You are here

«Прокуратура органдарынан, тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің паспорты (бұдан әрі - қызмет)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

1.

Қызметті көрсететін мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Халықаралық ынтымақтастық департаменті (бұдан әрі – қызмет беруші).

2.

Қызметті тұтынушылар

Жеке тұлғалар (бұдан әрі – қызметті алушы).

3.

Қызметті көрсетудің нысаны

Қағаз түрінде.

4.

Қызметті беру орны

Астана қ., Орынбор көшесі 14.

5.

Қызметті беру тәртібі

1) қызметті берушіге жүгіну арқылы;

2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны арқылы жүгіну жолымен (бұдан әрі – Халыққа қызмет көрсету орталығы).

6.

Қажетті құжаттар

өтініш;

жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабының күшін жоятын Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің аумағында заңдастырылуы талап етілетін прокуратура органдарының, тергеу және анықтау органдарының ресми құжат;

мемлекеттік бажды төлеу туралы түбіртек.

Қызмет алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген жағдайда, жоғарыда көрсетілген құжаттарға қосымша қызмет алушының мүдделерін үшінші тұлғаның білдіруіне арналған нотариус растаған сенімхат және қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариус растаған көшірмесі де ұсынылады.

7.

Қызметтің құны және төлеу тәртібі

Айлық есептік көрсеткіштің 50 % мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.

8.

Қызметті алу кезінде жеңілдіктер бар ма

Көзделмеген.

9.

Қызметті көрсету процесінің сипаттамасы

1) қызмет алушы жүгінген кезден бастап қызмет берушінің қызметкері құжаттарды отыз (30) минут ішінде қабылдайды;

2) қызмет берушінің қызметкері төрт (4) сағат ішінде қызмет алушының анықтау деректерін есеп журналына тіркейді, ресми құжаттың шынайылығын картотека бойынша тексереді, ұсынылған құжатты апостиль қоюға немесе қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауапты дайындайды және қызмет берушінің уәкілетті басшысына зерделеу үшін ұсынады;

3) қызмет берушінің уәкілетті басшысы екі (2) сағат ішінде қызмет алушымен қызметті көрсету үшін ұсынылған қажетті құжаттарды, қызмет берушінің қызметкері дайындаған құжатты зерделейді, оған қол қояды, оны мөрмен бекітеді және қызмет берушінің қызметкеріне қайтарады;

4) қызмет берушінің қызметкері қызмет алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесін оның жүгінген кезінен бастап отыз (30) минут ішінде береді.

Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүгінген жағдайда:

1) қызмет берушінің кеңсе қызметшісі Халыққа қызмет көрсету орталығынан түскен, қызметті алушымен қызметті көрсету үшін ұсынылған қажетті құжаттарды отыз (30) минут ішінде қабылдайды, ақпараттық жүйеде тіркейді және қызмет берушінің қызметкеріне береді;

2) қызмет берушінің қызметкері төрт (4) сағат ішінде қызмет алушының анықтау деректерін есеп журналына тіркейді, ресми құжаттың шынайылығын картотека бойынша тексереді, ұсынылған құжатты апостиль қоюға немесе қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауапты дайындайды және қызмет берушінің уәкілетті басшысына зерделеу үшін ұсынады;

3) қызмет берушінің уәкілетті басшысы       екі (2) сағат ішінде қызмет алушымен қызметті көрсету үшін ұсынылған қажетті құжаттарды, қызмет берушінің қызметкері дайындаған құжатты зерделейді, оған қол қояды, оны мөрмен бекітеді және қызмет берушінің қызметкеріне қайтарады;

4) қызмет берушінің қызметкері қызметтің нәтижесін конверттейді, қызмет берушінің кеңсе жұмысшысына Халыққа қызмет көрсету орталығына жолдау үшін береді;

5) қызмет берушінің кеңсе жұмысшысы курьер немесе пошта байланысы арқылы Халыққа қызмет көрсету орталығына жолдайды.

10.

Қызмет көрсетудің мерзімдері

 

Құжаттар топтамасын берген күннен бастап:

қызмет берушіде – 1 (бір) жұмыс күні;

Астана қаласында орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталықтарында – 3 (үш) жұмыс күні;

басқа Халыққа қызмет көрсету орталықтарында – 30 (отыз) күнтүзбелік күн.

Құжаттарды қабылдау күні қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

11.

Қызмет көрсету нәтижесі

 

Тұлғаның қолының шынайылығын куәландыратын және оның өкілеттілігін, сондай-ақ осы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның шынайылығын растайтын арнайы мөртаңба апостиль қойылған құжат

12.

Қызмет көрсету мерзімін ұзарту рәсімі

Көзделмеген.

13.

Шағымдану тәртібі

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдесіндегі № 95 бұйрығымен бекітілген қызмет Стандартының 11 және      12-тармақтарында көзделген тәртіпте.

14.

Нормативтік құқықтық актілер

 

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысы;

2) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдесіндегі    № 95 бұйрығы;

3) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 13 тамызындағы  № 102 бұйрығы.

15.

Қызмет көрсетудің бекітілген бланкілерінің, өтініштерінің бар/жоқтығы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдесіндегі № 95 бұйрығымен бекітілген қызмет Стандартының 1 қосымшасына сәйкес өтініш.

16.

Қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдауды және өңдеуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе

Жоқ.

17.

Байланыс мәліметтері

 

1) қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай контакт-центр: 1414;

2) қызмет беруші: +7 7172 71-26-76.

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.