Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Кененбаев Ерлік Әбдірақымұлы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ерлік Кененбаев 1960 жылы 10 ақпанда Алматы облысы Панфилов ауданының Басқыншы ауылында туған.

Білімі - жоғары заң, С.М. Киров ат. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1985-1988 жылдары –Новый Узень қ. заң консультациясы адвокатының тағылымгері, Шевченко қ. тергеушісінің тағылымгері, Маңғышлақ облысы прокуратурасының аға тергеушісі.

1988-1990 жылдары–Талдықорған облысы Сарқан ауданы прокуратурасының тергеушісі.

1991-1998 жылдары – Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары, аса маңызды істер жөніндегі тергеуші, ауданаралық табиғатты қорғау прокуроры.

1998-2000 жылдары–Бас прокуратура алдын ала тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау департаменті бастығының орынбасары.

2000-2002 жылдары–Қарағанды облысы прокурорының бірінші орынбасары.

2002-2005 жылдары–Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы.

2005 - 2007 жылдары–Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары, Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы.

2007-2008 жылдары–Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Құқық қорғау және сот жүйесі мәселелері бөлімінің меңгерушісі.

2008-2009 жылдары–Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары.

2009-2012 жылдары –Алматы облысының прокуроры.

2012-2014 жылдары–Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары.

2014 - 2016 жылдары–Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі.

2016 жылдың маусымынан баста–Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары.

Қаржы полициясының генерал-майоры арнайыатағы бар (2006 жыл).

ІІ дәрежелі«Даңқ» орденімен марапатталған (2013), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медальдары, басқа да мерейтойлық медальдары бар.