You are here

Қазақстан Республикасы прокуратура органдары ардагерлерінің қоғамдық бірлестіктерінің Республикалық Одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің жарғысы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Астана қаласы 2010    

1. Жалпы ережелер

1.1. «Қазақстан Республикасы прокуратура органдары ардагерлерінің қоғамдық бірлестіктерінің Республикалық одағы» заңды тұлғалардық бірлестігі, бұдан әрі «Одақ» деп аталатын, әділет мекемелерінде тіркелген келесі заңды тұлғалардың ынтасымен құрылды:

«Прокуратура ардагерлерінің Ақмола облыстық қоғамдық бірлестігі» қоғамдық бірлестігімен;

«Алматы қалалық прокуратура ардагерлерінің  қоғамдық ұйымы» қоғамдық бірлестігімен;

«Алматы облыстық прокуратура ардагерлермен мүгедектердің мекемесі» қоғамдық бірлестігімен;

«Астана қаласы прокуратурасының ардагерлері» қоғамдық бірлестігімен;

«Ақтөбе облысы прокуратура ардагерлерінің қоғамдық бірлестігі» қоғамдық бірлестігімен;

«Прокуратура органдары ардагерлерінің Атырау облыстық қоғамдық бірлестігі» қоғамдық бірлестігімен;

«Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының ардагерлері» қоғамдық бірлестігімен;

«Жамбыл облыстық прокуратура ардагерлерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігімен;

«Қазақстан Республикасы прокуратурасының Батыс Казақстан облыстық ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігімен;

«Қазақстан Республикасы прокуратурасының Қараганды облыстық ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігімен;

«Қостанай облысы прокуратурасының органдары ардагерлерінің бірлестігі» қоғамдық бірлестігімен;

«Қызылорда облыстық прокуратура органдары ардагерлерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігімен;

«Павлодар облысы прокуратурасының ардагерлері» қоғамдық бірлестігімен;

«Қазақстан Республикасы прокуратурасының Оңтүстік облыстық прокуратура ардагерлерінің ұйымы» қоғамдық бірлестігімен.

1.2. Одақтың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы прокуратура органдары ардагерлерінің жергілікті қоғамдық бірлестіктерін біріктіру және үйлестіру, прокуратура органдары ардагерлері қауымдастығының құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру мен қорғау болып табылады.

Одақ табыс табуды мақсат етпейді және алынған таза табысты немесе мүлікті қатысушылар арасында бөліспейді.

1.3. Одақтың құрылтай құжаттары болып құрылтайшылармен бекітілген Жарғы және Құрылтай шарт танылады.

1.4. Құрылтайшылар (Одақтың мүшелері) өздерінің дербестігі мен заңды тұлға құқығын сақтайды.

1.5. Одақ өзінің міндеттермелері бойынша оған тиесілі бүкіл мүлікпен жауап береді.Одақтың мүшелері оның міндеттемелері бойынша Одақтың құрылтай құжаттарында көзделген мөлшерде және тәртіпте субсидиарлық жауаптылықта болады, ал Одақ мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

1.6. Одақ өзінің жарғылық міндеттерін орындай отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі, «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» және «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, басқа да заңдар мен нормативтік құқықтық актілер, сонымен қатар осы Жарғы негізінде жұмыс жасайды, жалпы танылған халықаралық қағидалар, нормалар мен стандарттарды жетекшілікке алады.

1.7. Одақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен басқа да мемлекеттік органдармен олардың қызметтеріне кіріспей және мемлекеттік органдардың функцияларын өзіне жүктемей ықпалдасады және өзара әс-әрекет жасасады.

1.8. Одақтың толық атауы:

қазақ тілінде: «Қазақстан Республикасы прокуратура органдары ардагерлерінің қоғамдық бірлестіктерінің Республикалық Одағы» заңды тұлғалардың бірлестігі, қысқаша («ҚР ПАҚБРО» ЗТБ);

орыс тілінде: Объединение юридических лиц «Республиканский Союз общественных объединений ветеранов органов прокуратуры Республики Казахстан», сокращенно (ОЮЛ «РСООВП РК»).

Заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй (сол жағалау, Министрліктер үйі, 1-кіреберіс).

2. Одақтың ұйымдастырылу-құқықтық нысаны

2.1. Одақ ұйымдаструшылық-құқтық қалыптағы одақ түріндегі заңды тұлғалар бірлестігіндегі тәуелсіз коммерциялық емес ұйым болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының барлық аумағында жүзеге асырады.

2.2. Одақтың қызметі еркіндік, оның барлық мүшелерінің тең құқықтығы, өзін өзі басқару, заңдылық, есеп беру мен жариялылық қағидаларына негізделеді.

2.3. Одақ мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды тұлға болып табылады, меншігіндегі оқшау мүлікке ие болады және ол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап береді, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие бола алады және жүзеге асыра алады, сотта талапкер және жауапкер бола алады.

2.4. Одақтың дербес балансы, Қазақстан Республикасы мен басқа шетел банктерінде ағымдағы және өзге де шоттары, өз атауымен мөртаңбасы, штамптары, белгіменген үлгідегі бланктері, Қазақстан Республикасы заңнамаларына қайшы келмейтін өзінің символикасы болады.

3. Одақтың мақсаты, қызмет пәні, құқықтары мен міндеттері

3.1. Құрылған Одақтың мақсаты мен қызметінің нысаны Қазақстан Республикасы жергілікті қоғамдық бірлестіктерін біріктіру және үйлестіру, прокуратура органдары ардагерлері қауымдастығының құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру мен қорғау, олардың әлеуметтік, мәдени, рухани және тағы да басқа игіліктерін қанағаттандыру, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және басқа да мемлекеттік органдармен біріге отырып заңдылықтың нығаюына ықпал ету болып табылады.

Одақ өзінің Жарғы және Қазақстан Республикасы заңнамаларымен берілген өкілеттіктер шегінде жұмыс жасайтын басқару органдары арқылы өзіне құқықтар алады және міндеттемелер жүктейді.

3.2. Одақтың құқықтары мен міндеттері:

- мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда, қоғамдық бірлестіктерде және соттарда Одақтың, жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, Қазақстан Республикасы прокуратурасы ардагерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіруге және қорғау;

- мемлекеттік билік органдарына өз ұсыныстарын енгізуге, жүгінуге және прокуратура ардагерлеріне медициналық қызмет көрсету мен өзге де тіршілік жағдайларын жақсарту мәселелерін қосқа отырып, жарғылық міндеттердің әртүрлі мәселелері бойынша белсенділік білдіру;

- Қазақстан Республикасы прокуратура органдары ардагерлері қауымдастығының жарғылық міндеттері мен маңызды мәселелерін шешудегі ұстанымдарын анықтау;

- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасымен, басқа да құқық қорғау және мемлекеттік органдарымен өзара ықпалдасуға және оларға заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайта түсу ісіне жәрдемдесу;

- прокурорлардың ғылыми-практикалық конференцияларына қатысуға;

- өз қызметі туралы ақпарат таратуға, республикалық «ОКО» газетімен, «Закон и Время» журналымен өзара ықпалдасу;

- прокурорлардың мамандық деңгейін көтеру, прокурорларды оқыту бойынша іс-шараларына қатысу;

- ақпараттық-кеңестік, ғылыми-методикалық және баспалық жұмыстарды ұйымдастыру;

- прокуратура органдарының қызметі мен құқық қолдану іс-тәжірибесіне қатысты заңдар мен тағы да басқа нормативтік құқықтық актілердің жобаларына тәуелсіз баға беру;

- басқа елдердің прокурорлық қауымдастықтарымен халықаралық қатынастар орнатуға және жетілдіру. Халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес ұйымдарға мүше болып ену;

- қоғамдық қорларды, бұқаралық ақпарат құралдарын құруға.

4. Мүшелікке ие болу мен айырылу тәртібі

4.1. Қазақстан Республикасы прокуратура органдары ардагерлерінің жергілікті қоғамдық бірлестіктері, қорлар мен басқа да ұйымдар қызметтері Одақтың мақсатары мен міндеттеріне сәйкес келсе Одақтың мүшесі бола алады. Мүшелікке қабылдау өкілетті тұлғаның жазбаша арызы негізінде Одақ мүшелерінің келісімі арқылы жүзеге асырылады.

4.2. Одақтың кез келген мүшесі Одақтан шығу туралы арыз берген күннен бастап бір ай өткен соң Одақтан шыға алады. Одақтан шығу туралы арыз мүшеліктен шығушының осы Жарғының ережелерін орындаудан бір жақты бас тартуы деп саналады.

5. Одақ мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

5.1. Одақ мүшелері:

5.1.1. осы Жарғыға сәйкес Одақпен өткізілетін конференциялар мен іс-шаралардың жұмысына қатысуға құқылы. Одақтың қызметіне байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге;

5.1.2. өзінің өкілдерін Одақтың басқару органдарына ұсынуға;

5.1.3. Одақтан еркін шығуға;

5.1.4. Одақтың басқа мүшелерінен Одақ Жарғысының тиісті орындалуын талап етуге;

5.1.5. басқа коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарға қатысуға (мүшелікке ие болуға);

5.1.6. Одақтың қызметі туралы мәлімет алуға құқылы.

5.2. Одақ мүшелері:

5.2.1. Одақтың Жарғысын орындауға;

5.2.2. Одақтың конференциялары мен Орталық Кеңесінің шешімдерін жүзеге асыруға;

5.2.3. Одақ органдарының жұмысына белсенді қатысуға және оның қызметінің жүзеге асырылуына жәрдем көрсетуге міндетті.

6. Одақтың мүлкі, қаржыландыру қайнар көздері

6.1. Одақ Жарғымен қарастырылған қызметін қамтамасыз ету үшін меншігінде объектілерді, ғимараттарды, көлік құралдарын, басқа да мүлік пен ақшалай қаражатты иеленеді.

6.2. Одақты қаржыландырудың қайнар көздері болып:

6.2.1. өз еркімен берілген жарналар мен жеке қайырымдылық көмектер;

6.2.2. донорлық ұйымдар тарапынан көрсетілген мақсатты қаржыландырулар (гранттар);

6.2.3. қоғамдық қор;

6.2.4. Қазақстан Республикасы заңнамаларымен тыйым салынбаған өзге де кірістер табылады.

7. Одақтың басқару органдары

7.1. Одақтың жоғарғы басқару органы – Одақ мүшелерінің Конференциясы.

7.2. Одақтың атқарушы басқару органы – Одақтың Орталық кеңесі.

7.3. Бақылау органы – Ревизиялық комиссия.

7.4. Одақ органдарының өкілеттіктері мен құқықтарын жүзеге асыру тәртібі Одақтың Жарғы және Орталық кеңесі бекітетін Ережелермен реттеледі.

8. Одақ мүшелерінің Конференциясы

8.1. Төрт жылда бір реттен кем шақырылмайтын Одақ мүшелерінің Конференциясы Одақтың жоғарғы басқару органы болып табылады.

Кезектен тыс Одақ мүшелерінің Конференциясы Одақтың Орталық кеңесі ынтасымен немесе Одақ мүшелерінің үштен бірінің талап етуімен шақырылады.

Одақ мүшелерінің Конференциясын шақыру, өтетін орны мен күн тәртібі жөнінде оның өту мерзіміне бір айдан кем емес уақыт ішінде Одақтың Орталық кеңесі хабарлайды.

Одақ мүшелерінің Конференциядағы өкілдер нормасын Орталық кеңес белгілейді.

Аймақтық қоғамдық бірлестіктердің Одақ мүшелерінің Конференцияға жіберген өкілдердің үштен екісі қатысқанда Конференция құзыретті болады. Егер Конференцияға қатысып отырғандардың жартысы дауыс берсе, шешім қабылданды деп саналады.

Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және Одақты қайта құру мен тарату туралы шешімдер Конференцияға қатысып отырған аймақтық қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің үштен екісінен кем емес  дауыс құрамында Конференциямен қабылданады.

Дауыс беру нысанын Одақ мүшелерінің Конференциясы белгілейді. Хаттама жүргізу үшін төраға мен хатшы сайланады. Конференция жұмысының қорытындысы бойынша қаулылар қабылданады.

8.2. Тек қана Одақ мүшелері Конференциясының құзыретіне мынадай сұрақтар жатады:

8.2.1. Одақтың құрылтай құжаттарын қабылдау, өзгерістер мен толықтырулар еңгізу;

8.2.2. Одақты ерікті түрде қайта құру және тарату;

8.2.3. ұйымдастырылған құрылымның өкілеттілігін, Одақ басқармасы органдарының уәкілеттілігін қалыптастыру мен тоқтату тәртібін анықтау;

8.2.4. атқарушы органның қаржылық есепті тапсыру тәртібі мен мерзімділігін, сондай-ақ бақылаушы органардың тексеру жүргізу және олардың нәтижелерін бекіту тәртібін анықтау;

8.2.5. заңнамалық актілермен белгіленген тәртіп шегінде Одақтың халықаралық қоғамдық ұйымдарды қоса алғанда, өзге де заңды тұлғалар құруға қатысуы немесе олардың қызметіне араласу туралы шешім қабылдау;

8.2.6. Одақ қызметінің негізгі бағыттары мен бағдармаларын бекіту;

8.2.7. бір мезгілде Одақтын Орталық кеңесінің Төрағасы болып табылатын Одақтың Төрағасын, Орталық кеңесінің, Бақылау комиссиясының мүшелерін сайлау;

8.2.8. осы Жарғы шеңберіндегі Одақ қызметінің мәселелері туралы басқа да шешімдер қабылдау.

9. Одақтың Орталық кеңесі

9.1. Одаққа есепті болатын Одақтың Орталық кеңесі Одақтың атқарушы басқару органы болып табылады. Орталық кеңес мүшелері Одақ мүшелері Конференциясымен Одақ мүшелері арасынан төрт жыл мерзімге сайланады.

Одақтың Орталық кеңесінің сандық құрамы Одақ мүшелері Конференцияда белгіленеді.

Одақтың Орталық кеңесі конференциялар аралығындағы кезеңдерде Одақтың ағымдағы жетекшілігін жүзеге асырады.

Одақ мүшелері Конференциялар аралығындағы кезеңдерде Одақтың белгілі бір өкілеттіктері Одақтың Орталық кеңесіне жүктелуі мүмкін.

Одақтың Орталық кеңесі оның Төрағасының ұсынуымен Одақтың Орталық кеңесінің хатшысын бекітеді.

Одақтың Орталық кеңес отырысын жылына екі реттен кем емес жүргізеді. Одақтың Орталық кеңесінің отырысы, егер оның отырысында оның мүшелерінің жалпы санының жартысынан кем емсеі қатысқанда, құзыретті болады. Одақтың Орталық кеңесі жұмысының қорытындысы бойынша қаулылар қабылдайды.

9.2. Одақтың Орталық кеңесі:

- кезекті Одақ мүшелері конференцияларды дайындау бойынша жұмыстар жүргізеді;

- Одақ мүшелері, конференциялардың шешімдері мен үндеулердің орындалуына бақылау жасайды;

- жарғылық міндеттерді орындауға бағытталған барлық мәселелер жөнінде сұрақтар қарайды, шешімдер қабылдайды, іс-шаралар бекітеді;

- Одақтың барлық қоғамдық бірлестіктерінде Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, сонымен бірге Одақты қайта құру мен тарату туралы ұсыныстардың талқылануын ұйымдастырады;

- Одақтың Орталық кеңесі хатшысының кандидатурасын бекітеді;

- Одақтың Орталық кеңесі аппаратының жұмысы туралы есепті тыңдайды;

- Одақтың Орталық кеңесінің Регламенті мен жұмыс жоспарын бекітеді;

- Одақ мүшелері мен прокуратура органдары ардагерлерінің, басқа ұйымдардың арыздарын қарайды. Әлеуметтік қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету және басқа да тіршілік жағдайларын жақсарту сұрақтары бойынша прокуратура ардагерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөнінде шаралар жүргізеді.

- Одақ мүшелері Конференцияның құзыретіне енбейтін Одақ қызметін анықтайтын басқа сұрақтарды шешеді.

Одақтың Орталық кеңесінің, бақылау комиссиясының мүшелігінен Төрағаның немесе қайсы бір мүшесі шығып қалғанда, Орталық кеңес шығып қалған мүшесінің функцияларын Орталық кеңестің мүшесіне жүктеуге немесе Орталық кеңестің не бақылау комиссиясының құрамына қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін тартуға құқылы.

Одақтың Орталық кеңесінің шешімдері қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады.  Одақтың Орталық кеңесінің мүшелер тең дауысқа ие.

9.3. Одақтың Орталық кеңесінің Төрағасы (Одақ Төрағасы).

Одақтың Орталық кеңесін Одақтың мүшелерінің Конференциясы төрт жыл мерзімге сайлайтын Төраға (ол тағы да Одақтың Төрағасы) басқарады. Төраға Одақтың Орталық кеңесінің ағымдағы жұмысын үйлестіреді, отырыстар ұйымдастырады және мүшелерді отырыстардың өтуі туралы хабардар етеді.

Одақтың Төрағасы Одақ атынан сенімхатсыз қимыл жасайды.

Одақ кеңесінің Төрағасы Одақ мүшелерінің Конференциясы мен Одақтың Орталық кеңесіне есеп береді және олардың алдында өзіне тапсырылған функцияларды орындау үшін жауапкершілікті.

Одақ Төрағасына оған жүктелген функцияларды орындау үшін, Одақ пен оның жоғарғы басқару органының жұмысына тікелей қатысты шығындар үшін төлемдерді қоспағанда, сыйақы (жалақы) төленбейді.

Одақтың Орталық кеңесінің Төрағасы:

- Одақтын орталық кеңесінің отырыстарында төрағалық етеді;

- Одақтың орталық кенесінің отырыстарын ашады және жүргізеді;

- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарында, қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдарда және шетелдерде Одақты білдіреді;

- Одақ атынан шарттар жасасайды;

- Одақтың Орталық кеңесі аппаратының штаттары мен құрылымын бекітеді, лауазымдық жалақы белгілейді;

- шығындар сметасын бекітеді, сонымен бірге мүлік алу мен иеліктен шығару сұрақтарын шешеді;

- Одақтын қаржы-шаруашылық қызметін басқаруды жүзеге асырады;

- сенімхаттар береді;

- Одақтың Орталық кеңесінің бекітуіне  Орталық кеңес хатшысының кандидатурасын ұсынады;

- Одақтың Орталық кеңесі аппаратының қызметкерлерін жұмысқа қабылдауды және босатуды жүзеге асырады, бұйрықтар мен өкімдер шығарады;

- Одақтың жарғылық міндеттерін орындау үшін басқа да жұмыстарды атқарады.

9.4. Одақтың Орталық кеңесінің хатшысы оның Төрағасының ұсынуы бойынша прокуратура ардагерлерінің немесе тартылған мамандар арасынан Одақтың Орталық кеңесімен бекітіледі. Одақтың Орталық кеңесі мен Төрағасына есеп береді.

Одақтың Орталық кеңесінің хатшысы:

- Одақтың Орталық кеңесі аппаратының жұмысына жетекшілік жасайды;

- Одақтың Орталық кеңесі аппаратында іс жүргізуді ұйымдастырады;

- Одақтың Орталық кеңесінің жұмыс және іс-шаралар жоспарларын дайындайды және оларды Одақтың Орталық кеңесінің бекітуіне ұсынады;

- Одақтың Орталық кеңесінің жұмыс жоспары мен іс-шараларының орындалуын бақылайды;

- Одақтың Орталық кеңесінің Регламентін дайындайды;

- Одақтың Орталық кеңесінің Төрағасының тапсырысы бойынша Одақтың Орталық кеңесін мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда білдіреді;

- Одақпен жасасатын шарттарды дайындауға қатысады;

- Одақтын орталық кеңес Төрағасының келісімі бойынша Орталық кеңесі аппаратының қызметкерлерін іріктеумен айналысады;

- Орталық кеңесінің аппаратын материалдық техникалық жарақтарын қамтамасыз етеді;

- Одақтың жарғылық міндеттерін орындау үшін басқа да жұмыстарды атқарады.

10. Бақылау комиссиясы

Бақылау комиссиясы Одақ мүшелерінің Конференциясымен төрт жыл өкілеттікпен тағайындалатын үш адамнан тұратын бақылау органы болып табылады.

Бақылау комиссиясы Одақ бюджетінің орындалуының және қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асырудың дұрыстығын тексереді.

Бақылау комиссиясының құрамына Одақ мүшелері мен тартылған мамандар кіреді. Одақтың Орталық кеңесінің Төрағасы, хатшысы мен мүшелері Бақылау комиссиясының құрамына кіре алмайды.

Одақ өзінің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеруді өзінің күштерімен немесе шақырылған аудиторлық ұйымдардың күшімен жылына бір реттен кем емес жүргізуі тиіс.

11. Жарғыға өзгерістер мен толықтыруларды енгізу тәртібі

Жарғыға өзгерістер мен толықтыруларды енгізу Одақ мүшелерінің Конференциясының ғана құзыретіне жатады.

Жарғыға өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы ұсыныстар беру құқығы Одақтың мүшесіне тиесілі. Ұсыныстар Одақтың Орталық кеңесіне жіберіледі, ол келіп түскен ұсыныстарды барлық қоғамдық бірлестіктерде талқылауды ұйымдастырады. Ұсыныстар Одақ мүшелерінің үштен бірінен қолдау тапса, сұрақ кезектегі немесе кезектен тыс Одақ мүшелері Конференциясының күн тәртібіне енгізіледі.

Жарғыға өзгерістер мен толықтыруларды енгізудің тәртібі осы Жарғымен реттеледі.

12. Орталық кеңес аппараты қызметкерлерінің еңбегі және оған ақы төлеу

Орталық кеңес аппараты қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу, еңбек пен демалыс режимі, әлеуметтік қамтамасыз ету мен сақтандыру жағдайлары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және ҚР әлеуметтік қамтамасыз ету мен сақтандыру заңнамаларымен реттеледі.

13. Есеп және есептілік

Қаржылық-шаруашылық қызметін талдау және мемлекеттік бақылау мақсатында Одақ Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес қызметінің нәтижелеріне есеп, бухгалтерлік және статистикалық есептілік жүргізеді.

14. Одақты қайта құру мен тарату тәртібі

Одақтың қызметі оның жоғарғы басқару органы – Одақ мүшелерінің Конференциясының шешімі бойынша немесе заңмен қарастырылған жағдайларда соттың шешімі бойынша қайта құру немесе тарату арқылы тоқтатылуы мүмкін.

Конференция Одақ мүшелерінің ішінен тарату комиссиясын құрады және таратудың тәртібі мен мерзімін анықтайды. Тарату комиссиясын құрған уақыттан бастап оған Одақтың мүлкі мен істерін басқару өкілеттігі жүктеледі.

Одақтың қайта құрылуы мен таратылуы заңнамалармен белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

Одақтың таралуынан қалған мүлік пен қаражаттар оның Жарғысында көрсетілген мақсаттарға жұмсалады.

2010 жылы 31 мамырда бекітілген

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.