You are here

Батыс Қазақстан облысының прокуратура органдарына қызметке қабылдау туралы ақпарат

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

01.11.2016

«Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы» ММ бос прокуратура органдарының қызметкері лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

090000 Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 23, телефон - факс 8 7112 503347.

Орал қалалық прокуратурасыныңазаматтық, әкімшілік істер бойынша сот актілерінің және атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау  бөлімінің прокуроры – 3 бірлік, санаты (С-RGP-5) лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өткерген жылдарына байланысты 76235 теңгеден 103142 теңгеге дейін. 

Негізгі қызметтік міндеттері:

Азаматтық және әкімішілік істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау және атқарушылық өндірістің заңдылығының сақталуын қадағалау. Осы қадағалау саласы бойынша азаматтардың арыз – шағымдарын қарау және жоғары тұрған прокуратураның тапсырмаларын орындау.

Орал қалалық прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау және мемлекет мүддесіне өкілдік ету бөлімінің прокуроры – 1 бірлік, санаты (С-RGP-5) лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өткерген жылдарына байланысты 76235 теңгеден 103142 теңгеге дейін. 

Негізгі қызметтік міндеттері:

Қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау және мемлекет мүддесіне өкілдік ету. Осы қадағалау саласы бойынша азаматтардың арыз – шағымдарын қарау және жоғары тұрған прокуратураның тапсырмаларын орындау.

Бөрлі аудандық прокуратурасының прокуроры– 1 бірлік, санаты (С-RGP-5) лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өткерген жылдарына байланысты 76235 теңгеден 103142 теңгеге дейін. 

Негізгі қызметтік міндеттері:

Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау және сотта мемлекет мүдделеріне өкілдік ету;

-  атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау;

- ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуына прокурорлық қадағалау;

- ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының қолданылуын қадағалау;

- бекітіліп берілген қадағалау салалары бойынша салалық Нұсқаулықтармен көзделген мерзімдерде қадағалау қызметінің басым бағыттары бойынша талдаулар, қорытындылау жүргізу;

- қылмыстық, азаматтық, әкімішілік істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау және сотта мемлекет мүдделеріне өкілдік ету, атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау жөніндегі статистикалық есептерін дайындау.

Осы қадағалау саласы бойынша азаматтардың арыз – шағымдарын қарау және жоғары тұрған прокуратураның тапсырмаларын орындау.

Сырым аудандық прокуратурасының прокуроры– 1 бірлік, санаты (С-RGP-5) лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өткерген жылдарына байланысты 76235 теңгеден 103142 теңгеге дейін. 

Негізгі қызметтік міндеттері:

Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау және сотта мемлекет мүдделеріне өкілдік ету;

-  атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау;

- ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуына прокурорлық қадағалау;

- ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының қолданылуын қадағалау;

- бекітіліп берілген қадағалау салалары бойынша салалық Нұсқаулықтармен көзделген мерзімдерде қадағалау қызметінің басым бағыттары бойынша талдаулар, қорытындылау жүргізу;

- қылмыстық, азаматтық, әкімішілік істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау және сотта мемлекет мүдделеріне өкілдік ету, атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау жөніндегі статистикалық есептерін дайындау.

Осы қадағалау саласы бойынша азаматтардың арыз–шағымдарын қарау және жоғары тұрған прокуратураның тапсырмаларын орындау.

Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының прокуроры –1 бірлік, санаты (С-RGP-5) лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өткерген жылдарына байланысты 76235 теңгеден 103142 теңгеге дейін. 

Негізгі қызметтік міндеттері:

  Мамандандырылған табиғат прокурорымен жіберілген қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау және сотта мемлекет мүдделеріне өкілдік ету.

- жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану заңнамасының, қоршана ортаны қорғау заңнамасының сақталуын қадағалау.

- ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының қолданылуын қадағалау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптар:

Білім – жоғары заңгер, құқық қорғау органдарына қызмет етуге жарамды денсаулық, қызметтік міндеттерін атқару үшін қажетті білік және дағды.

Қажетті құжаттар:

«Қазақстан Республикасының Прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40 бұйрығына сәйкес:

1.Осы Ережелерге сәйкес нысандағы өтінішті;

2.Осы Ережелерге сәйкес нысандағы сауалнаманы;

3.Осы Ережелерге сәйкес нысан бойынша (тұрғылықты тұратын мекен-жайы мен телефонын, оның ішінде байланыс жасайтын телефонды көрсете отырып) кадр есебі жөніндегі жеке іс парағын;

4.Жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптарын көрсете отырып, осы Ережелерге сәйкес нысан бойынша толтырылған қолмен немесе басылған түрде жазылған толық өмірбаянын;

5.Жеке сәйкестіру нөмірі қамтылған Қазақстан Республикасының азаматтығын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

6.Бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерiн;

7.Еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн;

8.Әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесiне тiркелгені туралы куәліктің көшірмесі;

9. 3х4 үлгідегі (2дана) сурет;

10.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша салық органына табыс еткенін растайтын құжаттар;

11. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды өткізу кезінде жарамды, шекті мәннен төмен емес қолданыстағы заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеудің нәтижелері;

Тестілеу бойынша төменгі мәні осы Қағидаларға 6-қосымшаға сай Тестілеу бағдарламасында көзделген нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санының 70 пайызынан кем емес дұрыс жауаптардан тұрады.

12.Прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексеріс қорытындылары;

13.Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарының соттылығы жоқтығы, сот тәртібімен соңғы бір жылдың ішінде қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;

14. Соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және іскерлік беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтардың берiлуi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшiрмелерi) қосымша ақпарат бере алады.

Құжаттар осы хабарландыру БАҚ жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жоғарыда көрсетілген мекен – жай бойынша хабарланады.

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.