You are here

Ақмола облысының прокуратура органдарына қызметке қабылдау туралы ақпарат

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақмола облысының прокуратурасы, 020000, Көкшетау қаласы, Біржан сал көшесі, 45 үй, анықтама телефоны 8 (7162) 25-05-93, эл.пошта 7162380prokuror.kz  Степногор қаласы прокуратурасынын прокуроры  – 1 дана, Көкшетау каласы прокуратурасының бөлім прокуроры – 1 дана,Егіндікөл ауданы прокуратурасынын прокуроры -1 дана,бос лауазымдарға конкурс жариялайды:

01.11.2016

Лауазым санаты:

Қала/аудан прокуратурасының прокуроры (С-RGP-5), лауазымдық еңбекақы мемлекеттік қызметтегі еңбек өтіліне байланысты 76 235 теңгеден 103 142 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Заңдардың қолданылуына, әлеуметтік-экономикалық салада адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын; қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысын; қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын, жазаны орындауға және азаматтарды ақтауға, ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазасын өтеп жатқандардыңқұқықтарының сақталуын, атқарушылық іс жүргізу заңдылығынпрокурорлық қадағалауды жүзеге асыру; қылмыстық істер бойынша сотта мемлекеттік айыптауды қолдау; азаматтық және әкімшілік істерді сотта қарау барысында қатысу және басқалар. Прокуратура органдарының Имидж бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз ету. Негізгі міндеттерді қоспағанда, прокуратура органдарының барлық қызметкерлері орындауға тиіс басқа да функцияларды орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

білімі – нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби;

құқық қорғау органдарында қызмет етуге денсаулық жағдайы бойынша жарамды;

нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін міндетті білімі, ептілігі және машықтануы болуы шарт;

құжаттар тізімі:

1. Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2. Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысандағы сауалнама;

3. Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (тұрғылықты тұратын мекенжайы мен телефонын, оның ішінде байланыс телефонын көрсете отырып) толтырылған кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;

4. жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптарын көрсете отырып, Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған қолмен немесе басылып жазылған толық өмірбаяны;

5. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

6. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

7. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

8. әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесiне тiркелгені туралы куәліктің көшірмесі;

9. 3х4 үлгідегі (2 дана) сурет;

10. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша салық органына табыс еткенін растайтын құжаттар;

11. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды өткізу кезінде жарамды, шекті мәннен төмен емес қолданыстағы заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеудің нәтижелері;

12. прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексеріс қорытындылары;

13. құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарының соттылығы жоқтығы, сот тәртібімен соңғы бір жылдың ішінде қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;

14. соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме.

 

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы оларды қараудан бас тарту үшін

негіз болып табылады.

Құжаттарды қабылдау конкурс жүргізу туралы хабарландыру шыққан күннен 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Құжаттар тізімінде көрсетілген қосымшалар Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылдың 04 мамырдағы №40 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында, ведомстволары мен мекемелерінде лауазымдарға орналасу үшін конкурс пен тағылымдамадан өткізу ережесінде бар.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.