You are here

Ақтөбе облысының прокуратура органдарына қызметке қабылдау туралы ақпарат

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

01.11.2016

«Ақтөбе облысының прокуратурасы» ММ, бос лауазымға орналасуға конкурс  жариялайды: 

1.  Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық прокуратурасының прокуроры  (С-RGP-5 санаты) – 1 бірлік;

2.  Ақтөбе облысы Хромтау аудандық прокуратурасының прокуроры негізгі қызметкерінің бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңінде уақытша қызметі (С-RGP-5 санаты) – 1 бірлік.

Лауазымдық  айлық еңбекақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қатысты 76 235 теңгеден 103 142 теңгеге дейін.

Атқарымдық міндеттер: экономикалық-әлеуметтік салада заңдардың  қолданылуына, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына; қылмыстық іс жүргізудің сотқа дейінгі сатысының заңдылығына; қылмыстық істер бойынша, жазаларды орындау және азаматтарды ақтау  сот актілерінің заңдылығына;  ұсталған, күзетпен қамауға алынған және қылмыстық жазасын өтеп жатқан тұлғалардың құқықтарының сақталуына; атқару өндірісінің заңдылығына прокурорлық қадағалау жүргізуді жүзеге асыру; қылмыстық істер бойынша соттарда мемлекеттік айыптауға  қолдау көрсету;  соттарда азаматтық және әкімшілік істерді қарау кезінде қатысу және басқалары. Прокуратура органдарының Имидждік бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету. Негізгі міндеттерімен қоса, прокуратура органдарының барлық қызметкерлеріне міндетті болып табылатын атқарымдық міндеттерді орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

- нақты лауазымның атқарымдық міндеттерінің бағыттарына сәйкес салада жоғары кәсіби  білімі;

- денсаулық жағдайы бойынша құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге жарақтылығы;

- нақты лауазымның атқарымдық міндеттерін орындау үшін қажетті міндетті білімі, икем-дағдылары.

Конкурс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 4  мамырдағы № 40 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдама өткізу Ережесі негізінде өткізіледі (бұдан әрі - Ереже).

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Ақтөбе облысының прокуратурасы» ММ-не келесідей құжаттарды тапсырады:

1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысандағы сауалнама;

3) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (тұрғылықты тұратын мекенжайы мен телефонын, оның ішінде байланыс телефонын көрсете отырып) толтырылған кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;

4) жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптарын көрсете отырып, осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған қолмен және басылып жазылған толық өмірбаяны;

5) Қазақстан Республикасы  азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

6) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

7) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

8) әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесiне тiркелгені туралы куәліктің көшірмесі;

9) 3х4 үлгідегі (3 дана) сурет;

10) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша салық органына табыс еткенін растайтын құжаттар;

11)  конкурсқа қатысу үшін құжаттарды өткізу кезінде жарамды, шекті мәннен төмен емес қолданыстағы заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеудің нәтижелері;

12)  прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін  әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексеріс қорытындылары;

13)  құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарының соттылығы жоқтығы, сот тәртібімен соңғы бір жылдың ішінде қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;

14) соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және іскерлік беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтардың берiлуi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшiрмелерi) қосымша ақпарат бере алады.

Конкурстық комиссия қарауына құжат тігілетін мұқабада орналастырылған, қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы қабылдау мерзімінде берілген құжаттар қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды, конкурс өткізу жөніндегі хабарландыру облыстық «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде келесі  мекенжай бойынша қабылданады: Ақтөбе қаласы,  Ө. Сейтов көшесі , № 6, № 603 кабинет, немесе 7132381@prokuror.kz.  электрондық  поштасына: Анықтама үшін байланыс телефондары:  факс 90-14-58.

Қонкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әнгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Құжаттырдың түпнұсқасы берілмеген жағдайда кандидат әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны, кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде «Ақтөбе облысының прокуратурасы» ММ өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.