You are here

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Аппаратының басшысы Ербол Жұмабайұлы Өмірәлиев

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ербол Өмірәлиев 1974 жылы 7 қыркүйекте Алматы облысында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін құқықтану мамандығы бойынша және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын мемлекеттік қызмет жөніндегі менеджер мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Аппаратының кеңесшісі қызметінен бастаған.

2002 жылдан 2005 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімі секторының меңгерушісі, Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2005 жылдан 2015 жылға дейін - «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілері жалпыұлттық Одағы» ЗТБ басқармасы атқарушы директорының кеңесшісі, төраға орынбасары, «КазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ және «КазАгроФинанс» АҚ басқарушы директоры, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ басқарама төрағасының орынбасары, «Транстелеком» АҚ-ның корпоративтік даму және құқықтық мәселелер жөніндегі вице-президенті.

2015 жылы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадрлық саясат бөлімінің сектор меңгерушісі.

2016 жылдың 20 мамырынан бастап - Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры Аппаратының басшысы. 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.