You are here

Алаяқтықтың өсуінің басты себебі халықтың құқықтық сауатсыздығынан болып отыр

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратура алаяқтықпен байланысты қылмыстық ахуалды талдады.

Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында республика көлемінде алаяқтыққа байланысты 9067 қылмыс тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда олардың өсуі 20,4%-ға жеткен. Барлық тіркелген қылмыстардың ішінде өзіндік үлесі 11,4%-ды құраған.

Статистикалық мәліметтерге қарағанда 2177 адам қылмыс жасап (2013ж.-1403), олардың ішінде 997-сі қылмыстық жауапкершілікке тартылған, 1180-і - қылмыстық істің ақталмайтын негізде қысқартылуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылған.

Қылмыстық қол сұғушылықтыңнеғұрлым таралған түрі ақшаға байланысты жасалып, олардың 68,6%-ын құраған. Бұдан басқа алаяқтық көп жағдайда ұялы телефон байланыс құралдарына, көлік құралдарына, құжаттарға, оның ішінде жылжымайтын мүліктерге, қымбат металлдар мен бұйымдарды иемденуге бағытталған.

Көбінесехалықтың жұмысқа қабілетті бөлігі, қарт жастағы адамдар, әсіресе әйелдерқылмыстың құрбандарына айналады. Сонымен қатар, жәбірленушілердің ішінде әлсіз топтардың (жасөсіпірмдер, студенттер, оқушылар және т.б.)үлесі аз.  Жәбірленушілердің негізгі ерекшелігі олардың құқықтық сауатсыздығынан болады, алаяқтар қылмыс жасағанда осы жағдайды пайдаланады.

Алаяқтардың жеке басының өзіндік айырмашылықтары бар, олар адамның психологиясында белгілі бір танымы бар қылмыстық әлемнің ақылдылары болып табылады және өмірдің кейбір жағдайларында өздерінің осы кабілетін ұтымды пайдалана біледі. Алаяқтар негізінен еш жерде жұмыс істемейді, олардың тұрақты пайда көзі болмайды.

Алаяқтық түрлері өзгерген жоқ: қарапайым, ескі ақшаны жаңасына ауыстырып беремін деп ақшаны иемденеді, қоңырау шалып жіберуге ала тұрайын деп, ұялы телефонды қолды етуден бастап, жылжымайтын мүліктердің құжаттарына жалған мәлімет енгізіп, оларды пайдаланып, сатуға дейінгі күрделі әркеттерге дейін барады.  

Сонымен бірге, прокурорлар анықтағандай, қылмыскерлер өздерін жәбірленушіге құқық қорғау органының қызметкері ретінде таныстыратын телефон алаяқтығы кеңінен таралған.Олардың туысқандары есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыс жасады деген күдікпен полицияға жеткізілгенін хабарлап, мәселені оңды шешу үшін ақша талап етеді (қаржыны ұялы байланыс нөмірлеріне аудару, үшінші адамдарға беру және т.б.). Аталған қылмыстар кейбір кезде соңына дейін жеткізілсе, кейде жәбірленушілердің ұқыптылығына байланысты нәтижесіз аяқталады.

Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысының Г.Мүсірепов ауданында жыл басынан аталмыш схема бойынша төрт қылмыс тіркелген. Оның барлығын бұрын сотты болған түзету мекемесінде жазасын өтеуші жасаған.Алаяқтық әрекеттердің басқа түрі ретінде алаяқтардың жеке куәлік немесе басқа да құжаттардың жоғалғындығы туралы газет хабарландыруларын зерттеп, оны қайтарғаны үшін жәбірленушілерденақшалай сыйақы алу қылмыстарын атап көрсету қажет. Сондай-ақ, қылмыскерлер жалға тұрғын үй іздеуші адамдардың ақкөңілдігін пайдаланып, жалға алынған тұрғын үйлерді қайта жалға береді. Жәбірленушілерден белгілі мерзімге ақша қаражатын алған жылжымайтын мүліктің жалған меншік иелері жасырынып қалады.

Алаяқтардың жәбірленушілермен тікелей қатынасқа түспей, өздерінің ұялы телефондарының есеп-шоттарына халыққа қызмет көрсету терминалдары арқылы ақша қаражатын аударту көп таралған.

Мысалы, ағымдағы жылдың наурыз айында Көкпекті ауылында белгісіз адам өзінің жәбірленушісінің ұялы телефонына қоңырау шалып, «Самсунг» маркалы планшет ұтып алдыңыз деген себеппен «Актив» ұялы байланыс операторының 8 000 бірлік активтендіру нөмірлерін иеленген.

Тергеу тәжірибесі көрсеткендей, аталмыш қылмыстық істердің айыпталушы ретінде жауапқа тартатын адамның анықталмауына байланысты, өндіріс тоқтатылады.

Адамдардң үлкен тобына (пирамида) қатысты алаяқтық жасау фактілері орын алуда. Мысалы, Батыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің өндірісінде қаржы пирамидасын құру фактісі бойынша азамат Х. айыпталуда. Ол өзін трасттық қордың өкілі ретінде таныстырып, алаяқтық жолымен жеке кәсіпкерге тиесілі 22,5 млн теңгені иелінген.Осындай тәсілмен алаяқ әйел басқа да кәсіпкерлердің ақшасын иемденген (12 эпизод).

Ағымдағы жылы Қостанай облысының аумағында алаяқтық жолымен жылжымайтын мүлікке меншік құқығын алып қылмыс жасаған ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленген. Қылмыстық топтың мүшелеріне қатысты 19 қылмыстық іс қозғалып, ол бойынша тергеу арнайы прокурорлардың басқаруымен жүргізілуде.

Жүргізілген талдау көрсеткендей, қылмыстың өсуі көп жағдайда құқық қорғау және уәкілетті мемлекеттік органдардың қолданып отырған шараларының жеткіліксіздігінен болып отыр. Негізінде профилактикалық шаралар облыстық және аудандық газеттерде жариялаумен және алаяқтық қылмысын жасауға бейім немесе аталған қылмыс бойынша бұрын сотты адамдармен жеке әңгімелесу арқылы жүргізілуде. Тек кейбір аймақтарда телефон арқылы алаяқтық қылмыстың өсуіне байланысты, оның алдын алуда және тұрғындар арасында сақтануды көтеру мақсатында арнайы үндеулер таратылып, ақпараттық брошюралар жабыстырылуда.

Бас прокуратура қылмыстық қудалау, басқада мемлекеттік уәкілетті органдармен және бизнес өкілдерімен өзара қарым-қатынасты нығайту арқылы, қолданылып жатырған шаралардың тиімділігінкүшейтпекші. Бұдан бөлек, күнделікті мониторинг жүргізу арқылы интернет-ресурстарынан басқада алаяқтық қылмыстарының жаңа түрлерінің алдын алу,болдырмауға іс-шаралар қабылдау қажет.

Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарымен, ұялы байланыс операторларымен  және басқада ұйымдармен тығыз байланыс орнатып, алаяқтық қылмысының алдын алуға іс-шаралар қолдану қажет. Мысалы, ұялы байланыс операторлары өздерінің абоненттеріне орын алып отырған алаяқтық қылмыстар, оның көп таралған түрлері бойынша ақпарат тарата алар еді. Еріктілердің көмегімен тұрғындар арасында, әсіресе қарт адамдардың арасында «Абайлаңыз, алаяқтар» атты насихаттық–жадынамалар тарату ұсынылады.

Жергілікті прокурорларға қадағалау аймағындағы органдармен бірігіп, аталған санаттағы қылмыстардың себептері менөсу жағдайларына терең талдау жүргізіп, криминогендік ахуалдың тұрақталуына бағытталған нақты іс-шаралар әзірлеп, қабылдау тапсырылды. Сонымен қатар, қылмыс және құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ішкі істер органдарының қызметіне, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп жөніндегі аймақтық жоспардың орындалуына тексеру жүргізу ұсынылады.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.