You are here

Бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесін енгізу және оның жұмыс істеуі мәселелері талқыланды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Павлодар облыстық прокуратурасында Бас прокуратураның Бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесін (БАТЖ) енгізу шеңберінде жүйені әзірлеуші - «IT Research Center» ЖШС және   ЕМС Documentumкомпаниясы өкілдерімен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында облыс прокуратурасына және оның құрылымдық бөлімшелеріне БАТЖ енгізу және жүйенің жұмыс істеуі мәселелері, сондай-ақ БАТЖ-мен бірге Бас прокуратураның басқа да ақпараттық жүйелерін интеграциялау және дамыту мәселелері талқыланды.

Бас прокуратураның Департаменті бастығы И.Испанов атап өткендей, БАТЖ жүйесі прокуратура органдарының негізгі қызметін автоматтандыруға және прокурорлық қадағалаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, электронды құжат айналымын енгізу қағаз өнімдеріне, байланыс қызметіне, почта-телеграфтық және курьерлік қызметтерге жұмсалатын шығыстарды едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

Ол сондай-ақ кездесуге қатысушыларды прокуратураның 115 өңірлік органдарында азаматтарға кедергісіз электронды нысанда арыз беруге не өзінің дауыс хабарламасын (телефон арқылы) тіркеуге мүмкіндік беретін, оған прокуратура органдары жедел мән беруі керек болатын портал жәнеСall-орталығын енгізу бойынша Бас прокуратура жүргізіп отырған жұмыстар туралы хабардар етті. Осылайша, азаматтардан келіп түсетін барлық өтініштер, шағымдар, арыздар  Бас прокуратураның БАТЖ-не келіп түсетін болады, ол жерде оларға бақылау жасау және дер кезінде қарау қамтамасыз етілетін болады. Жобаны енгізудің аяқталуы бойынша жеке және заңды тұлғалар прокуратура органдарына электронды цифрлы қол белгісі қойылған электронды түрдегі шағымдарын жолдай алады және нақты уақыт режимінде өз шағымын қарау барысы туралы ақпарат, сондай-ақ прокуратураның ресми электронды жауабын ала алады.

Кадр және қаржы қызметтерінің жұмыстарын автоматтандыру мақсатында прокуратура органдарына кадрларды және  қаржы ресурстарын басқару жүйесін жетілдіруді қамтамасыз ететін тиісті ақпаратты жүйе енгізілген. Мысалы, қазіргі таңда, қаржыландыру жоспарын орындау барысы және прокуратураның аумақтық органдарының қаржылық тәртіпті сақтауы туралы расталған ақпараттарды жедел режимде қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бухгалтерлік есепті енгізу жөніндегі бағдарламаларды дамыту бойынша жұмыстар жалғасып келеді.

Үстіміздегі жылы прокуратура органдарының корпоративті желісі базасында кеңестерді интерактивті режимде өткізуге арналған бейнеконференцбайланыс енгізу жоспарланып отыр. Қаларалық сөйлесулерге жұмсалатын шығыстарды едәуір қысқартуға мүмкіндік беретін IP-телефония – корпоративті телефон желісі де пайдаланылуда және кезең-кезеңмен кеңейтіліп келеді.

Жұмыстың тиімділігін және қолданыстағы заңнамаларға сәйкес мемлекеттік органдардың деректер базасына рұқсат алуды ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін Бас прокуратура қылмысқа қарсы тиімді күреске, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған құқық қорғау органдарының порталы мен шлюзін құру жөнінде жұмыстар жүргізіп отыр.

Кездесудің қорытындысы бойынша Павлодар облыстық прокуратурасы мен оның құрылымдық бөлімшелеріне ЕМС Documentum компаниясы тарапынан консультативтік көмек және қажетті ұсынымдар көрсете отырып, БАТЖ жүйесін енгізу мәселелері бойынша ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Баспасөз-қызметі

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.