You are here

Қылмыстық процесті жаңғырту

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ұлт жоспарын іс-жүзінде орындау мақсатында қылмыстық процесті реформалау және құқық қорғау қызметін жетілдірудің өзге де аспектілері бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде.

  Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша реформа жүргізудің жолдарын нақтылау үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына Жоғары Соттың, Әділет министрлігінің, құқық қорғау және арнайы органдардың бірінші басшылары кірді. Ұлыбритания, ГФР, Эстония және Грузияға арнайы жұмыс сапарымен бару арқылы шетелдік тәжірибе жан-жақты зерттелді.

Жалпы алғанда реформа қылмыстық процестегі адам құқығын қорғауды нығайту, тараптардың жарыспалылығын арттыру, соттық бақылауды  кеңейту, сондай-ақ тергеу органдары, прокуратура мен соттың арасында құзыреттілікті нақты бөліп оның қайталануын болдырмауға бағытталған.

Атап көрсетілген және басқа да бастамалардың барлығы Заңның жобасына еніп, оның негізгі бағыттарын Мемлекет басшысы мақұлдады.

Қазіргі уақытта Заң жобасы белсенді түрде әзірлену үстінде.

Реформа аясында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша материалдармен танысуды ұсынамыз.

Қазақстан Республикасы қылмыстық процесін жаңғырту туралы заң жобасының ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ:

Жақып Асановтың сұхбаты

Қылмыстық процесті жаңғырту мәселелері бойынша брифинг:

Марат Ахметжанов "Құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту" Заң жобасын ұсынды 

Студия. Құқық қорғау саласындағы реформа

 

 

Баспасөз хабарламалары:

«Қылмыстық процесті жаңғырту мәселелері бойынша брифинг өтті»

Санкциясыз ұстау мерзімі 48 сағатқа дейін қысқарады

Қылмыстық процесті жаңғырту – заман талабы 

Биыл еліміздің прокуратура органдары үшін өзгерістерге толы жыл болды. Шілде айында бірқатар жаңашыл бағыттағы «Прокуратура туралы» заңының күшіне енгені белгілі. Аталған заңда прокуратураның нақты үш міндеті айқындалды. Біріншіден, бұл – жоғары қадағалау, екіншіден – сотта мемлекет мүддесіне өкілдік ету, үшіншіден – мемлекет атынан қылмыстық қудалау. Жоғарыда аталған тақырып шеңберінде Батыс Қазақстан облысының прокуроры Сапарбек Нұрпейісов «Егемен Қазақстан» газетіне сұхбат берді.

Толығырақ: https://www.egemen.kz/article/158499-qylmystyq-protsesti-zhanhghyrtu-%E2%80%93-zaman-talaby

Құсайын Игембаев: Бұрын 2 айда қаралатын істер қазір 10 күн ішінде аяқталып жатыр

Елбасы «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары бағдарламасында заңның үстемдігін қамтамасыз ету үшін бірқатар ұсыныстарын айтқан-ды. Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді орындау мақсатында Президент Әкімшілігі қылмыстық процесті модернизациялаудың ауқымды жобасының жүзеге асырылуына бастамашылық танытты. Маңызы зор бастама өңірлерде қалайша іске асырылып жатыр? Нендей жұмыстар қолға алынды? Осы және өзге сауалдар төңірегінде Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Құсайын Игембаев «Егемен Қазақстан» газетіне сүхбат берді

Толығырақ: https://www.egemen.kz/article/158999-qusayyn-igembaevburyn-2-ayda-qaralatyn-ister-qazir-10-kun-ishinde-ayaqtalyp-zhatyr

ШҚО прокуроры: Қылмыстық істі қарауда озық елдер тәжірибесі қолданылады

Елбасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бағдарламасында заңның үстемдігін қамтамасыз ету қажеттігін баса айтты. Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді орындау мақсатында Президент Әкімшілігі қылмыстық процесті модернизациялаудың ауқымды жобасының жүзеге асырылуына бастамашылық етті. Маңызы зор бастама өңірлерде қалайша іске асырылып жатыр? Нендей жұмыстар қолға алынды? Осы және өзге сауалдар төңірегінде Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Құсайын Игембаев «Егемен Қазақстан» газетіне сүхбат берді .

Толығырақ: https://www.egemen.kz/article/160204-qylmystyq-isti-qarauda-ozyq-elder-tazhiribesi-qoldanylady

 

 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.