратура органдарына сенім білдірді.

1.1-мақсатқа қол жеткізуге 3 міндет бағытталған, олар 10 нәтижелер көрсеткіштерін қамтиды.

«Әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды жетілдіру» деген 1.1.1-міндетте 5 көрсеткіш көзделген.

Сот қанағаттандырған мемлекеттік билік органдары мен лауазымды тұлғалардың (бақылау-қадағалау, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың) шешімдері мен әрекеттерін (немесе әрекетсіздігін) дау келтіру туралы істер бойынша арыздардың үлес салмағының қаралған істердің санына қатынасы 54,4%-ды құрады (Жоспар – 50,5%-дан аспайды). Соттар осы санаттағы 5161 істі шешім шығарып қараған, оның ішінде 2811 іс бойынша мәлімделген талаптар қанағаттандырылған.

Бұл көрсеткішке қол жеткізбеу Астана қаласында, Жамбыл және Алматы облыстарында дауларды сот тәртібінде шешу алдында мемлекеттік органдар мен азаматтар арасында қолданыстағы заңнамамен реттелмеген өзара қарым-қатынастар болған істердің едәуір өсуіне байланысты.

Мысалы, Алматы облысында қаралған 539 істен ҚХР-нан келген оралмандардың олардың жеке басын куәландыратын құжаттарға өзгерістер енгізуге көші-қон полициясы органдарын міндеттеу туралы 287 арызы соттармен қанағаттандырылған (канағаттандырылғандардың ішінен 61,4%). Бұл мәселенің пайда болуы Қазақстанға келген оралмандардың қытайлық ұлттық төлқұжаттарында тегінің болмауына байланысты, сондықтан, оларды Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке басы куәліктерімен құжаттандыру кезінде оралмандардың аты «тегі» бағанында көрсетілген, ал «аты» және «әкесінің аты» бағандары толтырылмай қалған.

Жамбыл облысында соттар азаматтардың мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссиялар қорытындыларын дау келтіру туралы 35 арызын қанағаттандырған (канағаттандырылғандардың ішінен 46,6%). Олардың күшін жою негіздері болып даулы объектілерге негізсіз меншік құқығын алған жауапкер-жеке тұлғалар тарапынан орын алған жосықсыз әрекеттер табылды. Аудан әкімдіктері мен олардың тиісті бөлімшелері істерге ортақ жауапкерлер ретінде қатысу үшін тартылған (сот актілерін одан әрі орындау қажеттілігіне байланысты).

Астана қаласында соттар «Астана қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-нің өз бетінше салынған құрылыстарды қабылдаудан бас тарту туралы іс-әрекетін даулау жөніндегі 155 арызды қанағаттандырған (канағаттандырылғандардың ішінен 29,6%), ол қалыптасқан сот тәжірибесіне байланысты.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жойылған заңдылықты бұзушылықтардың, олардың пайда болуының себептері мен жағдайларының анықталғандарға қатысты үлесі 90,1%-ды құрды (Жоспар – кемінде 77,5%). Прокуратура органдарымен анықталған 452179 бұзушылықтардың (әлеуметтік-экономикалық салада) іс жүзінде 407443-і жойылды.

Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының заңсыз шешімдері мен әрекеттеріне жасалған қабылданбаған прокурорлық қадағалау актілерінің үлес салмағы (әлеуметтік-экономикалық салада) 0,3%-ды құрды (Жоспар – 2,5%-дан аспайды). Енгізілген 8283 наразылықтың 24-і қабылданбады.

Құқықтарын прокуратура органдары қорғаған кәмелетке толмағандардың саны 176497-ні құрды (Жоспар – кемінде 147885).

Сот орындаушылары жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша нақты өндіріп алған жалпы сомаға қатысты прокурорлық қадағалау актілері бойынша нақты өндіріліп алынған сомалардың үлес салмағы 85,6%-ды құрды (Жоспар – 40%-дан төмен емес). Осы санаттағы атқарушылық құжаттар бойынша сот орындаушылары мәжбүрлі түрде өндірген 1 400 601 635 теңгенің 1 198 816 637 теңгесі прокурорлық қадағалау актілері бойынша орындалған.

«Қылмыстық іс жүргізуде және қылмыстық жазаларды орындау сатысында заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды жетілдіру» деген 1.1.2-міндетте 3 көрсеткіш көзделген.

Прокуратура органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне (тергеудің, анықтаудың және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау мәселелері бойынша) қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың сот қанағаттандырған шағымдарының үлес салмағы 16,6%-ды құрады (Жоспар – 23%-дан аспайды). Соттар қаралған осы санаттағы қылмыстық процестің 295 қатысушысының 49-сының шағымын қанағаттандырды.

Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің заңсыз шешімдері мен әрекетеріне прокурорлардың қабылданбаған наразылықтарының үлес салмағы 0%-ды құрды (Жоспар – 12%-дан аспайды). Прокурорлар келтірген 70 наразылықтың біреуі де қабылданбай қалған жоқ.

Қылмыстық істерін арнайы прокурорлар тергеген ақталған адамдардың үлес салмағы 1,7%-ды құрады (Жоспар – 13%-дан аспайды). Қылмыстық істерін арнайы прокурорлар тергеген 231 адам сотқа сотқа берілген, олардың 4-і ақталды.

«Бас прокуратураның ақпараттық жүйесін жаңғырту, ақпараттық-техникалық ықпалды дамыту және талдамалық деректерді қалыптастыру арқылы қадағалау қызметінің жеделдігін арттыру» деген 1.1.3-міндетте              2 көрсеткіш көзделген.

Прокуратуралардың электрондық форматта статистикалық деректер негізінде талдамалық ақпаратты қалыптастыру жүйесімен жабдықталу дәрежесі 77%-ды құрды (Жоспар – 77%-дан кем емес). 312 прокуратураның 241-і аталған сипаттағы жүйемен жабдықталған.

Прокуратура органдарында электрондық форматта жүргізілетін құжат айналымының үлесі 94%-ды құрады (Жоспар – 94%-дан кем емес). Прокуратура органадары қызметкерлері мен жұмысшыларының барлық 5476 жұмыс орындарынан 4748-і басқа органдармен электрондық форматта құжат айналымын жүргізуге мүмкіндігі бар.

«Мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені жетілдіру және дамыту» деген 2-стратегиялық бағыт «Жеке және заңды тұлғаларды, мемлекеттік органдарды құқықтық статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етудің тиімді және жедел жүйесін құру» деген 2.1-мақсатты қамтиды. Осы мақсаттың индикаторы «Электрондық форматта берілетін құқықтық статистикалық ақпараттар мен арнайы есепке алу мәліметтері нысандарының және түрлерінің үлес салмағы» болып табылады, ол 27%-ды құрады (Жоспар – кемінде 27%). 2013 жылы құқықтық статистикалық ақпараттар мен арнайы есепке алу мәліметтерінің 55 нысандары және түрлерінің 15-і автоматтандырылған, олар бойынша ақпарат электронды түрде ұсынылады.

Осы мақсатқа қол жеткізуге «Құқықтық статистикалық ақпаратты құру және алмасу үдерісін автоматтандыру» деген 2.1.1-міндет бағытталған, ол               4 нәтижелер көрсеткіштерін қамтиды.

«Құқықтық статистикалық ақпараттарды жинауды, өңдеуді және ұсынуды автоматтандыру дәрежесі» көрсеткіші бойынша 34%-ды құрады (Жоспар – кемінде 34%), статистикалық есептердің 41 нысанының 14-і автоматтандырылған.

Арнайы есепке алу мәліметтерін жинауды, өңдеуді және ұсынуды автоматтандыру дәрежесі 7%-ды құрады (Жоспар – кемінде 7%), арнайы есепке алу мәліметтерінің 14 түрлерінің 1-і автоматтандырылған.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің ақпараттық жүйелермен кірігуінің деңгейі 40%-ды құрды (Жоспар – кемінде 40%). 31 мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерімен ықпалдастыру жоспарланған, қазіргі уақытта оның 13-імен іске асырылды.

«Өз еркімен орындалған әкімшілік айыппұлдар бойынша қаулылар үлесінің артуы» көрсеткіші бойынша 60,3%-ды құрды (Жоспар – кемінде 40%). Әкімшілік айыппұлдар салу туралы 2659289 қаулылардың 1603142-і өз еркімен орындалды.

Жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуге 2013 жылы операциялық және тоқсан сайынғы жоспарлармен көзделген прокуратура органдарының құқық қорғау әлеуетін іске асыруға және  мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені дамытуға бағытталған іс-шаралардың орындалуы ықпал етті.

Одан басқа, қадағалау қызметінің тиімділігін арттыру және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін прокуратура органдары ішкі қызметті ұйымдастыруды жақсарту және функционалдық мүмкіндіктерді дамыту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруда.

Прокуратура органдарында қолайлы моральдық-психологиялық ахуал құрылған, жынысына қарамастан қызмет бабында мансаптық өсуге жағдай жасалған. 2013 жылы жоғары тұрған лауазымдарға 954 қызметкер, оның ішінде 116-ы – басшы қызметтерге жылжытылды. 1797 қызметкер көтермеленді. Прокуратура органдарында кәсіби кадрларды сақтау мақсатында 126 қызметкерге қызмет ету мерзімі ұзартылды. Ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында 162 қызметкер тәртіптік жауаптылыққа тартылды, оның ішінде 3 қызметкер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін. Прокуратура қызметкерімен жасалған 1 сыбайлас жемқорлық қылмыс анықталды.

2012 жылы С.Есқараев атындағы Институтпен 20 оқыту іс-шаралары өткізілді, оның ішінде АҚШ, Ұлыбритания елшіліктерінің, ЕҚЫҰ Орталығының, Көші-қон бойынша халықаралық ұйымның қолдауымен. Оларға прокуратура органдарының 800 қызметкерлері және басқа мемлекеттік органдардың 200 жұмысшылары қатысты.

Облыстық және оған теңестірілген прокуратуралардағы Оқу орталықтарында 340 жас маман оқып шықты, оларға курстарды аяқтауы туралы сертификаттар тапсырылды.

Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту шеңберінде Украинаның Ұлттық прокуратура академиясымен, Түрік Республикасы Әділет академиясымен, Ресей Федерациясы Бас прокуратурасы Академиясының прокуратура органдары басшы кадрларының біліктілігін арттыру Институтымен, Ресейдің халықаралық психологиялық ғылымдар Академиясымен  өзара қарым-қатынас орнатылды.

Мысалы, 2013 жылғы 23-28 қыркүйек аралығында прокуратура органдарының 27 қызметкері Түрік Республикасының Әділет академиясында терроризм мен діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жасауға байланысты бағдарламалар бойынша оқып шықты.

Прокуратура органдары мемлекеттік тілді оқыту курстарын ұйымдастырды, оларда 617 қызметкер оқытылды.

Прокуратура органдарының 10 әкімшілік ғимараты салынды, оның ішінде Бас прокуратураның жаңа ғимараты. Тұрғын үй-тұрмыстық мәселелерді шешуге шаралар қабылдануда.

Ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау шеңберінде Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің отырыстарында 7 мәселе қаралды. Бас прокуратура алқасының отырыстарында 11 мәселе қаралды.

Мысалы, Бас Прокурордың төрағалық етуімен 2013 жылғы 21 қазанда сыбайлас жемқорлық қылмыспен күрес мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру Кеңесі өткізілді.

Президент Әкімшілігі Басшысының 2014 жылғы 10 ақпандағы № 01-38.15 бұйрығымен 2014-2018 жылдарға арналған Бас прокуратураның стратегиялық жоспары бекітіліп, ол ресми веб-сайтта жарияланды. Бас прокуратураның стратегиялық жоспарын іске асыру барысы тұрақты бақылауда тұр.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.