You are here

Астана қаласындағы телефон арқылы жасалатын алаяқтық фактілері туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Астана қаласының құқық қорғау органдары белгісіз біреулердің мектепке дейінгі мекемелердің жетекшілеріне телефон шалып, өздерін прокуратура органдарының қызметкері ретінде таныстырып, ақша бопсалау фактілерін анықтады.

Елордалық балабақшалардың бірінің жетекшісіне телефон соққан адам өзін Бас прокуратураның қызметкері ретінде таныстырып, оған қатысты прокурорлық тексеріс жүргізіліп жатқанын және тексерістің оң нәтижесі болуы үшін 100 мың теңге төлеу қажеттігін хабарлаған.

Бұдан бөлек оқиға бойынша да өзін Бас прокуратураның қызметкерімін деп таныстырған бейтаныс біреу Астана қаласының Білім басқармасы балалар бақшаларында тексеріс жүргізуді жоспарлап отырғандығын хабарлап, егер белгілі бір сыйақы төленген жағдайда мекемені тексерілетіндер тізімінен алдырып тастау мәселесін шешуге болатындығы туралы ұсыныс жасаған.

Қазіргі уақытта алаяқтық оқиғаларының барлық фактілеріне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тексеріс жүргізілуде. 

Осы орайда Бас прокуратура азаматтарға ерекше сақтық танытуды және алаяқтардың құрған қақпанына түсіп қалмауды ескертеді. Егер дәл осыған ұқсас қоңыраулар шалынып жатқан жағдайда Бас прокуратураның 71-26-20 сенім телефонына дереу хабарласу керек.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.