You are here

Қызылорда облысының прокуратура органдарына қызметке қабылдау туралы ақпарат

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қызылорда облысының прокуратурасы, 120001, Қызылорда қаласы, Нұрмақов көшесі 1, анықтама үшін телефон (7242) 274375, электрондық мекен-жай 7242380@prokuror.kz, бос прокурорлық лауазымға конкурс жариялайды

04.11.2016

Бос орындар:

- Байқоңыр қаласы прокуратурасының прокуроры - C-RGP-5  (бір бірлік)

- Жаңақорған ауданы прокуратурасының прокуроры - C-RGP-5  (бір бірлік)

- Сырдария ауданы прокуратурасының прокуроры - C-RGP-5  (бір бірлік)

Функционалдық міндеттері: азаматтардың құқықтарының сақталуын қадағалау, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

Еңбекақысы 76235 теңгеден жоғары

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

- функционалды бағыттарға сәйкес келетін жоғары кәсіби білім;

- құқық қорғау органдарында қызмет атқару үшін қажетті болған денсаулығының жарамдылығы.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде Қызылорда қаласы, Нұрмақов көшесі 1 мекен-жайда қабылданады, кадр жұмысы басқармасы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) Өтініш (нысанға сәйкес);

2) Сауалнама (нысанға сәйкес);

3) Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы (нысанға сәйкес);

4) Қолмен толтырылған және басылып жазылған толық өмірбаяны (нысанға сәйкес);

5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

6) Бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

7) Еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

8) Әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесiне тiркелгені туралы куәліктің көшірмесі;

9) 3х4 үлгідегі (2 дана) сурет;

10) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша салық органына табыс еткенін растайтын құжаттар;

11) Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды өткізу кезінде жарамды, шекті мәннен төмен емес қолданыстағы заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеудің нәтижелері;

12) Прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексеріс қорытындылары;

13) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарының соттылығы жоқтығы, сот тәртібімен соңғы бір жылдың ішінде қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;

14) Соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби шеберлігіне және іскерлік беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелері мен атақтары берілуі, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері) қосымша ақпараттар бере алады.

Құжаттар мұқабада тізбесі көрсетіле тігіліп тапсырылуы тиіс.      

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.