You are here

Прокуратура органдарына прокурорлық қызметке тұруға және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасатын үміткерлерге қойылатын талаптар

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

1. Прокуратура органдарына прокурорлық қызметке тұруға үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 48-бабында белгіленген:

Прокурор - өз құзыретi шегiнде заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi жарлықтарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәл және бiрыңғай қолданылуын, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтаудың, тергеудiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығын қадағалауды, сотта мемлекет мүдделерiнiң өкiлi болуды, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда, тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын лауазымды адам. 
Прокуратура органдарына қызметке алу мемлекеттiк қызметшiлер кадрлары туралы республикалық деректер орталығына алдын-ала сұрау салынған және азаматтар мiндеттi арнаулы тексеруден өткен жағдайда жүзеге асырылады. 
Бұрын сотталған және қылмыстық жауапкершiлiктен ақталмаған негiздер бойынша босатылған, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан, соттар мен әдiлет органдарынан жағымсыз қылықтары бойынша босатылған адамдар прокуратура органдарына қызметке қабылдана алмайды. 
Прокуратура органдары қызметкерлерiнiң лауазымына денсаулық жағдайына қарай прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамды, әдетте, жоғары бiлiмi бар Қазақстан Республикасының азаматтары қабылдана алады. Оларды қызметке тағайындағанда сынақ мерзiмi белгiленуi мүмкiн. 
Прокурорлар болып жоғары заң бiлiмi бар, қажеттi iскерлiк және моральдық қасиеттерге ие, денсаулық жағдайына қарай прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамды азаматтар тағайындала алады.

Сонымен қатар, прокуратура органдарына прокурорлық қызметке тұруға тілек білдірген азаматтар кезең-кезеңімен мынадай рәсімдерден өтуі тиіс:

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 30.06.2004 жылғы №479оа бұйрығымен «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына резервке енгізу және жұмысқа қабылдау үшін үміткерлерді іріктеу ережесі» бекітілген.
Осы Ереженің талаптарына сәйкес, үміткер компьютерлік тестілеуден, сұхбаттан, Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының арнайы тексерістерінен және әскери-дәрігерлік комиссиядан өту қажет.
Бұл үшін азамат тиісті облыстық немесе оларға теңестірілген прокуратуралардың кадр қызметіне жазбаша өтініш беруі қажет. Одан әрі нақты қандай құжаттар тапсырылуы қажет екенін, тағылымдамадан өту мерзімдерін және басқа да тәртіптерді кадр қызметі түсіндіреді.
Аталған рәсімдерден сәтті өткен азамат алдағы уақытта кезектілік тәртіппен бос прокурорлық қызметке тұру үшін резервке алынады.
Арнайы тексерістен өтпеген немесе әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы бойынша денсаулығы жарамсыз деп танылған азаматқа қатысты сол кезеңде құжаттар жинақтау тоқтатылып, кадр қызметімен оған себебін көрсете отырып, қабылданған шешім (резервке алудан бас тарту) туралы жазбаша жауап беріледі.
Денсаулығы жарамсыз (ауруына, сырқаттануына, жарақатына, салмағы жетіспеуіне байланысты) деп танылған азамат осы негіз жойылғаннан кейін тиісінше әскери-дәрігерлік тексеруден қайтадан өту үшін жолдама алуға сәйкес облыстық немесе оларға теңестірілген прокуратураның кадр қызметіне қайта өтініш беруге құқылы.

2. Прокуратура органдарына бос мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасу Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңымен белгіленген жалпы тәртіп бойынша жүргізіледі. 

Сонымен бірге, орналасу барысы Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы № А-202 бұйрығымен бекітілген «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің ережесіне» сәйкес жүзеге асырылады. 

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдар, нақты бос лауазымдар бойынша үміткерге қойылатын біліктілік талаптар мен функционалдық міндеттері туралы мәліметтер аталған Агенттіктің сайтында және ресми басылымдарда жарияланады. 

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.