You are here

Жыл басынан бері 22 221 ақтөбелік жұмыспен қамтылған

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалық етуімен облыс әкімдігінде «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасының жүзеге асырылу жайы талқыланды.

Биылғы жылы облыста жұмыссыздардың саны көбеюіне жол бермеу үшін кешенді жоспар құрылып, 19 262 адамды жұмыспен қамту шаралары қолға алынған болатын. Нәтижесінде аталған жоспар 115,4 %-ға орындалып, облыс бойынша  22 221 адам жұмыспен қамтылды.

— Елбасының берген тапсырмасына сәйкес, біз өңірдегі жұмыссыздар санының өсуіне жол бермеу үшін барлық мемлекеттік бағдарламаларды пайдалануымыз керек. Осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру үшін 10 миллиард теңге қаржы бөлінді. Осы қаржыны барынша тиімді пайдаланып, жоспарлаған нысандарды құрылысқа енгізуіміз  керек, — деді облыс әкімі.

Облыста 231 жобаны іске асыруда 1767 жұмыссыз, өзін-өзі қамтитын және аз қамтылған азаматтар жұмылдырылып, мемлекеттік және үкіметтік  «Нұрлы жол», «Бизнестің жол картасы — 2020», «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020», «Өңірлерді дамыту», «Аумақты дамыту»  бағдарламалары аясында 1458 адам еңбекке тартылды. Сондай-ақ мемлекеттік қолдаусыз 7124 адам бос жұмыс орындарына орналастырылды.

Ағымдағы жылы облыста «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасын іске асыруға 9 млрд 366 млн теңге қаржы бөлінді.

— Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша жүзеге асырылған 350 жобаға 5 миллиард 890 миллион теңге, ал екінші бағытқа 2 миллиард 510 миллион теңге қаржы бөлінді. 913 шаруа 2 миллиард 147 миллион теңге көлемінде шағын несие алып, соның нәтижесінде 770 жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ бағдарлама аясында 210 адам кәсіпкерлік бойынша қосымша білім алды. Ал «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасының үшінші бағытын жүзеге асыруға 930,3 миллион теңге бөлінді.

Сонымен қатар биыл кәсіби оқытуға 321 адам жіберілді. Оның ішінде 113-і кәсіби оқытуға барса, 208-і қайта даярлау курстарынан өтті, — деді жиында Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Отаров.

Оның айтуынша, бағдарлама аясында 288 адам қоғамдық еңбекке тартылса, 288 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 540 ақтөбелік жастар іс-тәжірибесіне жіберілген. Сонымен қатар облыста 6118 адамды жұмыспен қамту іс-шарасына жергілікті бюджеттен 764,5 миллион теңге қаржы бөлінген. Әлеуметтік жұмыс орындарына — 1376, жастар тәжірибесіне — 1369, қоғамдық жұмыстарға 7604 адам қабылданған.

Биылғы жылдың 2-тоқсанында жалпы жұмыссыздардың көрсеткіші 4,9% (ҚР бойынша – 5,0%), 15-28 жас аралығындағы жастар арасындағы жұмыссыздардың көрсеткіші — 4,0% (ҚР бойынша – 4,2%), әйелдер арасындағы жұмыссыздық 5,5%-ды (ҚР бойынша – 5,7%) құраған.

Алдағы уақытта халықты жұмыспен қамтуға бағытталған кешенді жоспар аясында жүргізілетін іс-шаралар жалғасын табады.

Сондай-ақ, бүгінгі күні еңбек нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету іс-шаралары қолға алынып, жұмысшыларын босату қаупі бар мекемелер мен ұйымдарға апта сайын мониторинг жүргізілуде. Сонымен қатар еш жерде тіркелмеген жұмыссыздар туралы мәліметтер де жинақталып жатыр.

Айта кету керек, бүгінде облыста әлеуметтік әріптестік жөнінде үш жақты комиссия мен  әлеуметтік-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ететін және еңбек дауларын ескертетін облыстық штаб жұмыс жасайды.

  «Ақтөбе ақпарат» орталығы.

http://www.aktobegazeti.kz/?p=46352

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.