You are here

Баспасөз ақпараты (астана қаласы, 2010 жылдың 21 қазаны)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында ақпараттық технологияларды қолдану» атты тақырыпта неміс сарапшыларының қатысуымен екі күндік семинар өз жұмысын бастады.

Семинарды Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель ашты, ол талқыланып отырған тақырыптың прокуратура органдары қызметін жетілдіру үшін жоғары өзектілігін атап өтті, өйткені,  қылмыстарды жедел тергеу көп жағдайда тергеу және анықтау органдарын расталған ақпараттармен қамтамасыз етуге байланысты болады, ал автоматтандырылған жүйені қолдану іздеудің тиімді әдістерін құруды және оларды нәтижелі пайдалануды қамтамасыз етеді.

Семинар барысында неміс сарапшылары Германияның құқықтық жүйесі туралы, құқық қорғау органдарының қызметінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың тәжірибесі, арнаулы юрисдикцияларға арналған электронды құқықтық байланыс туралы, сондай-ақ ақпараттық технологиялардың инфрақұрылымдарындағы ақпараттық қауіпсіздік шаралары туралы әңгімелеп берді.

Қазақстанның прокуратура органдары өкілдері Бас прокуратураның және Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі туралы баяндап, азаматтық-құқықтық статистиканы қалыптастырудың мәселелері жөнінде жария етті, сондай-ақ құқық қорғау және арнайы органдардың ақпарат алмасу жүйесін құру жобасымен таныстырды.

Кездесудің қорытындысы бойынша ұсынылған жобалар талқыланды, тараптар ақпараттық технология мәселелері бойынша одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін жеткізді.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Тел-факс: 71-26-30. web-сайт: www.prokuror.kz

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.