You are here

Заңдылықты қамтамасыз етудегі қалалық және аудандық прокуратураларды рөлін көтеру» тақырыбындағы Республикалық семинар-кеңес

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

БАСПАСӨЗ МӘЛІМЕТІ

Бүгін Астанада «Заңдылықты қамтамасыз етудегі қалалық және аудандық прокуратуралардың рөлін көтеру» тақырыбындағы екі күндік республикалық семинар-кеңестің жұмысы басталды  

Аудандық буындағы прокурорлардың қатысуымен республикалық деңгейдегі семинар тұғыш рет ұйымдастырылып отыр.  

Семинар жұмысына Президент Әкімшілігі басшысының   орынбасары Т.С. Донақов, Ішкі Істер Министрі С.Н. Баймағанбетов, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің төрағасы Қ.А. Нұрпейісов, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры А.А. Орсариев, Қазақстан Адвокаттар Одағының президенті Ә.Қ. Түгел, «Нұр-Отан» Халықтық демократиялық партиясының Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Б.Ғ. Рахымбеков және өзге де мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Семинар бағдарламасы еліміздің Құқықтық саясат тұжырымдамасын жүзеге асыру, процессуалдық негіздерді кеңейту және прокуратураның үйлестірушілік рөлін арттыру шеңберіндегі прокурорлық қадағалауды дамыту мәселелерін талқылауды қамтиды.

Бас Прокурор Қ.Мәми заңдылықты нығайту, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету, прокурорлық қадағалаудың тиімділігін арттыру, сонымен қатар прокурорлық қызметкерлердің кәсіби корпусын қалыптастыруға бағытталған Президент қойған міндеттердің жүзеге асырылу жай-күйі туралы баяндады.

Жиналыстың бірінші күнінде Прокурордың ар-намыс Кодексін және Прокурорлар ассоциациясының Жарғысын таныстыру рәсімі өткізілді.

Кодекс бүгінгі таңдағы жаңалықтарға орай, мемлекеттің кадрлық саясатын анықтайтын бағдарламалық құжаттардың шеңберінде дайындалған.

Құжатта Мемлекет Басшысының қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту және құқық қорғау қызметтерін әрі қарай жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы сәуірдегі Жарлығының ережелері көрініс тапты. Атап айтқанда, мұнда прокуратура қызметкерлерінің өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық туралы басшыларына немесе құқық қорғау органдарына хабарлау міндеті бекітілген.

Кодекс нормалары қызметтегі және тұрмыстағы моральдық-этикалық талаптарды бекітіп, прокуратура қызметкерлерінің  қызметтік этикетінің негізгі ережелерін анықтайды.

Прокуратура тарихында тұңғыш рет «Қазақстандық Прокурорлар ассоциациасы» қоғамдық бірлестігі құрылды. Мұндай ассоциациялар көптеген дамыған елдерде белсенді қызмет етеді. Бұл бірлестіктің негізгі міндеті прокуратура органдарының мүдделерін білдіру және қорғау, шет мемлекеттердегі осындай ұйымдармен халықаралық қатынас орнатып, дамыту болып табылады.

Ассоциация прокуратура жұмысының, прокуратура статусының өзекті мәселелерін қарастырып, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуға және тағы басқаларға мүмкіндік береді.

Семинар барысында прокурорларға заңдылық пен құқық тәртібін тиісті деңгейде қамтамасыз етуге, қоғам мен мемлекеттің және азаматтардың заңды мүдделерін қорғауға бағытталған нақты ұсыныстар берілетін болады.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Баспасөз қызметі

Тел-факс: 71-27-58 web-сайт: www.prokuror.kz.  Эл. мекен жайы:Akparat@prokuror.kz

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.