You are here

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2017 жылға арналған операциялық жоспары

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

БЕКІТЕМІН
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Ж. Асанов

29 желтоқсан  2016 жыл

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2017 жылға арналған
операциялық жоспары

1 Бөлім. Мемлекеттік органның іс-шаралары

Атауы

Бюджеттік бағдарламаның коды

Жауапты орындаушы

Орындау мерзімі

Аяқтау нысаны

  1. Стратегиялық жоспардың мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткізу бойынша іс-шаралар

1-стратегиялық бағыт. Заңдылықты және азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтарының, бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерінің

бұлжымай сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған қадағалау қызметінің тиімділігін арттыру

Мақсат 1.1. Заңның үстемдігін, азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету

Нысаналы индикатор 1.Халықтың прокуратура органдарына деген сенім деңгейі

  1.  

Прокуратура органдары қызметінің нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастыру

001, 018

БПА

БП Медиа-Жоспарына сәйкес

БАҚ-тарға жарияланымдар

  1.  

2017 жылдың І жартыжылдығы бойынша прокуратура, МҚІСЖҚІА, ҚМ МКК ЭТҚ қызметкерлерінің, оның ішінде Құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резервінде тұрғандардың кәсіби деңгейін арттыру курстарының нәтижелерін талдау

001, 018

ҚОА

II тоқсан

(маусым)

Құқық қорғау органдарына ақпараттық хат

  1.  

2017 жылы «Халықтың прокуратура органдарына деген сенім деңгейі» нысаналы индикаторына қол жеткізу дәрежесін өлшеу үшін қоғамдық пікірге социологиялық зерттеу ұйымдастыру  

001, 018

ҚОА, 9-шы Департамент

IV тоқсан (қазан-қараша)

Аналитикалық есеп

  1.  

«Ашық есік күні» акциясын өткізу

001, 018

5-ші Басқарма, облыс прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралар

Жартыжылдықтар бойынша

(маусым, желтоқсан)

БАҚ-тарға жарияланымдар

Нысаналы индикатор 2. Шешім шығара отырып қаралған істердің санындағы мемлекеттік билік органдары мен лауазымды тұлғалардың (бақылау-қадағалау, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың) іс-әрекеттері мен шешімдерін (немесе әрекетсіздігін) даулау туралы істер бойынша сот қанағаттандырған арыздардың үлес салмағы

  1.  

АШМ және ЖАО-лардың 2012-2016 жылдар бойынша мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау саласындағы қызметіндегізаңдылықтың жай-күйін талдау

001, 018

1-ші Департамент

I тоқсан (ақпан)

ҚР Үкіметіне не уәкілетті органға ақпараттық хат немесе прокурорлық қадағалау актісі

  1.  

2015-2016 жылдар бойынша жұмысшылардың жалақы төлеу құқықтарының сақталуына, борышкер кәсіпорындардың жалақы берешегін өтемеу себептеріне талдау жүргізу

001, 018

1-ші Департамент, облыс прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралар

I тоқсан

(наурыз)

ҚР Үкіметіне ақпараттық хат

  1.  

2015-2016 жылдары бөлінген ҚР Ұлттық қоры қаражатының нысаналы пайдаланылуы мен тиімділігін (тексеріс жүргізу мүмкіндігімен) және осы саладағы прокурорлық қадағалаудың жай-күйін талдау

001, 018

1-ші Департамент, облыс прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралар

Жартыжылдықтар бойынша (маусым, желтоқсан)

ҚР Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссияға ақпараттық хат

Нысаналы индикатор 3. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жойылған заң бұзушылықтардың, олардың пайда болуының себептері мен жағдайларының анықталғандарға қатысты үлесі (әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау мәселелері бойынша)

  1.  

2017 жылдың 10 айында прокурорлық қадағалау актілерін қарау практикасын (әлеуметтік-экономикалық салада) және оларда көрсетілген заңдылықты бұзуды жоймаудың себептерін талдау

001, 018

1-ші Департамент

IV тоқсан (қараша)

Облыс прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратураларға ақпараттық хат

Нысаналы индикатор 4. Қылмыстық процеске  қатысушылардың прокуратура органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне (сотқа дейінгі сатыдағы және жедел-іздестіру қызметін қадағалау мәселелері бойынша)  сот қанағаттандырған шағымдарының қаралған шағымдарға қатысты үлес салмағы

  1.  

2016 жыл бойынша қылмыстық процестің бастапқы сатысының проблемаларына талдау жүргізіп, оларды шешу бойынша ұйымдастырушылық және заңнамалық шаралар жасап шығару

001, 018

2-ші Департамент,

1-ші Басқарма, облыс прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралар

I тоқсан

(қаңтар-ақпан)

Облыс прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратураларға ақпараттық хат.

Заң жобасына ұсыныстар

  1.  

2016 жыл және 2017 жылдың өткен кезеңі бойынша құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу және аймақтарда оның нәтижелілігін арттыру бойынша шаралар жөніндегі жұмысының жай-күйіне талдау жүргізу 

001, 018

2-ші Департамент,

облыс прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралар

II тоқсан (сәуір-мамыр)

Облыс прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратураларға ақпараттық хат.

Нәтижелерді ҮК отырысында талқылау

  1.  

2016 жыл бойынша қылмыстық қудалау органдары мен соттан жасырынған адамдарды, хабарсыз жоғалып кеткен адамдарды және сот шешімдерін орындаудан жалтаратын адамдарды іздеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру, сондай-ақ танылмаған мәйіттердің жеке басын анықтау кезіндегі заңдылықтың жай-күйіне тексеріс жүргізу

001, 018

3-ші Департамент, облыс прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралар

II тоқсан

(мамыр)

Уәкілетті органдарға прокурорлық қадағалау актісі. Облыс прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратураларға ақпараттық хат

  1.  

2016 жыл және 2017 жылдың І жартыжылдығы бойынша қасақана адам өлтіру туралы қылмыстық істер бойынша прокурорлық қадағалау мен сот-тергеу практикасына талдау жүргізу

001, 018

2, 10-шы департаменттер,

облыс прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралар

III тоқсан

(шілде-тамыз)

ІІМ-ге ықпал ету актісі. Облыс прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратураларға ақпараттық хат

  1.  

2016 жыл және 2017 жылдың І жартыжылдығы бойынша ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияларды тоқтата тұру кезінде ҚМ Қаржылық мониторинг және мемлекеттік кірістер комитеттерінің заңдылықты сақтауына, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен) байланысты ақпарат алмасу және мәлімет беру бойынша олардың өзара іс-қимылына тексеріс жүргізу

001, 018

3-ші Департамент

III тоқсан

(қыркүйек)

Уәкілетті органдарға прокурорлық қадағалау актісі.

Облыс прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратураларға ақпараттық хат

  1.  

2016 жыл және 2017 жылдың 9 айы бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтау, ашу және тергеп-тексеру кезіндегі заңдылық пен прокурорлық қадағаудың жай-күйіне талдау жүргізу

001, 018

2, 3, 6, 10-шы департаменттер,

облыс прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралар

IV тоқсан (қараша-желтоқсан)

МҚІСЖҚІА  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне ықпал ету актісі.

Облыс прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратураларға ақпараттық хат

2-стратегиялық бағыт. Мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені жетілдіру және дамыту

Мақсат 2.1. Жеке және заңды тұлғаларды, мемлекеттік органдарды құқықтық статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етудің тиімді және жедел жүйесін құру және дамыту

Нысаналы индикатор 5. Электрондық форматта берілетін құқықтық статистикалық ақпарат  пен арнайы есепке алу мәліметтері нысандарының және түрлерінің үлес салмағы

  1.  

Ұсталған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық есебін жүргізуді автоматтандыру

001,015

ҚСжАЕК

IV тоқсан (желтоқсан)

Іске қосу актісі

  1.  

Атқару құжаттары бойынша міндеттерді орындамаған адамдардың, сондай-ақ әкімшілік айыппұл салу туралы қаулыны өз еркімен орындамаған адамдардың есебін жүргізуді автоматтандыру

001,015

ҚСжАЕК

IV тоқсан (желтоқсан)

Іске қосу актісі

  1.  

Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті заңдастырғаны (жылыстатқаны) және терроризмді қаржыландырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдардың есебін жүргізуді автоматтандыру

001,015

ҚСжАЕК

IV тоқсан (желтоқсан)

Іске қосу актісі

  1.  

Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың есебін жүргізуді автоматтандыру

001,015

ҚСжАЕК

IV тоқсан (желтоқсан)

Іске қосу актісі

Нысаналы индикатор 6. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің электрондық жүйесі арқылы электронды түрде ұсынылатын статистикалық есептердің үлес салмағы

  1.  

«Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, оларды жасаған, сотталған адамдар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жөніндегі қылмыстық істердің қозғалысы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері туралы» № 3-К нысанды статистикалық есепті автоматтандыру

001, 015

ҚСжАЕК

IV тоқсан (желтоқсан)

Іске қосу актісі

Нысаналы индикатор 7. Мемлекеттік органдардың деректер базаларымен ақпараттық өзара әрекет етудің деңгейі

  1.  

Мемлекеттік органдардың деректер базаларымен өзара әрекет етудің ақпараттық сервистерін іске асыру

001, 015

ҚСжАЕК

IV тоқсан

(желтоқсан)

Іске қосу актісі

Нысаналы индикатор 8. Саясаткерлерге деген қоғамдық сенім

Нысаналы индикатор 9. Шенеуніктердің шешімдеріндегі жеңіске үміткерлік

  1.  

Прокуратураның органдарында, ведомстволарында, мекемелері мен білім беру ұйымдарында ҚР мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын сақтау мәселелері бойынша ішкі мемлекеттік аудит жүргізу

001, 018

2-ші Басқарма

Тоқсан сайын (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан)

Ішкі аудит нәтижелері туралы есеп

Нысаналы индикатор 10. Мемсекторда шешімдер қабылдаудың ашықтығы

  1.  

Прокуратура органдарының құзыретіне кіретін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша шешім қабылдауға Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің  өкілдерін тарту (шараларды әзірлеу, оның ішінде бизнес-ахуалды жақсартуға, әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған заңнамалық және т.с.с.)

001, 018

1-ші Департамент

Жартыжылдықтар бойынша (маусым, желтоқсан)

Ынтымақтастық туралы меморандум, бірлескен іс-шаралар жоспары, сараптамалық кеңестің отырыстары шеңберіндегі бірлескен іс-шаралар

ІІ. Мемлекеттік органның ережесінде белгіленген өзге де міндеттерді шешуге арналған іс-шаралар

  1.  

2016 жыл бойынша жергілікті атқарушы, құқық қорғау және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметіндегі бейбіт жиналыстар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы заңнаманың қолданылуына талдау жүргізу

 

11-ші Департамент

I тоқсан

(наурыз)

ПӘ-ге немесе ҚР Үкіметіне ақпарат. Прокурорлық қадағалау актілері

 

  1.  

2016 жыл бойынша мемлекеттік қажеттіліктер үшін азаматтар мен заңды тұлғалардан жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы азаматтық істер бойынша, сондай-ақ соттар қараған, жер заңнамасының нормаларын елеулі бұзушылықпен бөлінген жер учаскелерін беру туралы актілерді даулау туралы заңды тұлғаларға берілген тарап арыздар бойынша сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалаудың жай-күйіне талдау жүргізу

 

4-ші Департамент, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының прокуратуралары

I тоқсан

(наурыз)

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының прокуратураларына ақпараттық хат.

Заңнамаға ұсыныстар

  1.  

2016 жыл бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру практикасын зерделеу

 

7-ші Департамент, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының прокуратуралары

I тоқсан

(қаңтар)

ПӘ-ге әкімшілік қадағалаудың тиімділігін арттыру туралы ұсыныстар

  1.  

2016 жыл бойынша Астана қ. жергілікті пробация қызметтерінің азаматтардың есепке алынатын санаттары арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және профилактикалық бақылау жүргізу жөніндегі жұмысын талдау

 

7-ші Департамент, Астана қаласының прокуратурасы

I тоқсан (ақпан)

Астана қаласының әкіміне ақпараттық хат

  1.  

2016 жыл бойынша сотталғандарды материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелерін регламенттейтін заңнаманы қолдау кезінде ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметіндегі заңдылықтың сақталуын тексеру

 

7-ші Департамент, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының прокуратуралары

I тоқсан (ақпан)

ІІМ-ге прокурорлық ықпал ету актісі.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының прокуратураларына ақпараттық хат

  1.  

2016 жыл бойынша бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындау кезінде заңдылықтың жай-күйін, сондай-ақ оны қолданумен байланысты туындайтын проблемаларды талдау

 

10-шы Департамент, облыс прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралар

I тоқсан

(наурыз)

ЖС нормативтік қаулысына ұсыныстар. Облыс прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратураларға нұсқау

 

  1.  

2016 жыл және 2017 жылдың І тоқсаны бойынша органның (лауазымды тұлғаның) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау туралы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша, сондай-ақ органдардың (лауазымды тұлғалардың) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қаулыларды қайта қарау бойынша сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалаудың жай-күйіне талдау жүргізу 

 

4-ші Департамент, облыс прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралар

II тоқсан

(мамыр-маусым)

Облыс прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратураларға ақпараттық хат.

Заңнамаға ұсыныстар

  1.  

2016 жыл бойынша мүлікті тәркілеу бөлігінде жаза тағайындау және үкімдерді орындау кезіндегі  заңдылықтың жай-күйіне, сондай-ақ қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында заттай дәлелдемелерді іске асыру кезіндегі проблемаларға талдау жүргізіп, оларды шешу бойынша ұйымдастырушылық және заңнамалық шаралар жасап шығару 

 

4, 2, 10-шы департаменттер, облыс прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралар

II тоқсан

(наурыз-сәуір)

Облыс прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратураларға ақпараттық хат.

Заңнамаға ұсыныстар

  1.  

Қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен «Еңбек» РМК аумақтық бөлімшелерінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолданудың заңдылығын тексеру

 

7-ші Департамент, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының прокуратуралары

II тоқсан (сәуір)

ІІМ-ге прокурорлық ықпал ету актісі.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының прокуратураларына ақпараттық хат

  1.  

БҰҰ құрылымдарының (шарттық органдардың) шешімдері мен ұсынымдарын орындаудың тиімді тетігін құру бойынша ұсыныстар жасап шығару тұрғысында талдау жүргізу

 

8-ші Департамент

II тоқсан

(мамыр)

Облыс прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратураларға ақпараттық хат

  1.  

2016 жыл бойынша адвокаттардың қылмыстық процесте мемлекет есебінен заңдық көмек көрсетуінің заңдылығының жай-күйі мен сапасын талдау

 

10-шы Департамент, облыс прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралар

II тоқсан

(маусым)

ӘМ-ге, адвокаттар алқасына прокурорлық қадағалау актілері.

Облыс прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратураларға ақпараттық хат

  1.  

2015-2016 жылдар бойынша экстремизм мен терроризмнің алдын алу, экстремизм мен терроризмнің туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар әзірлеу бөлігінде жергілікті атқарушы органдардың қызметін талдау

 

11-ші Департамент, облыс прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралар

III тоқсан (тамыз)

ПӘ-ге немесе ҚР Үкіметіне ақпарат. Прокурорлық қадағалау актілері

 

  1.  

«Азаптаусыз қоғамға» түрме реформасының 4-ші форумының ұсынымдары мен кешенді жоспарының орындалуын талдау

 

7-ші Департамент, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының прокуратуралары

III тоқсан

(шілде)

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының прокуратураларына ақпараттық хат

 

2 Бөлім. Тәуекелдерді басқару

Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін ықтимал тәуекелдің атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

Іске асыру мерзімдері

Жауапты орындаушы

1-стратегиялық бағыт. Заңдылықты және азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтарының, бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерінің бұлжымай сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған қадағалау қызметінің тиімділігін арттыру

  1.  

Мемлекеттік органдардағы біркелкі емес құқық қолдану практикасы заңдылықты, азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтарының, бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін бұзуға әкелуі мүмкін.

Үйлестіру кеңесінің, прокуратура органдарының алқаларының және өзге де ведомствоаралыұ жиналыстар шеңберінде ведомствоаралық өзара әрекет ету.

 

 

Тәуекелдердің алдын алу және (немесе) еңсеру жөніндегі нақты әрекеттер:

1.1) Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырыстарын, прокуратура органдарының алқаларын, сондай-ақ құқық қорғау және өзге де органдардың қатысуымен ведомствоаралық кеңестер өткізу

Тоқсан сайын

БПА, құрылымдық бөлімшелер, ҚОА, ҚСжАЕК, облыс прокуратуралары мен оларға теңестірілген прокуратуралар

  1.  

Прокурорлардың Прокуратура органдары мен мекемелері қызметкерлерінің ар-намыс кодексін сақтамауы (орындамауы), олардың құқық бұзушылықтар, оның ішінде сыбайлас жемқорлық жасауы халықтың прокуратура органдарына сенім дәрежесін төмендетуі мүмкін.

Прокуратура органдары мен мекемелері қызметкерлерінің ар-намыс кодексінің талаптарын бұзудың алдын алуға, өз қатарларында сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған кешенді алдын алу шаралары.

 

 

Тәуекелдердің алдын алу және (немесе) еңсеру жөніндегі нақты әрекеттер:

2.1) Жамбыл облысының прокуратура органдары қызметкерлерінің 2016 жыл бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және Прокуратура органдары мен мекемелері қызметкерлерінің ар-намыс кодексінің талаптарын сақтауына тексеру жүргізу

I тоқсан

(наурыз)

4-ші Басқарма

2.2) Маңғыстау облысының прокуратура органдары қызметкерлерінің 2016 жыл және 2017 жылдың І тоқсаны бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және Прокуратура органдары мен мекемелері қызметкерлерінің ар-намыс кодексінің талаптарын сақтауына тексеру жүргізу

II тоқсан

(маусым)

4-ші Басқарма

 

2.3) Шығыс Қазақстан облысының прокуратура органдары қызметкерлерінің 2016 жыл және 2017 жылдың І тоқсаны бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және Прокуратура органдары мен мекемелері қызметкерлерінің ар-намыс кодексінің талаптарын сақтауына тексеру жүргізу

III тоқсан

(қыркүйек)

4-ші Басқарма

  1.  

Кадр ағымы, білікті қызметкерлердің кетуі қадағалау қызметін жүзеге асырудың сапасына кері әсер етуі мүмкін

Қызметте ілгерілету үшін ашық және объективті жағдайлар, жұмыс істеу үшін лайықты жағдайлар жасау, ынталандыру мен көтермелеу нысандарын кеңейту, тұрғын үй-тұрмыстық мәселелерді шешуге көмек көрсету.

 

 

Тәуекелдердің алдын алу және (немесе) еңсеру жөніндегі нақты әрекеттер:

3.1) Кадрларды іріктеу жүйесін оңтайландыру және орталықтандыру бойынша ұсыныстар жасап шығару

I тоқсан

(наурыз)

5-ші Департамент

3.2) 2016 жылы қызметке қабылданған жас мамандар жұмысының нәтижелері мен олардың сапалық құрамын талдау

II тоқсан

(шілде)

5-ші Департамент

2-стратегиялық бағыт. Мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені жетілдіру және дамыту

  1.  

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің нашар материалдық-техникалық жарақталуы оларды автоматтан-дыруға және біріктендіруге дайын болмауына әкеп соғуы мүмкін.

Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіру саласындағы өзара іс-қимылдарды дамыту, орын алатын мәселелерді (мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің дайын болмауы) ведомствоаралық жиналыстарда қарастыру, олар бойынша ақпараттарды ҚР ПӘ-ге, ҚР Үкіметіне және уәкілетті органдарға жолдау.

 

 

Еліміздің жекелеген аймақтарында қажетті байланыс арналарының болмауы автоматтандыруға және біріктіруге дайын болмауға әкеп соғуы мүмкін.

Тәуекелдердің алдын алу және (немесе) еңсеру жөніндегі нақты әрекеттер:

4.1) Уәкілетті органға бюджеттік өтінім жолдау

I тоқсан

(мамыр)

ҚСжАЕК

4.2) Мемлекеттік органдарға хаттар жолдау

II тоқсан

(маусым)

ҚСжАЕК

Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры

Аппаратының басшысы

Е. Өмірәлиев

 

Ескерту:

 

  1. № 8. «Саясаткерлерге деген қоғамдық сенім» нысаналы индикаторына арналған іс-шаралар 1. «Халықтың прокуратура органдарына деген сенім деңгейі» нысаналы индикаторы үшін көзделген іс-шараларға ұқсас.
  2. Аббревиатуралардың толық жазылуы:

ҚР – Қазақстан Республикасы;

ПӘ – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі;

ЖС – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты;

БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;

ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;

АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

ҚМ – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

ІМ – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;

ҚОА – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы;

ҚСжАЕК – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті;

МҚІСЖҚІА Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы;

ҚМ МКК ЭТҚ – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Экономикалық зерттеу қызметі;

БПА – Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Аппараты;

ҮК – Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі

ЖАО – жергілікті атқарушы органдар;

ББҰ – Біріккен ұлттар ұйымы;

БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары.

 

_________________________________________

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.