You are here

Прокуратура органдарының жүйесіне қызметке кіретіндер үшін ақпарат

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі «100-нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес, құқық қорғау органдарына қызметке алғашқы рет кіретін азаматтарды іріктеу жүйесінің үш сатылы жүйесі қолданысқа енгізілді.

Бірінші кезең. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде немесе оның аумақтық органдарында (одан әрі – уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының заңнамасын және мемлекеттік тілді білуге тестілеуден, сондай-ақ жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуден өту.

Екінші кезең. Агенттікте іріктеу рәсімінен сәтті өткен және Қазақстан Республикасының заңнамасы мен мемлекеттік тілді білуге тестілеуден өткені туралы Сертификат,сондай-ақ құқық қорғау қызметінің лауазымдарына кандидаттың жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуден өткені туралы Қорытынды алған кандидат тікелей құқық қорғау органында (прокуратура, ішкі істер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметі органдары)іріктеуге және конкурсқа қатысуға құқылы.

Үшінші кезең. Құқық қорғау органының конкурстық комиссиясында әңгімелесуден өту.

Құқық қорғау қызметіне алғашқы рет кіретін азаматтарды тестілеуден өткізуді ұйымдастыру мен оның ережелері, бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі №1 бұйрығымен бекітілген.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаменті

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.