You are here

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 156 бұйрығы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 156 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда 12782 болып тіркелді

«Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау қорында орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаментіне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры 
А. Дауылбаев

  Қазақстан Республикасы
 Бас Прокурорының
 2015 жылдың 26 желтоқсандағы
 № 156 бұйрығымен
 бекітілген

Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына
қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді,
оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру
қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына (одан әрі – прокуратура органдары) қызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеу және оларды алдын ала зерделеу тәртібін айқындайды.

2. Іріктеу және алдын ала зерделеу тәртібі

2. Кандидаттарды іріктеу және оларды алдын ала зерделеу бірізді кезеңдерден өтуді қамтиды:

1) деңгейінің кәсіби құзыреттіліктерге сәйкестігін анықтау;
2) Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасын білуге компьютерлік тестілеу (одан әрі – тестілеу);
3) қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, соның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өткізу;
4) міндетті арнайы тексеріс.

3. Прокуратура органдарына қызметке қабылдануға ниетті кандидаттарды (одан әрі – кандидат) іріктеу және оларды алдын ала зерделеу аумақтық прокуратура органының кадр қызметімен (одан әрі – кадр қызметі) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кандидаттың жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылады.

4. Деңгейінің кәсіби құзыреттілікке сәйкестігін анықтауды кадр қызметі кандидаттарды іріктеу көзделіп отырған прокуратура органы бөлімшесінің тәжірибелі қызметкерлерін тарта отырып жүзеге асырады.

5. Кандидаттарды тестілеу олар өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес, Компьютерлік тестілеу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.
Кандидаттарды хабарландыру байланыс құралдары бойынша, олардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына тестілеу тағайындалған күнге дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.

6. Тестілеу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен (одан әрі – Бас прокуратура) «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының қызметкерлерін тестілеу жүйесі» ақпараттық жүйесінде «Он-лайн» режимінде мемлекеттік немесе орыс тілдерінде кандидаттың таңдауы бойынша өткізіледі.
Тестілеу Прокуратура органдарының біртұтас көлік ортасының қорғалатын арналары бойынша аудио-бейне хаттамамен бейнеконференц байланысын пайдалану арқылы жүргізіледі.

7. Тестілеуді өткізудің объективтілігі тестілеудің қорытындыларын автоматтандырылған санау шарттарының, уақытының және мазмұнының стандартты болуымен қамтамасыз етіледі.

8. Тестілеуге жеке сәйкестендіру нөмірі бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке тұлғасын куәландыратын құжаты бар кандидаттар жіберіледі.

9. Тестілеу басталғанға дейін кадр қызметінің өкілі тестілеуді жүргізудің тәртібі бойынша нұсқама жүргізеді, сұрақтар туындаған жағдайда тиісінше түсіндірмелер береді.

10. Тестілеу сәтінде өзін нашар күйде сезінген кандидат бұл туралы тестілеу басталар алдында кадр қызметінің өкіліне хабарлауы қажет. Мұндай жағдайда бұл кандидатты тестілеуден өткізу сол күннің ішінде басқа уақытта немесе басқа күні өткізіледі.

11. Тестілеу кезінде кандидаттарға тестілеу өткізіліп жатқан жайдан шығуға, басқа кандидат адамдармен сөйлесуге, материалдармен алмасуға, қабылдағыш-беруші электрондық қондырғыларды (соның ішінде ұялы телефондарды, қалталық дербес компьютерлерді немесе басқа электрондық құралдарды), қағаз тасымалдағыштарын пайдалануға рұқсат етілмейді.

12. Осы Қағидалардың 11-тармағын талаптары бұзылған кезде кадр қызметінің өкілі тестілеуді тоқтатады, бұзуға жол берген кандидатты тестілеу жайынан шығарады және еркін нысанда тиісті акті жасайды. Кандидатты тестілеудің нәтижелері жойылады.

13. Тестілеуді орындауға 90 минут (120 сұрақ) уақыт беріледі.
Тестілеуге бөлінген уақыт аяқталған соң бағдарлама автоматты түрде жабылады.

14. Тестілеу бойынша төменгі шекті мәні сұрақтардың жалпы санының 70% кем емес дұрыс жауаптан тұрады.

Бұл ретте Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Прокуратура туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің іс-қимылының қағидаларын айқындайтын нормативтік құқықтық акті бойынша дұрыс жауаптардың саны әрбір нормативтік құқықтық акті бойынша 70 % кем болмауы тиіс.

15. Тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу компьютерлік бағдарламаның көмегімен автоматтандырылған түрде жүргізіледі.

16. Тестілеу аяқталғаннан кейін кандидаттарға олардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тестілеуді өткізу күні, жұмсалған уақыт, дұрыс жауаптардың саны көрсетілген тестілеудің нәтижесі беріледі.
Тестілеудің нәтижелері прокуратура органының мөрімен куәландырылады және ол өткізілген уақыттан бастап бір жыл ішінде, тестілеу бағдарламасы өзгеріссіз қалған жағдайда, жарамды болып саналады.

17. Тестілеуден өткен кезде төменгі шекті мәннен төмен баға алған кандидаттар алғашқы тестілеудің қорытындыларын алған күннен бастап үш айдан кем емес уақыт өткеннен кейін қайтадан тестілеуге жіберіледі.

Тестілеуден өту кезінде шекті мәннен төмен баға алған кандидаттар медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, соның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өтуге және міндетті арнайы тексеруден өтуге жіберілмейді.

18. Кадр қызметі тестілеу өткізудің қорытындысы бойынша үш жұмыс күні ішінде кандидатқа қызметке (лауазымға және мамандығына сәйкес) жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, соның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өтуге жолдама береді.
Медициналық және психофизилогиялық куәландырудан, соның ішінде полиграфологиялық зерттеуден уақытылы өтпеген жағдайда кандидатқа қайтадан жолдама берілмейді.

19. Міндетті арнайы тексеру жүргізу үшін кандидат тестілеуді өткізудің қорытындысы бойынша кадр қызметіне үш жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынады:

1) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сауалнама;
2) жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптыларын көрсете отырып, осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған өз қолымен жазылған толық өмірбаяны;
3) жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) нотариалдық куәландырылған, бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерi;

Басқа мемлекеттерде, халықаралық ұйымдарда немесе шетелдік білім беру мекемелерінде (олардың филиалдарында) білім алған кандидат тану туралы немесе білімі туралы құжаттардың нострификациясы туралы куәлік ұсынады;

 5) 3х4 үлгідегі (2 дана) сурет;

6) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша мемлекеттік кірістер органына табыс еткенін растайтын құжаттар.
Кандидат немесе оның жақын туысы атын, әкесінің атын (бар болса) тегін өзгерткен жағдайда атын, әкесінің атын (бар болса), тегін өзгертудің мемлекеттік тіркеуі туралы құжаттың көшірмесін ұсынады.

20. Міндетті арнайы тексеру жүргізу үшін кандидатқа қатысты құжаттарды кадр қызметі осы құжаттарды кандидат ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұлттық қауіпсіздік органдарына жібереді.

21. Прокуратура органдарында қызмет етуге денсаулық жағдайлары бойынша жарамсыз деп танылған немесе прокуратура органдарына қызметке орналасуға кедергілердің болуы туралы қорытынды алынған жағдайда кадр қызметі осындай кандидаттарға әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысын және міндетті арнайы тексерудің нәтижесін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кандидатқа хабарлайды.

22. Іріктеуге қатысу жөніндегі шығыстарды (тестілеу жүргізетін орынға бару-қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану және басқа да шығыстар) кандидаттар өздерінің жеке қаражаттарының есебiнен жүргiзедi.

ТіркемеКөлем
File Қағидаларға қосымша26.64 KB
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.