You are here

Прокуратура қызметіне кандидаттарды бағалау туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокуратураға қызметке орналасу бірнеше іріктеу кезеңдерінен, соның ішінде: 

- заңнамаларды білуге арналған компьютерлік тестілеуден;

- әскери-дәрігерлік комиссиядан және полиграфологиялық зерттеуден;

- арнайы тексеруден;

-тапсырмаларды орындаудан(өмірлік тәжірибесін сипаттау, эссе жазу, кейстік (ахуалдық) тапсырмаларды шешуден);

- психологиялық тестілеуден және бағалау сұхбатынан;

- тағылымдамадан табысты өтуді көздейді.

Денсаулық жағдайын, психофизиологиялық куәландыруды және кандидат хабарлаған мәліметтердің растығын тексеруді әскери-дәрігерлік комиссия мамандары бағалайды. Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметке орналасуға кедергі келтіретін мәліметтердің бар-жоғына арнаулы тексеру жүргізеді.

Іріктеудің келесі кезеңдеріне арналған кандидаттарды бағалау тәртібі(заңнамаларды білуге арналған компьютерлік тестілеу, тапсырмалар орындау, психологиялық зерттеулер, тағылымдама).

Әрбір кезең 5 балл жүйесі бойынша бағаланады(өту –3-тен астам балл).

Кез-келген кезеңдерде 3-тен аз балл баға алса жұмысқа орналасуға мүмкіндігі болмайды.

Бағалауды әртүрлі тәуелсіз сарапшылар жүргізеді, ал заңнамаларды білуге арналған компьютерлік тестілеудің бағасы автоматты түрде қойылады.

Барлық бағалар Бас прокуратураның деректер базасында сақталады. Рәсімдердің аяқталуы бойынша балл жинақталады(формуласы төменірек келтірілген), нәтижелері конкурстық комиссияның назарына жеткізіледі және түпкілікті шешім қабылдауға әсер етеді.

1. Заңнамаларды білуге арналған компьютерлік тестілеу–алғашқы кезеңдердің бірі. Заңнамаларды білуін тексеруге бағытталған.

Кандидат 90 минут ішінде 120 тестілік сұрақтарға жауап береді.Шекті мәні дұрыс жауаптардың кемінде 70% құрайды.Дұрыс жауаптарды есептеуді компьютерлік бағдарлама автоматты түрде жүргізеді.

Дұрыс жауаптардың пайызы келесі бағалауларға тең келеді: 70-79% – 3 балл; 80-89% - 4 балл; 90-100% - 5 балл.

Компьютерлік тестілеуді жүргізудің неғұрлым егжей-тегжейлі тәртібі Қазақстан Республикасының прокуратура органдарынақызметке қабылданатын кандидаттарды іріктеуді,оларды алдын ала зерделеуді жүзеге асыруқағидаларымен реттелген(Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 156 бұйрығымен бекітілген).

2. Тапсырмаларды орындау(өмірлік тәжірибесін сипаттау, берілген тақырыпқа эссе жазу, кейстік (ахуалдық) тапсырмаларды шешу).

Кандидатқа өзінің өмірлік тәжірибесін сипаттау ұсынылады(лимиті 60 минут, 500 сөзден аспауы тиіс), белгілі бір тақырыпқа эссе жазу(120 минут, 500 сөз), 3 кейстік (ахуалдық)тапсырманы шешу (90 минут)ұсынылады.

Тапсырмалар кандидаттың құзыреттілік деңгейін айқындауға бағытталған. Әрбір тапсырма үшін индикаторлар көзделген:

1. Өмірлік тәжірибесін сипаттау: білім алуда, шеберлік, дағдыларға ие болудың өмірлік тәжірибесі бар(өмірдің түрлі саласындағы негізгі жетістіктері, іскерлік, кәсібижәне жеке сапасы); белсенді өмірлік ұстанымын көрсетеді(анық мақсаттар және басым өмірлік, оларды іске асыру жоспарларын келтіреді, нәтижелерге жетудегі табандылығы мен мақсаттылығын көрсетеді); өзінің табыстары мен сәтсіздіктерін түсінеді, осыдан тәжірибе алады; әлеуметтік белсенділік танытады, борышы мен патриоттығын сезінеді(қоғам мен айналадағы адамдар үшін не істегені, әлеуметтік жобаларға, акцияларға қатысқаны туралы фактілер келтіреді);прокуратурада жұмыс істегісі келуінің себебін келтіреді(қызмет үшін өзінің жоғары қажеттілігіне сендіреді).

2. Берілген тақырыпқа эссе жазу: өз ойын анық және жинақы жазады; сауатты жазады; тақырыпқа сәйкес ұғымдарды пайдаланады; тезистерді дәйектейді, дәлелдемелердің қисынды құрылымын құрайды; түрлі көздерді пайдаланады, оларға жеке баға береді; теңгерілген қорытындылар мен тұжырымдар береді.

3. Кейстік тапсырмаларды шешу: проблеманы түсінеді; заңнамаларды бағдарлайды; заңдарды іс жүзінде қолданады; шешімді сауатты негіздейді; ерекше көзқарастар, балама нұсқалар ұсынады, салааралық байланыстарды ескереді, шешімнің іс жүзінде қолданылуын және қабылданған шешімдердің салдарларын талдайды.

Тапсырманы кандидат автоматтандырылған бағдарламада орындайды, компьютер жұмыстарға бірегей сәйкестендіру кодын (сол кандидатты шифрлайды)автоматты түрде береді.

Бекітілмеген жұмыстар прокуратура органдарымен байланысты емес (жетекші консалтингтік компаниялар, ЖОО) сарапшыларға жолданады.

Сарапшылар әрбір тапсырманы бағалайды және бағалаудың нәтижелері бойынша орташа қорытынды бағаларды шығарады(орташа мәнді балл).

Жұмыстардың шифрларын алып тастауды Бас прокуратура барлық сарапшылардың бағаларын алған соң жүргізеді. Ол үшін компьютерлік бағдарламаға жұмыстың коды мен сарапшының бағасы енгізіледі, содан соң кандидаттың аты-жөні белгілі болады.

Шифрды алып тастауға қол жетімділік қатаң шектелген және компьютерлік бағдарламамен бекітіледі, ол бағаны өзгерту мүмкіндігін болдырмайды.

3. Психологиялық зерттеу

Кандидат автоматтандырылған бағдарламада психологиялық тестілеуді орындайды(90 минут ішінде 190 сұрақ), ал кейін психологтың сұхбатынан өтеді.

Зияткерлік деңгейі, жеке басының сапасы, сенімділігі, адамдармен тіл табысу шеберлігі, ойын ашық және анық айта білуі, сендіру дағдысы және т.б. бағаланады.

Әрбір индикатор бағалаудың 5 балл шкаласына сәйкес бағаланады. Жалпы бағалау барлық бағалардың орташа арифметикалық мәнін есептеу арқылы шығарылады.

4. Тағылымдама

Тағылымдамаға қойылатын негізгі талаптар Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережесінің (Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40 бұйрығымен бекітілген) 22-33-тармақтарында көрсетілген.

Тағылымдама кезеңінде үміткерді прокуратура органдарының қызметін реттейтін құқықтық актілермен таныстыруды, қадағалау қызметінің практикалық жағын зерделеуді қосатын жоспар жасалады.

Кандидаттың тәртіптілігі, еңбексүйгіштігі, орындаушылығы, жауаптылығы, креативтілігі және т.б. бағаланады.

Тағылымдамадан өту кезеңінде кандидаттың теориялық білімін және практикалық жұмысын бағалау тағылымдама басшысының мінездемесінде көрсетіледі.

Қорытынды бағалауды есептеу

Әрбір тапсырманы бағалаудың және кандидат бойынша жалпы интеграциялық бағалаудағы коэффициенттің өз салмағы бар.

Баға

100%бағалу салмағы

Бағалаудың коэффициенті

1

Заңнамаларды білуге арналған автоматтандырылған компьютерлік бағалау(шартты код – А)

10%

0,1

2

Тәуелсіз сарапшының бағасы(шартты код –В)

60%  

0,6

3

Психологтың бағасы(шартты код – С)

20%   

0,2

4

Тағылымдама басшысының мінездемесі(бағасы)(шартты код – D)

10%

0,1

 

Осылайша, қорытынды бағалау дегеніміз – олар үшін белгіленген коэффициентке көбейтілген барлық бағалардың сомасы.

Қорытынды бағалауды шығарудың формуласы (шартты код - ∑)мынадай:

∑=(0,1*A)+(0,6*(B)+(0,2*С)+(0,1*D)

Қорытынды нәтиже кандидаттың дайындығы деңгейін білдіреді:

0-ден 1-ге дейінгі балл –прокуратураға жұмысқа жарамайды. Ұсыным берілмейді.

1-ден 2-ге дейінгі балл –қазіргі таңдағы талаптарға сәйкес келмейді. Ұсыным берілмейді.

2-ден 3-ке дейінгі балл –базалық деңгейге ие. Ұсыным берілмейді.

3-тен 4-ке дейінгі балл –қойылған талаптарға сәйкес келеді. Ұсыным беріледі.

4-тен 5-ке дейінгі балл –өте жақсы нәтиже көрсеткен. Ұсыным басымдық тәртіпте беріледі.

Қорытынды бағалау жоғары балл (бірақ 3-тен төмен емес) адамдарды жарияланған бос лауазымдық қызметке тағайындау туралы ұсыныммен бірге конкурстық комиссияның назарына ұсынылады.

3-тен жоғары балл жинаған, бірақ қызметке тағайындалмаған өзге де кандидаттарды кадр резервіне қоюға ұсыным беріледі(әрбір бос қызмет орнына 3 кандидаттан аспайды).Осы адамдар кейін пайда болған бос қызмет орнына тағайындалатын болады.

Қалған үміткерлерге жарияланған бос қызмет орындарын тағайындаудан бас тарту ұсынылады. 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.