You are here

Жұмыс тобы 57 мың адаммен кездесті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбеге келген 200 маманнан тұратын топ облыс тұрғындарымен кездесулер, түрлі шаралар өткізуді жалғастырып жатыр. Атап айтсақ, топ Ақтөбе қаласының, Мұғалжар, Темір, Шалқар, Хромтау және Алға аудандарының тұрғындарымен кездесті, шағын және орта бизнес обьектілерінде болды. 909 кәсіпкерге бизнесті ашу механизмдері, шағын бизнес түрлері, инфрақұрылымдарға жол, қаржылай және қаржылай емес мемлекеттік қолдаулар туралы айтылды.

Жергілікті атқарушы органдармен бірге бір мезгілде өңірдің кейбір әлеуметтік мәселелері де шешімін тауып жатыр. Жұмыстың 10 күні ішінде топ мүшелері Алға және Мұғалжар аудандарында топ 16 жұмыссызға жұмыс табуға көмектесті. Жұмыс берушілермен келіспеушілік туындауына жол бермеу мақсатында 21 ұжымның 1400-дей қызметкеріне еңбек құқықтары түсіндірілді.
Аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан 962 адаммен кездесу өтіп, оларға «Өрлеу» жобасына қатысу шарттары түсіндірілді, 47 адам көмек алды.
Тұрғындардың денсаулығы мәселесі де назардан тыс қалған жоқ.
«Денсаулық» медициналық пойызының дәрігерлері аталған аудандарда 1830 адамды тексеруден өткізді, олардың арасынан 467 адамға тиісті емдеу жүргізу үшін медициналық мекемелерге жолдама берілді. 1942 мектеп оқушысы алдын ала тексеруден өткізілді, олардың арасынан 271-і сауықтыруға жіберілді. Астана және Алматы қаласынан келген жетекші дәрігерлер 2,5 мың азаматты қабылдады, олардың 155-іне көмек көрсетілді.
Күн сайын әр түрлі аудитория алдында министрліктердің тәжірибелі басшылары, теологтар мен психологтар сөз сөйлейді. Негізінен, теологтар және дінтанушылар 11,6 мыңнан астам адамға экстремизм идеологиясының мәнін түсіндірді.
14 үлгілі имамды дайындап, мешітке 4 жаңа имамды тағайындау, 3 мешітті дінге сенушілер үшін үлгілі және ашық етіп жасау жоспарланып отыр.
Ақпараттық-насихат жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Аптасына 5 рет жергілікті телеканалдарда, әлеуметтік желілерде «ИГИЛ», «Орындалмаған армандар қайда апарады», «Жалған лаңкестік» және «Лаңкестік қаупі» атауларымен әлеуметтік бейнероликтер беріледі. Сондай-ақ, топ лаңкестік қаупі болғанда немесе актісі жасалғанда адамдарға өзін-өзі салмақты ұстау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған профилактикалық шараларды жүзеге асыруда. Жекелеген топ күштік блокты нығайту, бұл мақсатта өзара әрекет ету схемасы мен хабарландыру жүйесін тосыннан тексеру жүргізіліп жатыр. Командалық-штабтық жаттығулар, нұсқаулық және практикалық сабақтар өткізілді.
Тұтастай алғанда осы күндерде топтар барлық бағыттар бойынша мыңдаған шара ұйымдастырды, оған 57 мың адам қатысты және 1700 адамға көмек көрсетілді.

Ақтөбе облысы әкімдігі.

http://aktobenews.kz/2016/10/11/zhumys-toby-57-myn-adammen-kezdesti/

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.