You are here

Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары үйлестіру кеңесінің ережесін бекіту туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары Үйлестіру Кеңесінің Ережесін бекіту  туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2007 жылғы 14  желтоқсанындағы № 50, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының 2008 жылғы 28 желтоқсанындағы № 11, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2008 жылғы 22 қаңтарындағы № 9,  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 23 қаңтарындағы № 9, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2007 жылғы 29 желтоқсанындағы № 225,  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 27 желтоқсанындағы № 507, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 25 қаңтарындағы № 40 бірлескен бұйрық

Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары Үйлестіру Кеңесінің 2007 жылғы 5 желтоқсанындағы шешімін ескере отырып, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары Үйлестіру Кеңесінің Ережесі қабылданды, Қазақстан Республикасы «Прокуратура туралы» Заңы 12 б., 5 т., 5 тармақшасының талаптарын жүзеге асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының Үйлестіру Кеңесі туралы Ережесі бекітілсін.

2. Облыс және оларға теңестірілген прокурорлар құқық қорғау органдарының және басқа да мемлекеттік органдарының басшыларымен бірігіп облыс, аудан, қала және аймақтық құқық қорғау органдары үйлестіру кеңесінің жұмысын қоса беріліп отырған Ережеге сәйкестендірсін.

3. 1998 жылғы 23 шілдесіндегі Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының Үйлестіру Кеңесі туралы Ережесі, жедел-іздестіру, анықтау және тергеу қызметін жүзеге асыратын республикалық  құқық қорғау органдары басшыларының бекітілген мәжіліс Қаулысы күшін жойды деп танылсын.

4. Осы бұйрық қол қойған күннен бастап күшіне енсін.

Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының

2007 жылғы 14  желтоқсанындағы № 50 Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы (қаржы полициясы)

2008 жылғы 28 желтоқсанындағы № 11

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының

2007 жылғы 29 желтоқсанындағы № 225

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 27 желтоқсанындағы № 507

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2008 жылғы 22 қаңтарындағы № 9

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 25 қаңтарындағы № 40

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің 2008 жылғы 23 қаңтарындағы № 9

Бірлескен бұйрығымен бекітілді

Қазақстан Республикасы Құқық қорғау органдарының

Үйлестіру  Кеңесі туралы

ЕРЕЖЕ

I. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының Үйлестіру Кеңесі  туралы ЕРЕЖЕ (бұдан әрі - Үйлестіру Кеңес)   қылмысқа қарсы күрес бойынша құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін  арттыру, Қазақстан Республикасында заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде жедел-іздестіру, анықта және тергеу қызметін жүзеге асыратын құқық қорғау органдарының күшін біріктіру, үйлестіру және өзара әрекеттесу, сыбайлас жемқорлыққа, қылмысқа және басқа  да қоғамға қауіпті әрекеттерге қарсы күресу мақсатында, Қазақстан Республикасы  «Прокуратура туралы» Заңы    12 б.,  5 тармағының 5 тармақшасы негізінде құрастырылған.

Үйлестіру Кеңесінің шешімдері ұсыныс сипатта беріледі және ол консультациялық - кеңесші орган болып табылады.

Үйлестіру Кеңесінің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президентінің заңдары мен актілеріне,  өзге де нормативті актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асады. 

II. Үйлестіру Кеңесінің міндеттері

2. Үйлестіру Кеңесінің негізгі міндеттері:

1) құқық қорғау органдарының және төменгі құрылымдық бөлімшелердің  қызметін үйлестіру, құқық қорғау қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды  өңдеу, оның құқықтық  реттелуін жетілдіру;  

2) қылмыс жағдайына бірігіп талдау жасау және қылмысқа және басқа да құқық бұзушылықтарға қарсы күресу стратегиясын әзірлеу, аталған жұмысқа мемлекеттік органдарды, қоғамдық ұйымдарды және бұқаралық ақпарат құралдарын тарту. Құқық қорғау органдарының жұмыс жүйесінде қылмыс жиі жасалатын аймақтардағы негізгі басымдықты анықтау, осы аймақтарда және барлық елде ауыр және аса ауыр қылмыстарды алдын алу мен ескерту бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру;

3) аса ауыр көп таралған қылмыстық озбырлық, экономикалық қылмыстар, сыбайлас жемқорлық, есірткі айналымы, терроризм, заңсыз көші-қон, ұйымдасқан қылмыстық топтар мен  бірлестіктер әрекеттері бойынша бірлескен іс-шараларды дайындау, келісу және орындау.

4) құқық қорғау органдарының азаматтардың  конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қылмыстық қудалауда мемлекеттің мүдделерін,  жасаған қылмысы үшін бұлтартпау қағидаларын қамтамасыз ету қызметтерін талдау. Қызметтің ең өзекті және негізгі бағыттар бойынша міндеттер мен әдістемелік ұсыныстар, ақпараттық хаттар жасау және беру және заң бұзушылықтарды жою;  

5) қылмысқа және өзге де құқық бұзушылыққа қарсы  бағытталған күрес  заңнамасын қолдану тәжрибесінің біркелкілігін қалыптастыру. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған заңнамаларды жетілдіру туралы  Қазақстан Республикасы Президентіне, Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсынысты жасау және енгізу.

III. Үйлестіру  формалары

3. Үйлестіру кеңесі: қылмысқа қарсы күресті күшейту бойынша мақсаттар мен міндеттердің бірлестігі, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту бойынша құқық қорғау органдар күшінің бірігуі; мәселенің қойылуында және шешім қабылдауда әр ведомствоның бастамасы және теңдігі; келісілген іс-шаралар мен ұсыныстарды жүзеге асыру барысында бір-бірінің ұйымдастыру – басқарушылық қызметтеріне араласпау; күрделі құқықтық мәселелер шешіміне біріңғай әдістің бекітілуі; пайда болған мәселелерді шешуде жұмыс пен ведомстволық әдісті қайталауды шектеу; адам мен азаматтық құқықтары мен бостандықтары туралы заңнаманың талаптарына, мемлекеттік және басқа да заңмен қорғалатын құпияға қайшы келмейтін шешімдерді жариялау негізінде жүзеге асады.

4. Үйлестіру формаларының негіздері:  жедел  және өзге ақпараттармен  өзара алмасу; жеке аймақтардағы және барлық мемлекеттегі қылмыс пен құқықтық тәртіптің жағдайын талдау және бірігіп талқылау;  қылмысқа және өзге де құқық бұзушылыққа қарсы күресті күшейту бойынша іс-шараларды бірігіп жасау; бірлесіп жұмыс топтарын құру; құқық қорғау органдарының қызметкерлері қылмысқа қарсы күресуді ұйымдастыруда жергілікті органдарға тәжірибелік көмек көрсету мен тексеріс жүргізу үшін Республика аймақтарына бірігіп шығып тұру; бұйрықтар мен нұсқауларды бірігіп шығару; қылмысқа қарсы күрес мәселелерін  талқылаумен бірге баспасөз-конференцияларын, «дөңгелек үстелдерді» бірігіп өткізу; қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін құқық қорғау органдарының мүмкіндіктерін өзара қолдану; қылмысқа қарсы күрес процессінде құқық қорғау органдарының өзіндік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өзара көмек көрсету.

IV. Үйлестіру Кеңесінің құрамы:

5. Үйлестіру кеңесі тұрақты және  уақытша делегаттыққа жіберілген өкілеттігі бар мүшелерден тұрады.   

5.1.Үйлестіру Кеңесінің тұрақты мүшелері:   

- Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры - Үйлестіру Кеңесінің төрағасы;  

- Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комититеінің төрағасы; 

- Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы (Қаржы полициясы);

- Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрі; 

- Қазақстан Республикасы Әділет министрі; 

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жанындағы Кеденді бақылау комитетінің төрағасы. 

5.2. Үйлестіру Кеңесінің уақытша өкілеттігі бар мүшелері: 

- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі;

- Жоғарғы Сот  жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет  төрағасы;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің  Салық комитетінің төрағасы; 

- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмысты – атқару жүйесі комитетінің төрағасы;  

- Қазақстан Республикасы  Ұлттық Қауіпсіздік комитеті  шекаралық қызметінің директоры;  

- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптау орталығының директоры.

Үйлестіру Кеңесінің уақытша делегаттыққа жіберілген өкілеттігі бар мүшелері шешім қабылдауда дауыс беруге және қарастырылатын мәселеге байланысты, төрағаның шақыруы бойынша қатысуға құзыретті.

Үйлестіру Кеңесінің отырыстарында қарастырылатын сұрақтарын ескере отырып, қажеті болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің Әкімшілігінің, мемлекеттік орталық органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің, соттар мен өзге де мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.

6. Үйлестіру Кеңесінің төрағасы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қызметкерлері  ішінен  Үйлестіру қызметінің хатшысын тағайындайды (бұдан әрі-хатшы), ол Үйлестіру Кеңесінің Хатшылығын басқарады (бұдан әрі- Хатшылық).

Құзырлық мәселелеріне байланысты  Хатшы Үйлестіру Кеңесінің төрағасына  бағынады  және оған есеп береді.   

Хатшылық құрамына  құқық қорғау органдары қызметкерінің біреуі кіреді, оның басшысы Үйлестіру кеңесінің тұрақты мүшесі болып табылады. 

Үйлестіру Кеңесінің  тиісті жұмыстарын Хатшылық қамтамасыз етеді, атап айтқанда, жұмыс жоспарын құрады; қарастыруға шығарылған материалдардың дайындалуын  ұйымдастырады және қадағалайды; отырыстардың өткізілуін қамтамасыз етеді; отырыс хаттамаларын келісімдейді және рәсімдейді; жұмыс жоспары мен қабылданған шешімдердің орындауын қадағалайды.   

Құқық қорғау органдарындағы аталған  іс-шараларды   осы  органнан Хатшылық құрамына кіретін қызметшілері ұйымдастырады және  орындалуын қадағалайды.

Өз өкілеттіктерін жүзеге асыру шеңберінде, құқық қорғау органдары орындаушыларынан тиісті материалдарды талап етулеріне құқылы.

Сонымен қатар, Хатшылыққа құқық қорғау органдарының аумақтық (аймақтық) үйлестіру кеңестер қызметіне қадағалау жүргізу  жүктеледі. 

V.Үйлестіру Кеңесінің  жұмысын  ұйымдастыру  

7.Үйлестіру Кеңесінің  жұмысы   бірлесе қабылдаған  жарты жылдық жұмыс жоспарлары негізінде құрылады. Үйлестіру Кеңесінің мүшелері төраға атына жұмыс жоспарларын ұсынады. 

Келіп түскен ұсыныстар негізінде хатшы  Үйлестіру Кеңес жоспарының   жобасын дайындайды, Төрағамен келісілгеннен кейін, оны Үйлестіру Кеңесінің мүшелеріне бұрыштама қою үшін жібереді.  

Жоспардың  жобасы әр құқық қорғау органында  қарастырылады, қажет болған жағдайда  негіздемесі  бар толықтырулар мен ескертулер енгізеді.  Ескертпелер болмаған жағдайда, жоба жоспары  тиесілі құқық қорғау органының басшысы бұрыштама қояды және  Үйлестіру кеңесінің төрағасы атына  бекітілген мерзімде ұсынады.

Жоспардың жобасын келісудегі және оған қол қоюдағы  ұйымдастыру мәселелерін Хатшылықтың ведомстволық қызметкерлері шешеді.

Келісілген жоспардың жобасы келіп түскен ұсыныстар мен ескертпелерді ескере отырып Хатшы қайта қарайды  және оның  түпкілікті нұсқасы Үйлестіру Кеңесінің төрағасына қол қою үшін ұсынылады.  

Шұғыл жағдайдағы өзгерістерге  байланысты, Үйлестіру Кеңесінің мүшелерін ескертіп,  Үйлестіру Кеңесінің жұмыс жоспарына түзетулер енгізілуі мүмкін. 

Үйлестіру Кеңес мүшелерінің бастамасымен кезектен тыс отырыстарға шақырылуы мүмкін, онда қаралатын мәселелер жоспардан тыс болады.   Қажет болған жағдайда, Үйлестіру Кеңесінің отырыстарында аумақтық үйлестіру кеңестері басшыларының есептері тыңдалуы мүмкін.

Үйлестіру Кеңесінің  мүшелері  отырыстың күн тәртібі мен уақыты жөнінде келіседі. 

Қажеті болған жағдайда Үйлестіру кеңесін  төраға шақырады және тоқсанына 1 кем болмауы тиіс, сондай-ақ   Үйлестіру Кеңесінің тұрақты мүшелер саны  2/3  төмен болмауы керек.

Үйлестіру Кеңес отырысында төраға немесе тұрақты мүшелері болмаған жағдайда, отырыс міндетін атқарушылар құрамымен өткізіледі.  

8. Үйлестіру Кеңесі қарастыратын материалдың дайындалуын жұмыс жоспарында бірінші көрсетілген ведомстволар жүргізеді. Іс шараны тең атқарушы органдар жауапты атқарушыға қажетті материалдарды,  жұмыс тәртібінде көрсетілген, айдың 5-нен кешіктірмей  ұсынуы қажет.  8 параққа дейін көлемдегі анықтамалар, жобаның қаулылары,  бірлескен кепілдеме хаттары, нұсқаулар, бұйрықтар (3 бетке дейінгі) шақырылған тұлғалар   тізімі (аты-жөні, лауазымы көрсетіліп), Хатшыға отырысқа 7 күн қалғанға дейін  кешіктірмей ұсынулары тиіс. 

Үйлестіру Кеңесінің материалдарын  дайындау және хаттамаларын орындау шеңберінде Үйлестіру  Кеңесінің мүшелері белгіленген мерзімде  Үйлестіру Кеңесінің мүшелерінен осы органдардың құзыретіне кіретін материалдар мен өзге ұқсас құжаттар бойынша ақпарат беруін талап ете алады. 

Хатшы отырыста қаралатын материалдардың толықтығы мен сапасын тексеріп, Үйлестіру Кеңесінің төрағасына баяндайды. Төраға сапасы төмен жасалған материалдарды  жөндеу  үшін жауапты  құқық қорғау органының басшысына қайтарады.  

Үйлестіру Кеңесінде қаралған мәселер бойынша, құжаттарды жөндеу  ведомство және мәселені дайындаған тұлғалармен 3 күн мерзімінде өндіріліп, Хатшыға ұсынады. 

Үйлестіру кеңесінің төрағасы бекіткеннен кейін, Ұсынылған материалдар негізінде,  Хатшы күн тәртібі дайындап, отырыстың басталуына  3 күн қалғанға дейін кешіктірмей, барлық қажетті құжаттарды қоса Үйлестіру Кеңесінің мүшелеріне ұсынады.  

Отырысқа шақырылған тұлғалардың келуін, оларды тиісті құжаттармен танысуларын қамтамасыз ету мәселені дайындауға жауапты маман, құқық қорғау органы Хатшылығының қызметкері жүзеге асырады.   

9. Үйлестіру Кеңесінің талқылауы мен қабылданған шешімдері отырыс хаттамасына(бұдан әрі - Хаттама) енгізіледі, ол өз ретінде отырыс өткізілгеннен кейін 5 күндік мерзімде ресімделеді.   

Шешімдер көпшіліктің дауысымен қабылданады. Үйлестіру Кеңесі мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады. 

Хаттаманың жобасы Үйлестіру Кеңесінің мүшелерімен келісіледі, ескертулер мен толықтырулар болған жағдайда, Хатшы жөндеп, Үйлестіру Кеңесінің барлық мүшелеріне қол қоюға береді. Тәртіпке сай, Хаттамаға қолын бірінші болып Үйлестіру Кеңесінің төрағасы қояды. 

Хаттамаға қол қоюды тиісті құқық қорғау органдары Хатшылығының қызметкерлері ұйымдастырады. 

Хатшылық қол қойған Хаттама отырыс өткізілгеннен кейін 7 күн мерзімінде Үйлестіру Кеңесінің мүшелеріне  жіберіледі. 

Хаттама үш бөлімнен тұрады: кіріспе (атауы, күні, уақыты және өткізілетін орны, қатысушылар құрамы, соның ішінде шақырылған тұлғалар), сипаттамалық (отырыс күн тәртібіндегі барлық мәселелердің толық тізбесі, тыңдалған тұлғалар, көтерілген мәселе бойынша ұсыныстар мен ескертулердің қысқаша мазмұны) және қорытынды (қабылданған шешімдер). 

Үйлестіру Кеңесінің хаттамасының орындалуы туралы Хатшыға хабарланады, ол түскен материалдарды талдау нәтижесінде бойынша Үйлестіру Кеңесінің  төрағасына хабарлайды.  

Құқық қорғау органдарында Хаттаманың орындалуына  қадағалауды  тиісті құқық қорғау органдарындағы Хатшылықтың қызметі жүзеге асырылады. 

Егер хаттамада көрсетілген шешімді орындауда  бірнеше құқық қорғау органдары қатысса, ұйымдастырушылық жауапкершілік бірінші көрсетілген органға  жүктеледі, ол орган болмаған жағдайда, орындаушыны Үйлестіру кеңесінің төрағасы анықтайды. Іс шараны тең атқарушы органдар жауапты атқарушыға қажетті материалдарды (өз құзыретіндегі шешімдерді орындауды) шараны орындалуына бекітілген мерзімнің өтуіне 5 күн қалғанға дейін  кешіктірмей  ұсынуы қажет. 

Үйлестіру Кеңесінің шешімі бірігіп құралған бұйрық, нұсқаулық,  әдістемелік ұсыныстар мен негізгі және өзекті бағыттағы қызметтері бойынша ақпараттық хаттар жіберу арқылы жүзеге асуы мүмкін.  

Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған,  Заң шығаруды  жетілдіру мақсатында Үйлестіру кеңесі  Қазақстан Республикасының Президентіне, Үкіметке және Парламентке тиісті ұсыныстарды  шығара және енгізе алады.   

VI. Өзге жағдайлар

10. Бас Әскери прокурордың, Астана, Алматы қалалары,  облыстар және оларға теңестірілген прокурорларының төрағалық етуімен осы ұқсас міндеттер мен қызметтерді атқаратын үйлестіру кеңестерін құрылып жатыр. 

Аудандық және қалалық құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңестері  тиесілі аумақтық бірліктегі  прокурормен  басқарылады. 

Сонымен қатар, жұмыс ерекшелігі мен көліктегі құқық қорғау органдарының  аумақтылығын есепке ала отырып, қылмысқа қарсы күрес тиімділігін арттыру мақсатында Оңтүстік-шығыс, Батыс және Орталық аймақтық көлік прокуратураларда аймақтық үйлестіру кеңестері құрылып жатыр (бұдан әрі - Аймақтық үйлестіру кеңестері).    

Аймақтық үйлестіру кеңес құрамы: тұрақты мүшелер (көліктегі құқық қорғау органдарының басшылары); уақытша делегаттыққа жіберілген өкілеттіктері бар мүшелер (көлікте құрылымдық бөлімшелері бар,  облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының басшылары), қарастырылып отырған мәселеге байланысты төрағаның шақыруымен отырысқа қатысады және олардың шешім қабылдауға дауыс құқығы бар. Аймақтық үйлестіру кеңесі қажеті болған жағдайда, бірақ жарты жылда 1 реттен кем емес шақырылады.. 

Осы Ереже облыстық және оған теңестірілген деңгейдегі үйлестіру кеңестердің ережелерін дайындау кезінде үлгілі құжат болып табылады. Көрсетілген үйлестіру кеңестері тек тұрақты мүшелерден – тиісті облыс, қала және аудандаық құқық қорғау органдарының бірінші басшыларынан  құрылуы тиіс. 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.