You are here

Қоғамның полициямен өзара іс-қимылы - құқық қорғау жүйесіне сенім арттырудың маңызды қадамы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Игембаев Құсайын Абзалбекұлы,
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы

Конституцияның қабылдануы заңдылықтың жаңа кезеңіне жол ашты. Ол әлемдік стандарттарға сай келетін заманауи құқықтық реформалар мен заңдылықтың қалыптасуына дем берді.

Бүгінгі күні елімізде заңдылық жағдайын жоғарылатуға бағытталған жоспарлы жұмыс жүргізілуде, онда азаматтардың қоғамдық тәртіпті сақтауға ерікті түрде қатысуы институтына көп көңіл бөлінген.

Бұл үшін 2000 жылы қылмысты ескерту және алдын алуға жәрдемдескен азаматтарды марапаттау туралы ереже дайындалып, ал 2004 жылы азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуы туралы Заң қабылданды.

Бұдан әрі жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңда облыстық әкімдіктерге өз территориясындағы қоғамдық тәртіпті қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті бекітілген.

Мұның бәрі азаматтарға жеке немесе ұжым болып ерікті түрде қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігінің 2014 жылғы көрсеткіштеріне сәйкес Елімізде 34 мыңнан астам адамнан құралған 5,4 мыңнан астам құқыққорғау бағытында қызмет атқаратын қоғамдық құрылымдар бар. Олардың қатысуымен 1,7 мыңнан астам қылмыс ашылып, 23 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылар құрықталды.

Мұның барлығы жақсы көрсеткіштер. Алайда, прокурорлық тексеріс нәтижелерінде анықталғандай осындай құрылымдардың жұмысының формальды түрде жүргізілетінін есепке алар болсақ, бұл әлі де жеткіліксіз.

Сол себепті, бүгінгі күні құқыққорғау жүйесінде жүргізіліп отырған реформаның басты мақсаты полиция мен қоғамды бір-біріне жақындастыра отырып, оны азаматтардың туындаған мәселелерінің тиімді шешілуіне бағыттау болып табылады.

Мемлекетіміздегі «100 нақты қадам» бағдарламасының 30 тармақшасына сәйкес, таяу уақытта жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін полиция қызметі құрылады.

Оның өкілеттігіне қоғамдық тәртіпті қорғау мәселелері, тұрмыста орын алатын қылмысқа қарсы тұру, жол-бақылау қызметі, ұсақ құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік сұрақтары енгізіледі.

Жол-бақылау полициясы туралы айтар болсақ, барлық полиция қызметкерлерінің жұмыс ауысымы кезінде атқарған ісінің барлығын жазып отыратын бейнетіркегіштермен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл сыбайлас жемқорлық фактілерін төмендетуге және полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі мен объективтілік деңгейін жоғарылатуға өз септігін тигізері сөзсіз.

Болашақта жергілікті полиция қызметінің басшысын тиісті деңгейдегі әкім тағайындайды және ол атқарушы органның берген тапсырмаларын орындауға тиіс болады. Сонымен қатар, полиция қызметі басшының жергілікті мәслихат алдында да есеп беру жағдайы қарастырылған.

Жергілікті бюджеттен қаржыландыруға негізделген жергілікті атқарушы органға бағынышты жергілікті полиция тұрғындардың көкейіндегі мәселелердің жедел шешілуіне жағдай жасауы себепті, халық әкімдердің тарапынан қолдаудың бар екендігін сезінеді. Сондай-ақ, ведомство ішіндегі көрсеткіштер қуалау фактілеріне жол берілмейді.

Ал, әкім болса полиция қызметінің айыппұл салу, барлық тұлғаларды тіркеу, тұрғын үйді жалға берушілерден алынатын түсім, бюджетке төленетін салықтар және тағы басқалар сияқты экономикалық тиімділікке мүдделі болады.

Зерттеушілердің ойынша полиция белгілі және қажет болған жағдайда жедел табылатын болуы тиіс, өзіне бекітілген территорияда мекендейтін адамдардың барлығын тануға, азаматтардың мәселелерін тыңдауға және қол ұшын беруге, жергілікті тұрғындарды жедел ұйымдастыруға және өзінің қол жеткізген көрсеткіштері жайында есеп беруге міндетті.

Осының барлығы жергілікті полиция қызметі туралы заң жобасында қаралып, ол таяу уақытта Парламент талқылауына ұсынылады.

«100 нақты қадам» бағдарламасының 31 тармақшасында көрсетілгендей этикалық нормаларды бұзуға жол берген полицейлердің іс-әрекеттеріне шағымданған азаматтардың арызын қарау жөніндегі қоғамдық кеңес жүйесін құру арқылы полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету заңды түрде бекітілетін болады.

Сонымен қатар, қоғамдық кеңестер азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді және қоғамдық тәртіпті сақтау мен құқықбұзушылықтардың алдын-алу аясындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын ұйымдарды бірлесе әрекет етуге тартады, сондай-ақ тұрғындар мен ішкі істер органдары басшылығының арасындағы өзара байланысты қалыптастырады.

Осының негізінде, мемлекет полицияның қоғамдық тәртіпті сақтаудағы жұмысының ашық, әрі тиімді болуына, қоғамның құқыққорғау органдарына сенімінің ұлғаюына жағдай жасайды.

Бірақ, бұл да жеткіліксіз. Маңайымызға назар аударатын болсақ, үйлердің алдындағы қоқыстар, қоғамдық орындарда шылым шегу, жолдағы дөрекілік-осының барлығы тек қана полицияның нашар жұмысының көрінісі емес. Керісінше, бұл адамдардың айналада болып жатқан құбылыстарға немқұрайлы қарауынан туындап отыр. Сол себепті, құқыққорғау жүйесін қайта құрумен бірге халықты қоғамдық тәртіпті сақтау сұрақтарын шешуге бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруға тарту қажет.

Бүгінгі күні заңның бұзылғандығы жайында кез-келген адамның полицияға хабарлауға дайын еместігін мойындауымыз қажет. Жекелеген азаматтардың қалтарыста қалуға деген құштарлығы-ол өз қауіпсіздігіне балта шабумен бірдей. Қоғам өзгермейінше ол қала береді.

Қандай да болсын ұсақ қылмыстың өзі туралы оны кім жасағанына қарамастан хабарлау маңызды және қажетті. Осыны қауіпсіз қоғамда өмір сүргісі келетін әрбір адам есте ұстауы тиіс. Тек қана белсенді азаматтық көзқарас, қылмыстылықты жоюға деген құштарлық қана бірлескен тиімді нәтижелерге қол жеткізуге өз септігін тигізері сөзсіз.

Бірнеше адамның телефонмен қоңырау шалуы, мысал үшін, есірткі заттарының заңсыз айналымы жайындағы хабарламалары бірден өз нәтижесін береді. Тек, мұндай хабарламалар уақытылы болуы қажет, осындай жағдайда ғана еш қылмыскердің сайрандап жүруіне жол берілмейді.

Жоғарыда аталған бағдарламаның 32 тармағында көрсетілгендей «Қылмыстық құқық бұзу картасы» интернет-порталын құру тағы бір нақты қадам болып табылады. Бұл картада елімізде 1 аптадан әрі кетпейтін мерзімде жасалған барлық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелетін болады. Бұл қоғамға ішкі істер органдарының жұмысының тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді.

Осы шаралардың барлығы қосылғанда ғана қоғам үшін өзінің оң нәтижесін беретіндігіне берік сенімдімін.

Осы саладағы әр азаматтың жекелеген үлесі тұтас қоғам үшін маңызды. Егер әр азамат өзінен, ошағынан, ауласынан, өз көшесінің тәртібін қалыпқа келтіруден бастамаса, біз ешқандай заңмен темірдей тәртібі бар қоғам құра алмаймыз.

Бұл құқық бұзушылыққа қоғамдық әсер ету – олармен күрестің неғұрлым тиімді шарасы, ол құқықтық тәртіпті сақтауға осыған мүдделі тұлғаларды неғұрлым көбірек тартуға зор мүмкіндік береді.

Полицияның күші мен құралын қоғамдық тәртіпті сақтауда шебер басқару-қоғаммен тығыз байланыс болған кезде ғана мүмкін болмақ. Осы негізде ғана кез-келген құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидасын басшылыққа ала отырып, халықтың құқыққорғау органдарына деген сенімінің ұлғаюы жолындағы жағымды көрсетіштерге қол жеткізетінімізге сенімдімін.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.