You are here

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратура органдарына қызметке қабылдау туралы ақпарат

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

01.11.2016

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы, 150000, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 15 үй, анықтама телефоны 8 (7152) 46-14-87, эл.пошта 7152383@prokuror.kz келесі бос орындарға конкурс жариялайды:Мамлют ауданыныңпрокуратурасында – 1 дана, Мағжан Жұмабаев ауданының прокуратурасында – 1 дана, Петропавл қаласы прокуратурасында – 1 дана.

Лауазымның санаты:

Аудан прокуратурасының прокуроры (С-RGP-5), лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты 76 235 теңгеден 103 142 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: әлеуметтік-экономикалық саладағызаңдылық; сот сатысына дейінгі қылмыстық процестің заңдылығын қадағалау; соттарда мемлекеттік мүддесін білдіру; ұсталған, тұтқынға алынған және қылмыстық жазаны өтеп жүрген адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау; қылмыстық істер бойынша мемлекеттің мүддесін білдіру және сот актілерінің заңдылығын қадағалау бойынша прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру. Прокуратура органдарының Имидж бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз ету. Негізгі міндеттерді қоспағанда, прокуратура органдарының барлық қызметкерлері орындауға тиіс басқа да міндеттерін орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

- нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіптік білім;

- құқық қорғау органдарында қызмет етуге денсаулығы бойынша жарамдылығы;

- нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін міндетті білімі, ептілігі және дағдысының болуы шарт;

Қажетті құжаттар тізімі:

1. Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2. Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысандағы сауалнама;

3. Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша (тұрғылықты тұратын мекенжайы мен телефонын, оның ішінде байланыс телефонын көрсете отырып) толтырылған кадр есебі жөніндегі жеке іспарағы;

4. жақын туыстарын, оның ішінде бұрынды ерлі-зайыпталарды көрсете отырып, Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған (қолмен немесе басылып жазылған) толық өмірбаяны;

5. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

6. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

7. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

8. әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесiне тiркелгені туралы куәліктің көшірмесі;

9. 3х4 мөлшеріндегі (3 дана) сурет;

10. Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 18 қарашасындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша салық органына табыс еткенін растайтын құжаттар;

11. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды өткізу кезінде жарамды, шекті мәннен төмен емес қолданыстағы заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеудің нәтижелері;

12. прокуратура органдарында қызмет атқаруға жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексеріс қорытындылары;

13. құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарының соттылығы жоқтығы, сот тәртібімен соңғы бір жылдың ішінде қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;

14. соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме.

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы оларды қараудан бас тарту үшіннегізболып табылады.

Құжаттарды қабылдау конкурс жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтеді.

Құжаттар тізімінде көрсетілген қосымшалар Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылдың 4 мамырдағы №40 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдамадан өткізу ережесінде бар.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.