Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының орынбасары Дембаев Болат Бекназарұлы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Дембаев Болат Бекназарұлы 1965 дүниеге келген.

Білімі жоғары, Свердлов заң институтының сот-прокурорлық факультетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебін мемлекеттік басқару мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Қостанай облысында аудан прокуроры  көмекшісінің стажеры болып бастаған.

1991-2000 жылдары – Қостанай облысы аудан прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, бөлім прокуроры, осы облыс прокуратурасының  бөлім бастығы, облыс әкімі аппараты бөлімінің меңгерушісі, бөлім прокуроры, Бас прокуратура бөлімінің аға прокуроры, Бас Прокурордың аға көмекшісі, Бас прокуратураның бөлім бастығы.

2000-2002 жылдары - Астана қаласы Алматы ауданының прокуроры.

2002-2007 жылдары - Қостанай облысы прокурорының орынбасары.

2007-2008 жылдары - Астана қаласы прокурорының орынбасары.

2008 жылы - Бас прокуратураның Соттарда қылмыстық істерді қарау заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы.

2009-2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары, әділет Министрлігі жеке сот орындаушыларының қызметін ұйымдастыру сот актілерін орындау комитетінің басқарма бастығы.

2012-2017 жылдары - Бас прокуратураның Қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау және мемлекет мүдделерін қолдау  жөніндегі департамент бастығының орынбасары, бастығы.

2017 - 2019 жылдар аралығында - Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры.

2019 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары.

3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені бар (2018 ж.).

ІІ-дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған (2016 ж.).

Прокуратура органдарының құрметті қызметкері.

Үйленген, екі баласы бар.