You are here

Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары үйлестіру кеңесінің 2010 жылы атқарған қызметі туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2010 жылы тиісті шешімдер қабылдай отырып, Қазақстан Республикасы Құқық қорғау органдары Үйлестіру Кеңесінің 6 отырысы өткізілді. Атап айтқанда, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес, құқық қорғау органдарын қоса алғанда, мемлекеттік құрылымдарда жемқорлық фактілерінің алдын алу және жолын кесу жөніндегі, қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мәселелері бойынша құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы, сондай-ақ құқық қорғау қызметін ғылыми қамтамасыз ету және басқа да проблемалар туралы мәселелер зерделенді және талқыланды.

Атап айтқанда, Құқық қорғау органдары Үйлестіру Кеңесінің шешімдерін орындау шеңберінде, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың ертерек алдын алу мақсатында Ішкі істер министрлігі «Нұр Отан» ХДП-мен бірлесіп, республика аумағында «Балалар – біздің болашағымыз» атты акция өткізді. Іс-шараға 13 мыңнан астам адам, соның ішінде, прокуратура, сот, білім беру, қорғаншылық және қамқоршылық өкілдері, ата-аналар комитеттерінің, үкіметтік емес ұйымдар мен жергілікті атқарушы орган мүшелері қатысты.

Акция барысында кәмелетке толмағандар арасындағы маскүнемдіктің, алкоголизмнің, нашақорлық пен темекі тартудың алдын алуға бағытталған 10 мыңнан астам лекциялар мен әңгімелесулер, 500 семинар, 1000 дөңгелек үстел, 300 брифинг өткізілді. Мектептердегі полиция инспекторлары қызметінің тиімділігін анықтау мақсатында оқушылар мен педагогтарға шамамен 2 мың сауалнама жүргізілді. Мыңнан астам спорттық және 800-ден астам мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Білім  министрлігі басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мектеп оқушыларының, соның ішінде, «тәуекелдік топтардан» тұратын жасөспірімдердің мектептен тыс уақытта бос болмауын қамтамасыз ету мақсатында тиісті үйірмелер мен клубтар құрылды. Өңірлерде «Менің Отаным» атты мәдени-демалыс бағдарламалары өткізілді, соның шеңберінде Астана қаласы бойынша экскурсиялар ұйымдастырылды.

Құқық қорғау және арнаулы органдар елімізге тауарларды контрабандалық жолмен жеткізуді қысқартуға бағытталған мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау бойынша кешенді шаралар қабылдады.

Құқық қорғау органдарының жемқорлыққа қарсы күрес, халық арасында жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру бойынша қызметін ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі жұмыстары жандандырылды.

Халықпен болатын кездесулер ұдайы жүргізіліп тұрады, соның барысында жемқорлыққа қарсы қолданылып отырған шаралар кең жария етіледі. Семинарлар мен дөңгелек үстелдер, тақырыптық брифингтер мен баспасөз конференциялары өткізіліп тұрады.

Жесмқорлыққа қарсы әрекет ету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында 2010 жылғы 24-25 маусымда Агенттік ұйымдастырған «Жемқорлыққа қарсы әрекет етудің халықаралық тетіктері мен аспаптары» атты тақырыпта халықаралық конференция өткізілді, оның жұмысына әлемнің 40 елінің өкілдері қатысты.

Өткізіліп жатқан барлық іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жария етілді және құқық қорғау органдарының Web-сайттарына орналастырылды.

Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазасын өтеп жүрген адамдардың құқықтарының сақталуын прокурорлық қадағалауды күшейту мақсатында Бас Прокурор ағымдағы жылдың маусым айында жаңа салалық департамент құрды.

Азаптауларға қарсы БҰҰ Комитетінің ұсынымын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың сәуір айында облыстардың және Астана, Алматы қалаларының прокурорлары аумақтық құқық қорғау органдарымен бірлесіп, 2010-2012 жылдар аралығындағы кезеңге арналған Азаптаулар қолдануға байланысты қылмыстардың алдын алу бойынша үкіметтік емес ұйымдармен жүргізілетін іс-шаралар жоспарын бекітті.

Үйлесстіру Кеңесінің қызметін талдау Кеңес қойған міндеттердің барлығының толық көлемде орындалғанын көрсетті. Аталған іс-шаралар құқық қорғау қызметін жақсарту, оның тиімділігін арттыру, сондай-ақ тікелей құқық қорғау органдарының да, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарға тартылған басқа да мемлекеттік органдардың да мүмкіндіктерін оңтайлы пайдалану бойынша тиісті ұсыныстарды әзірлеуге мүмкіндік берді.

Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары Үйлестіру Кеңесінің Хатшылығы 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.