Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (Астана қ. Мәңгілік ел д-ы, 14, анықтама телефондары: 8-(7172)-7128-70) бос лауазымға конкурс жариялайды:

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Бас Прокурор Аппараты Бас Прокурордың аға көмекшісі (C-GP-3 санаты) -1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңнамалардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыру. Прокуратура органдарының имиджін жақсарту, жағымды қоғамдық пікір қалыптастыру, әлеуметтік рейтингін арттыру бойынша іс-шараларды іске асыру. Орталық және өңірлік мерзімдік басылымдармен, телерадиокомпаниялармен, елімізде заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша ақпараттық агенттіктермен өзара іс-қимыл жасау. Негізгі міндеттемелерден басқа, прокуратура органдарының барлық қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын функцияларды орындау.

Жалақы мөлшері мен төлеу шарттары қолданыстағы заңнамаларға сәйкес белгіленеді (ай сайын 199 236 теңгеден бастап).

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

білімі – жоғары кәсіби, қызметтің функционалдық бағыттарына сәйкес;

құқық қорғау органдарында қызмет өткеруге денсаулығының жарамдылығы;

нақты қызметтер бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін міндетті білімінің, шеберлігінің және дағдыларының болуы;

прокуратура органдарында кемінде алты жыл қызмет өтілі, соның ішінде басшылық қызметте кемінде алты ай немесе тең келетін немесе келесі төмен тұрған қызметте кемінде бір жыл не құқық қорғау органдарында кемінде сегіз жыл қызмет өтілі, соның ішінде басшылық қызметте кемінде екі жыл не мемлекеттік қызметте кемінде тоғыз жыл еңбек өтілі, соның ішінде басшылық қызметте кемінде үш жыл, не осы санаттағы нақты қызметтің тиісті функционалдық бағыттары саласында кемінде он жыл жұмыс өтілі, соның ішінде басшылық қызметте кемінде төрт жыл еңбек өтілі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы рет жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде мына мекен-жай бойынша жүзеге асырылады: Астана қ., Мәнгілік ел д-ы, №14 (2-БӨП).

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар мынадай құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысанға сәйкес өтініш;

2) белгіленген нысанға сәйкес сауалнама;

3) белгіленген нысанға сәйкес (тұрғылықты тұратын мекенжайы мен телефонын, оның ішінде байланыс телефонын көрсете отырып) толтырылған кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;

4) жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптарын көрсете отырып, белгіленген нысанға сәйкес толтырылған қолмен немесе басылып жазылған толық өмірбаяны;

5) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

6) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

7) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

8) әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесiне тiркелгені туралы куәліктің көшірмесі;

9) 3х4 үлгідегі (2 дана) сурет;

10) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша мемлекеттiк кiрiс органына табыс еткенін растайтын құжаттар;

11) мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті орган берген, Қазақстан Республикасының заңнамасын және мемлекеттік тілді білуге тестілеуден өткені туралы Сертификат, сондай-ақ құқық қорғау қызметінің лауазымына кандидаттың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу нәтижесі бойынша Қорытынды; 

12) прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексеріс қорытындылары;

13) құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органы берген соттылығының жоқтығы, сот тәртібімен соңғы бір жылдың ішінде қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;

14) соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және іскерлік беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтардың берiлуi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшiрмелерi) қосымша ақпарат бере алады.

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.